Home » Мақалалар » Менің атам 

Менің атам 

 Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
«№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі Отарова Галя

          Менің атам соғыс ардагері. Атам Беков Отар 1918 жылы Маңғыстауда дүниеге келген. Ашаршылық жылдары ойға қарай көшкен. Тірі қалғаны Түрікменстанның Байрамалы қаласына дейін барып, жартысы Иранға қарай өтіп кеткен, ал жартысы кейін қайтып Бесқалаға келіп орналасқан. Мектепті бітіріп Ташауз қаласындағы педагогикалық институтта оқыған. 1942 жылы Ұлы Отан соғысына аттанған. Соғыста қолынан жараланып госпитальға түскен. Емделіп тәуір болғасын соғысқа қайта аттанған.  Атам әсіресе Берлин қаласындағы жойқын соғыста жауынгерлердің асқан ерлік көрсеткендерін айтып отыратын. Соғыс аяқталып 1945 жылы маусым айында үйге оралған. Соғыстан келген соң мектепте ұстаздық қызметін жалғастырған. Ұстаздық көп жылғы еңбектен соң зейнетке шықты. Атам сабырлы, айтқан сөзін байыппен түсіндіретін. Басынан өткендерді баяндап бергенде басқа әлемге  тап болғандай тыңдайтынмын. Мен атама жақын болдым, айтқан ақыл-кеңестерін бойыма сіңіріп өстім. Мен атамды мақтан етемін. Ол үнемі ендігі жерде ұрпақтарымыздың ашаршылықты, соғысты көрмегенін тілеп отыратын. Атам 2005 жылы қараша айында Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кентінде дүниеден озды.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.