Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы, Қазақстан Республикасы Қазақстандық шахмат Федерациясының және Қызылорда облысы әкімшілігінің қолдауымен 2019 жылдың 27 қазаны мен 3 қарашасы аралығында Ақтау қаласында мектеп жасындағы дарынды шахматшыларды айқындау және дайындау, сондай-ақ жоғарғы деңгейде насихаттау мақсатында Халықаралық шахмат турнирі өткізілді. Оған еліміздің барлық өңірлеріненсондай-ақ Ресей Федерациясының және Қырғызстан Республикасының 200-ге жуық жас шахматшы қатысты.
Командалық есепте Павлодар облысы 1-ші орынды, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ 2-орынды, Түркістан облысы 3-орынды иемденді. «Ең жас қатысушы» номинациясында Маңғыстаулық Амангелді Нұрас пен Қостанайлық Оразбай Алтынай топ жарды. . Жеңімпаздарға (команда және жекелей есепте ойнаған ойыншыларға) «Дарын» республикалық ғылыми — практикалық орталығының І,ІІ,ІІІ дәрежелі дипломдары, медальдар мен естелік сыйлықтар берілді. Бірінші орын алған Павлодар облысының командасына шахмат кубогы табысталды. Турнирдің қорытындысы бойынша қатысушылардың жас топтарының 13 — 17-ті жасқа дейінгі есептеп шығару рейтингісі Халықаралық шахмат Федерациясына (ФИДЕ) өткізілді.