Home » Мақалалар » Кітаптың пайдасы жайлы

Кітаптың пайдасы жайлы

Үмбетқалиев  Жәлміш  Рустамұлы
Орал
қаласы
Ә. Молдағұлова атындағы
№38  МЛ-нің 11-сынып оқушысы

«… Той қуалайтын емес, ой қуалайтын кезеңмен бетпе-бет келдік. Бұл дәуір—ақыл-ойдың, ғылым мен білімнің, еңбектің дәуірі! »—деген болатын өз сөзінде президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев. Елбасымыз      Н. Ә. Назарбаев та: «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман деп түйіп берген болатын. Расында, қазір адамға өмір сүру үшін материалдық құндылықтан жоғары рухани азық керек. Соны міне енді түсініп жатырмыз. Әрине, сол игілікті меңгеру үшін кітаптың бізге берері мол.
«Цивилизацияның жалпы көрінісінде әрбір халықтың орны оқыған кітаптарының санымен анықталады», —дейді француз жазушысы, ғалым      Э. Лабуле. Шынында, елдің мықтылығы дана, білімді тұлғалардың көптігімен анықталмақ.
«Адамды адам еткен—кітап, адамзат еткен—кітапхана», —деген болатын ҚР-ның халық жазушысы Ә. Кекілбаев. Өзіңді де, өзгені де тану үшін кітап керек. Анығында, адамның адам аты болу үшін ғылым-білімді игеруі қажет. Қазақтың ұлы ақыны Абайдан бастап бүкіл ағартушы, зиялыларымыз да осыны талап етеді. Бұл адамның ең ұлы мақсатына айналу керек дейді.Онсыз сен жай күніңді көріп жүрген хайуан екенсің.
Кітап оқу арқылы адамның жан дүниесі тазарады, әлемге, жанындағы адамдарға басқаша көзқараспен қарай бастайды, өмірге махаббатпен қарауды үйренеді, мәселелерді ақыл көзімен саралайды.  Сонымен қатар,  адамның шығармашылық қабілетін дамытады,креативтілікке әкеледі және ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамытады.
Үшіншіден,сөздік қор көбейеді,яғни әдеби және тағы басқа кітаптарды оқи отыра адам жаңа сөздер үйреніп,білім деңгейін көтереді.
Төртіншіден,оқу альцгеймер ауруының алдын алады екен.Кітап оқитын адамның ми белсенділігі жоғары болғандықтан,ми аурулары алдын алынады.Және адам өз миының 10%-ын ғана жұмыс істетеді десек,кітап оқымайтын адамдарда миының жұмыс істемей тұрған бөліктері кітап оқитындарда жұмыс істеп тұрады.Яғни,кітап оқитын адамдар белсенді және жан-жақты айқын ойланып,дұрыс шешім қабылдай алады деген сөз.
Бесіншіден,бойға сенімділік ұялатады.Зерттеулерге сүйенсек,кітап оқу адам бойындағы күйзелісті 68%-ға төмендетеді екен.Оқып отырған кезде кітап  адамды өзінің сан түрлі сиқырлы әлемімен баурап әкетеді.Сонымен қатар,адам басындағы шешілмей жүрген мәселелер болса,солар өзімен-өзі шешімін тауып жатады.Бұл—дәлелденген нәрсе.
Алтыншы,адамдармен дұрыс қарым-қатынас орнатуға,әдемі сөйлеуге үйретеді.Адамдарды ішкі жан дүниесіне сай айыра алатын боласыз.
Жетіншіден,кітап оқу—табыс пен жетістіктің негізі кілті.
Сегізінші,сабырлылық пен көркем мінезділік дарытады.
Тоғызыншы,сен өзіңді танып бастаған соң,жаратушыңа жақындап,тани түсесің.
Адамдардың қатары екіге бөлінеді:кітап оқитындар мен кітап оқитындарды тыңдайтындар.Неге екені өзінен-өзі белгілі,әлемді ақылды,білімділер ғана басқара алады.Ал неге бізге үнемі ұлы,дана тұлғалардың сөздері қажет болып тұрады,неге біз соларды қызыға тыңдаймыз,білмегенімізді біліп,айтқандарын есте сақтаймыз? Әлемдік ірі бай,миллионер,миллиардерлер күніне кемінде бір сағат кітап оқитыны анықталған.Расында,оқусыз күніміз—бос күн!
Елбасымыздың мына сөзі менің көкірегімде сақталып қалды:«Білім—кітапта.Қазіргі таңда балалардың көбісі компьютерде отырады.Сондықтан,болашақта кітап оқығандар компьютерде отырғандарды басқарады».
Кітаптың санына емес,сапасына қарай оқыған абзал.Оқитын кітабың сені қызықтыратын болсын және сен іздеген сұрақтың жауабын беретін болсын.Қолға түскенді оқи беруге болмайды.Егер сен жүйелі түрде кітап оқып жүрсең,келесі кітап сені      өзі-ақ тауып алады.Яғни,оқу керек кітап сені өзі тартып тұрады.
Қорытынды сөзімді М.А.Горкькийдің мына бір сөзімен аяқтағым келеді:«Кітапты сүйіңдер,ол өмірді нұрландырады».Кітап оқыңыз!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.