Home » Жаңалықтар » Ерекше ертеңгілік өтті

Ерекше ертеңгілік өтті

8-Наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында еліміздің
түпкір-түпкіріндегі мектепке дейінгі ұйымдар ертеңгілік өткізуде, соның бірі бүгін Алматы қаласы, Алатау ауданына қарасты № 95 бөбекжай-балабақшасында өткен мерекелік іс-шара.

  
Аталмыш мерекеге осы балабақшада тәрбиеленіп жатқан 6 топтың ата-аналары қонақ болып келіпті. Мерекелік шарада «Тамшы», «Балапан», «Балдырған», «Көбелек», «Айжұлдыз» және «Қарлығаш» топтарының бүлдіршіндері өнер көрсетті. Олар біраздан бері анамыздың мерекесіне деп дайындаған өнерлерін қонақ болып келген аналарының назарларына бүгін ұсынды. Қыздар да, ұлдар да би билеп, ән салып, ойын түрінде көріністер көрсетті. Кіші топ бүлдіршіндері шамалары келгенше өз өнерлерін көпшілік назарына ұсынып жатты.

-Аналарына сый-құрметті көрсетсін деп балаларды ертеңгілікке ерте дайындаған, тәрбиешілерімен тәрбиеші көмекшілері және музыка жетекшісінің қосқан үлесі мол. Соның нәтижесі бүгін болды. Бүлдіршіндеріміз мүдірмей тақпақтарын айтты, тамаша өнер көрсетті. Біздің басты мақсат-міндетіміз де осы ғой. Олардың кішкентай нәрсе болсада үйреніп, жаттап оны жеткізе білгені ұжымдағы тәрбиешілермен тәрбиеші көмекшілері үшін үлкен жетістік. Ризамын бәріне, ата-аналарға да алғысым шексіз,- деді балабақша меңгерушісі Анар Мыңжасарова.


Мерекеде әсіресе кіші топ бүлдіршіндерінің ортаға қалықтай шығып, көбелек биін билеуі әсерлі болды. Кіп-кішкентай қыздарымыз көбелек киімін киіп, шыр көбелек айналып би биледі.
Мерекеге келген аналардың жүздері балбұл жайнап балапандарының қойылымдарын тамашалап отырды.
Олар ұл қыздарына риза болып қол соғып қошеметтеп отырды.
— Осынша баланы көпшілік алдында өнер көрсету үшін дайындау тәрбиешілерге де, тәрбиеші көмекшілеріне де, музыка жетекшісіне де оңай соқпайтыны белгілі. Соған қарамастан бүгінгі алты топтың балаларының өнерлері бірінен-бірі асып түсті. Бұл жерде әр тәрбиешінің әр балаға ерекше қадам жасай білуі, өз бойындағы ілім мен білімді бала санасына сіңіре білгендігінде дерсің.
-Іс-шара соңында ата-аналар балабақша ұжымына алғыстарын айтып, тарқасты.

«Bilim Ainasy»
Жұлдыз Елеукен
Алматы қаласы

5 комментариев

  1. Балабақшамыз өте жақсы, апайларымызда 👍🏻, музыкадан беретін апайда керемет. №95 балабақшадағы қызметкерлерге, әсіресе Гульмира Жукеновна, Ұлдықыз Жанзаковнаға, Әсел апайларымызға алғысымыз шексіз 🙏🏻😘

  2. Ақмарал (Нұрдананың анасы

    Ұжымға мың алғыс , тәрбиешілер өте мейірімдіәсіресе Гүлмира Алма апайларымыз няня апаймызда өте жақсы осы бала бақшаға баратынымызға өте қуанамын . Еңбектеріңіз еселенежана берсін

  3. Гульнур

    Біздің балабақшамыз😍қызым кішкентайынан барғаннан бастап бір күнде жыламады,қуана барамыз садигімізге,апайларына мың алғыс кішкентай топта болған Алма апайы,қазір Гульмира Жукеновна еңбектеріңіз жана берсін.

  4. Айнур Тамерлан анасы

    Ең керемет балабақша бізге унайды балаларға көп нәрсе уйретті 🙌🏻

  5. Жанбота

    Балабақшамыз өте жақсы, апайларымыздың, ұжымның барлығы жақсы, жылы жүзді, өз істеріне тиянақты, жауапкершілігі мол мамандар. Үлкен ұлым, Абылай, осы бақшада тәрбиеленіп еді, енді кіші ұлым, Алиназар да, осы бақшада тәрбиеленуде. Апайлардың барлығына алғысым шексіз. Әсіресе Айтжамал апай, Гүлнәзи няня, Самал апай, Лаура апай, Гүлмира апай, Әсел нянямыз бен Ұлдықыз апайларға көөп-көп рахмет деймін. Еңбектеріңіздің жемісін жей беріңіздер! 😘😘😘🤗🤗🤗💐💐💐

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.