Алматы қаласы Жетісу ауданы
№179 бөбекжай балабақшасы КМҚК
меңгеруші:Қожабек Жанар Әуелханқызы
Үш бақытым
Қалалық семинарға арналған Мұқағали Мақатаевтың туғанына 93-жыл толуына ұйымдастырылған «Үш бақытым» атты поэзия кеші.
Сыңғырлаған сазды әуен, әуезді әнге жазылған жалынды жыр, аязды ақпан айында туылған жыр алыбы, аты аңызға айналған-Мұқағали Мақатаев.
«Ең бірінші бақытым халқым менің»… Бүгінгі балабақшадағы таң-тәрбиешілердің орындауында «Үш бақыттым» атты әуенмен басталды. №179 балабақшамызда осыған байланысты мұзбалақ ақынның ізгі жолымен,өнегелі өміріне негізделген позэия кеші өтті. Дара жолдың ізбасарлары боламыз дейтін, келешегі кемел қалам мен қағазды жанына серік еткен – біздің Бақтыбек Мансұр мен Ермұхамед Кәусәрда бақыттың не екенін бал тілімен өлеңге қосып өрнектеді. Келесі кезекте, қатысушы қонақтарымызды «Тапқыр болсаң-тауып көр» -атты сайыс күтіп тұрды. Ел ауызында, айтылып жүрген жадымызда жатталған әуендерді еске түсіру қиын болмады. Осы тұста «Құттықтаймын, Ана», «Есіңе мені алғайсың», «Қарасаз» атты әндердің халық арасында кең тарағанын байқадық. Музыка жетекшісі Смагулова Айнур Токбаеваның сүйемелдеуімен, балабақша ұранына айналған ақын сөзіне жазылған «Сарыжайлау» әні — Дос Нәзіктің орындауында тағы бір шырқалды.
Табиғатқа жан бітіріп, таумен тасты сөйлете алатын тек ақын сияқты. Ақын-Құдайдың жер бетіне жіберген сиқырлы сөзге ие ерекше дарын иесі. Әсіресе, Мұқағали атамыздың өлеңдерін оқығанда таңғажайып теңеулерге тап боласың. Ақынды ұлықтап,өне бойына сол арқылы ізгілікпен даналықты, һәм парасатты сіңдіруге талпынатын ұрпақтың тәлімгері ретінде бүлдіршіндермен ақын өлеңін талдадық. Төленді Аян, Өтебай Айкөркем, Самат Алихан, Тұрмахамбет Бекжігіт, Байболат Дария, Бейсембек Ерасыл, Устанбекова Жарқынай атты тәлім алушыларымыз ақын өлеңдерін мәнерге салып, мағынасына терең үңіле жүрекпен оқып, бәріміздің көңілімізді бір марқайтты. Поэзия кеші жоғары деңдейде өтті. Тәрбиеші Шаумурнова Эльмира Қалымкерейқызы жүргізу шеберлігі, қолданған әдіс-тәсілдері барлық бүлдіршіндердің ана тіліне деген құрметін, сүйіспеншілігін көрсетті. Осыған байланысты кеш қонағы, ақын-жазушы Үсенбаев Болат «Тәрбиешілердің еңбегі ерекше көрініп тұр. Ақынға құрмет, оның өшпес мұрасын насихаттау, осы ұрпақтың, жарқын болашағына ашылған жол іспетті. Өркендерің өссін, балапандар!-деп батасын берді.
Аңсамаймын, Алмаймын көп өмірді!
Білемін, көп өмірден көрерімді.
Аларымды алған соң, ақысына
Беріп кетсем болғаны берерімді- деген ақын, артына мәңгілік мұрасы өлеңдерін қалдырды. Жырымен сусындап, бойымызға қанат бітірген атамыздың еңбегі ғасыр жасады. Сірә, өлсе өлер Мұқағали Мақатаев, өлтіре алмас алайда, өлеңді ешкім дегені осы болса керек.