Home » Мақалалар » Қашықтықтан оқыту ұстаз бен ата-ана арасын жақындатты

Қашықтықтан оқыту ұстаз бен ата-ана арасын жақындатты

Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
«№8 жалпы білім беру орта мектебі»КММ
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі
Утеулиева Эльвира Уракбаевна 

     Эпидемиялық төтенше жағдайға байланысты 2020 жылы 6 сәуірден бастап Қазақстандағы мектептер қашықтан сабақ беру форматына көшкен болатын.  Мектеп пен мұғалім,ата-ана мен оқушы қарым -қатынасы бұл жолы шыныменде өте тығыз байланыс орнатты. Қашықтан оқыту қиыншылығынан қаймықпай өтіп, білім жүйесі жүдемей, жүйелі түрде оқылып, атқарылып келеді.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов оқыту құралы ретінде видеосабақтар, дербес онлайн жұмыс, онлайн курстар пайдаланылатынын айтқан болатын. Осы орайда төртінші тоқсан аясында мектеп оқушыларына сабақтар  «Балапан», «Ел арна» телеарналары  арқылы өткізіліп жатыр. Сабақ біреуінде қазақша, екіншісінде орыс тілінде жүргізілуде. Бұрын балалар «Балапан» арнасынан мультфильм тамашалаймын деп жүгірсе, қазір оқу іс-әрекетін  көру үшін асығады. Қашықтан оқыту аясында әрбір мұғалімнің де, ата-ананың да еңбегі ерен. Үй жағдайында ана және мұғалім қызметін қатар атқаруда. Мақсаттары бір ол — баланың білім алуын тоқтатпау, жоспар бойынша білімді толық меңгерту. Қашықтан оқыту пайдасы болмаса зияны айтарлықтай көп емес тіпті жоқ деуге де болады. Керісінше көзге түспей жүрген оқушылармен күн сайын жеке байланыс орнатылып, бұрын-соңды көрсетпеген қырларын ашуда. Ата-анасы көңіл бөлуге уақыты болмай жүрген балалар басты назарға ілікті. Сөз соңында көңілге бір ғана сөз ұялай береді. Ол — бірлік. Бірлік сөзін осы жолы жүрекпен сезінудеміз. Жүректен өлең жолдары да ойға оратылуда. Сөз соңын сонымен аяқтайын…

Біз біргеміз барша қазақ,

Білді адамзат еркіндіктің қадірін!

Білді және мұғалімнің сабырын.

Білді оқушы мектептің де керегін,

Сағынды ғой сол шақтарды жүрегім!

Түссе де басымызға сан сынақтар!

Адамзатты қашан да бірлік сақтар!

Ақыл мен сабырлы болса бәрі,

Қайта оралар еркін жүрген тәтті шақтар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.