Home » Мақалалар » «Ұстаз- ұлағатты есім»

«Ұстаз- ұлағатты есім»

Дайрабаева Айжан
 С.Сейфуллин атындағы №74 жалпы
білім беретін мектептің
 10-сынып оқушысы

Бұл есім кез- келген жанға беріле бермейтіні хақ. Осы уақытқа дейін қаншама қазақтың ұлы тұлғалары мұғалім атаулыны естісе алдынан кесе көлденең өтпегендіктерін де білеміз. Қазіргі таңда да ұлағатты ұстаздарды құрметтеу мен сыйлау тікелей өзімізге байланысты. Байқап қарасақ, ұстаздың алдынан өтпейтін жан жоқ е. Ұшқыш та, инженер де, тіпті бизнесмендер де үлкен табысқа жету жолында ұлағатты ұстаздан тәлім алары анық. Сондықтан д үлкен құрметке ие жандар.                                                                                                                Ал енді мен, №74 жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі  Зәкариянова Сандуғаш Зарыққанқызы жайлы өз ойым мен пікірімді білдірсем деймін. Мен бұл мектепке былтыр келген болатынмын. Ұлттық бірыңғай тест тапсыру үшін қазақ тілі мен қазақ әдебиеті пәндерін таңдадым. Сандуғаш Зарыққанқызының  алғашқы сабағы өтілген сәттен бастап- ақ,  өзімнің тәжірибелі ұстазға тап болғанымды біліп қатты қуандым. Мен таңдаған пәндердің қазақ тілі мен әдебиеті екендігін айтқанымда, маған күлімсіреп қарап, «жақсы, бірге дайындаламыз» деген кезде іштей риза болдым.Тәжірибелі мұғалімге сендім. Түрлі олимпиадалар мен конкурстардың жеңімпазы.  «Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты» деген сөздің бар. Сандуғаш Зарыққанқызының оқушыларына қаталдық танытатыны да бар . Дегенмен ұстаз болғаннан кейін қаталдық қажет деп те ойлаймын. Ұстазымыздың қатал талап қоюының  арқасында үлкен нәтижелерге жетіп жатырмыз. Үлгі тұтар ұстазымыз деп те айта аламыз. Сандуғаш Зарыққанқызы өзінің және оқушыларының үлкен белестерді бағындыру жолында мықты ұстаз екендігін дәлелдей түсуде. Жоғарыда қаталдық танытады деп айтып қалдым. Алайда, аяулы ана болғандықтан жүрегі мейірімге толы кісі деп те айта аламын. Оқушыларды өз баласындай жақсы көреді. Бұл мақтанғаным емес, расымен де солай. Өзімнің көзім жеткен. №74 мектептің оқушылары мен ұстаздарының көзқарасы оң. Сандуғаш Зарыққанқызы ортасына сыйлы, ұлағатты ұстаз әрі үлгі етуге тұрарлық жан деп ауыз толтырып айта аламын. Сандуғаш Зарыққанқызына оқушысы ретінде толағай табыстарға жете беруінізге тілектеспін дегім келеді. Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға демекші оқушыларыңызға үйретерініз таусылмағанын қалар едім.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.