Home » Мақалалар » «Қашықтан білім алудың қажеттілігі»

«Қашықтан білім алудың қажеттілігі»

Адамзат баласы ХХІ ғасырға аяқ басқаннан ақпараттық технология мен телекоммуникация құралдарының жедел түрде дамып,әлемде ақпараттың жыл сайын еселеніп өсуі салдарынан білім және технологияның жаңа салалары қарқынды дами бастады.Жаңа ғасыр адамзаттан оның кәсіби қызметіндегі  барлық өзгерістерді біліп,үнемі білім деңгейін жетелдіріп отыруды,кез келген саладағы  мамандарға қойылатын талаптар да өзгерді.Орта мектепте оқушылар  білімдерінің негізгі қаланатын болғандықтан, олар жан-жақты білімді болуы,әлемде болып жатқан өзгерістерден сырт қалмауы үшін, ауқымды желіге қосылу,қажетті ақпараттарды іздеп табуға дағдылануы, ақпарттарды қажеттілігіне қарай қолдана алуды үйренуі тиіс.Бүгінгі күнде әлемнің қай түкпірінде болса да ауқымды желі болған жағдайда өз бетінше білім алуға мүмкіндік беретін, ізденуді қажет ететін ерекше жүйе «Қашықтан білім алу жүйесі» мүмкін болып отыр. «Қашықтан білім алу» әр адамның өзіндік жеке қажеттілігін ұғынуына,өзіне қажетті білімді іздене отырып үйренуіне мүмкіндік береді.Оның тағы  бір ерешелігі жас ерекшелігіне қарамастан жұмыстан немесе  оқудан қол үзбей білімді жетілдіру мүмкіндік береді.

Қашықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

1.Кейс технология – оқытушы дәстүрлі  және қашықтан консультацияларды ұйымдастыру кезінде мәтіндік,аудиовизуалды және мультимедиалық оқу әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технология арналған материалдардың келесі түрлері бар:

1.Әдістемелік нұсқалар.Оқу  құралдары мен глосарий.Оқушыларға оқу жоспарындағы пәндер бойынша электрондық тасымалдаушыда CD-ROM оқу-әдістемелік материалдардың кешені беріледі.

2.Жұмыс дәптері

3.Анықтама

4.Оқу,аудио,бейне материалдары

5.Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады:туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; білім алушылардың арасында өзар байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау.Бұл оқулықтардың көмегімен виртуалды  түрде жұмыстарды ұйымдастыра отырып, және  интерактивті тапсырмаларды орындап, оқушылардың білім деңгейін анағұрлым жоғары дәрежеге көтеруге болатындығын көріп отырмыз.Келешекте ауқымды желі арқылы оқушылардың, сонымен бірге ұстаздардың ді білімдерін қашықтан білім алу арқылы жетілдіруге мүмкіндік туатынына сенімдіміз.

Маңғыстау облысы
Жаңаөзен қаласы
№11 орта мектеп информатика пәні
мұғалімі Жалгасбаева Камшат

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.