Ашикова Маншук Амангельдиевна
Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ
Дарынды балаларға арналған мамандандырылған
мектеп-интернатының қазақ тілі мен
әдебиеті пәнінің мұғалімі
(қазақ тілі мен әдебиеті пәндері апталығының
ашылуы сценарийі)
Тақырыбы: «Өнерпаз болсаң арқалан…» атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының ашылу салтанаты
Мақсаты: Ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын мәңгілік есте сақтауға, дәріптеуге, қастерлеуге, құрметтеуге баулу.
Өткізілу күні: 14.10.2019ж.
Оқушылар жиынының ұзақтығы: 25-30 минут
Қатысушылар: Қазақ ұлттық өнер университеті» РММ Дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының әкімшілігі, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, оқушылар
Жүргізуші – Шаким Аруна: — Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің апталығының ашылуына хош келдіңіздер!
Әсемпаз болма әрнеге
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де – бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар қалан! – деп бізге қалдырып кеткен өнеге мұрасының иесі данышпан атамыздың 175 жылдығы таяп қалды. Осыған орай біз өзіміздің қазақ тілі және әдебиет апталығын Абай атамызға арнап ашқалы отырмыз! Абай атамыздың жарқын бейнесі, жалынды жыры бізбен бірге мәңгі жасап келеді.
Абай атамыз туралы әрбір қазақ жастары, жұрты білуі тиіс. Сондықтан Абай атамыздың өміріне шолу жасайық.
Абдулахат Мырза. Ақын өмірі мен шығармашылығы туралы тоқталады. (слайд-шолу)
Жүргізуші: Ұлы ақын, ағартушы Абай музыка саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа қалдырған.
Хор: «Көзімнің қарасы» әні
Бұланбай Сабина: 31 қара сөзі /Абай/
Жүргізуші: Табиғат – ол бізді қоршаған орта. Онсыз бізге өмір жоқ. Міне, осы табиғат көріністерін, қазақ даласындағы өмірді, тұрмыс-салтты суреттеуге Абайдың көптеген өлеңдері арналған еді.
Шахзада Бекзат: Жылдың төрт мезгілі туралы
Байсеитов Амирхан: «Күз» өлеңі
Хор: «Желсіз түнде жарық ай» әні
Жүргізуші: Абай Құнанбайұлы кейінгі ұрпаққа үлгі болатындай із қалдырды. Өзінің заманында ғана емес, қазіргі ХХІ ғасырда да, Абайды үлгі ұстаз ететін тұлғалар аз емес. Ендігі кезекте ХХІ ғасырдағы шәкіртінің атамызға арнаған өлеңін тамашалаңыздар!
Шахзада Бекзат: «Абайға арнау» өлеңімен.
Жүргізуші: Сөз кезегі Қазақ тілі мен әдебиеті пәндері мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігі жетекшісі Маншук Амангельдиевна Ашиковаға беріледі.
М.А. Ашикова: Апталықтың жоспарымен таныстырады. Апталыққа белсенді қатысуға шақырады.
р/с | Өткізілетін күні | Сынып/ курс, орны | Өткізілетін іс-шара | Жауапты |
1. | 14.10.2019 сағ.13.00 | 5-9 сын фойе | Оқушылар жиыны. Апталықтың ашылуы» | М.А.Ашикова ӘБ мүғалімдері |
2. | 15.10.2019 | кітапхана | Көрме: «Абай Құнанбайұлына – 175 жыл» | Г.И. Бержанова |
3. | 16.10.201913.15 — 13.55 | 7 «А» 201 каб | Ашық сабақ: «Қазтуған жырау» | А.Б. Тілеген |
4. | 16.10.2019 16.20 — 17.00 | 9 «Ғ» 306 каб | Ашық сабақ: «Жаһанданудың зияны мен пайдасы» | М.А. Ашикова |
5. | 17.10.2019 11.50 — 12.30 | 5 «Д» 316 каб | Ашық сабақ: «Қасқыр мен тиін» | Б.Т. Апенова |
6. | 18.10.2019 10.55 – 11.35 | 9 «В» 202 каб | Ашық сабақ: «Қазақтың халық күнтізбесі» | А.К. Шаяхметова |
7. | 18.10.201915.35 – 16.15 | 6«Ғ» 215 каб | Ашық сабақ: «Қоғалы көлдер, қом сулар» | Л.М. Балтабекова |
8. | 18.10.2019 сағ 15.00 | Үлкен зал | Салтанатты іс-шара: «Абай Құнанбайұлы шығармаларының кеш-эстафетасы» | Г.И.Бержанова ӘБ мұғалімдері |
9 | 18.10.2019 сағ 18.00 | 401 каб | Аптаның қорытындысы | ӘБ мұғалімдері |
Апталықтың ашылу салтанатынан естеліктер