Home » Мақалалар » ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ. Ұлы Отан соғысына 75 жыл.

ЕРЛІККЕ ТАҒЗЫМ. Ұлы Отан соғысына 75 жыл.

№102 ЖББМ КММ
орыс тілі және әдебиеті мұғалімі
Омартаева Айгуль Айтбаевна

Биыл Ұлы Отан соғысы басталғанына 75 жыл толды. 1941 жылдың 22 маусымында басталып, үздіксіз 5 жылға, яғни 1 418 күнге созылған сұрапыл соғысқа Кеңес Одағы құрамындағы республикалардың азаматтарының ішінде жаужүрек қазақстандықтар да қатысты.

Сол қанды қырғын соғыста қатысқан еліміздің 500-ден астам жауынгері Кеңес Одағының Батыры атанған болатын. Елде қалған қариялар, әйел-балалар аянбай еңбек етіп, жеңістің жақындауына өздерінің үлкен үлестерін қосты. Еліміздің ауыл шаруашылығы майдан мен тылды азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізатпен жабдықтап отырды.

Бүгінде қатары сиреп қалған майдангерлерге деген құрмет ерекше. Қашанда ер есімі — ел есінде болуы қажет. «Тарихын білмеген ұлттың болашағы бұлыңғыр» дейді Елбасы Н.Ә.Назарбаев. Сондай ызғарлы заманда Отаны үшін отқа түсіп жан алысып, жан беріскен жауынгерлердің ғибратқа толы өмір жолы — жастарымызға үлгі-өнеге әрі мақтаныш. Соғыс көлеңкесі түспеген отбасы болған жоқ. Барлығымыздың ата-әжелеріміз немесе туыстарымыз Соғыста болған. Ардагерлеріміздің ел қорғаудағы ерліктерін жастар санасына, халық жадына берік ұялату мақсатында төтенше жағдай кезінде мектебіміз мерекелік іс-шараларды жаңа форматта өткізіп жатыр. Атап айтқанда Алматы қаласы Жетісу ауданы №102 жалпы білім беретін мектепте мерекелік шаралар кең ауқымда онлайн режимде және басқа платформаларда атап өтілуде. Қаһарман халқымыздың Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерліктері мен тарихи тұлғаларын еске алу, өскелең ұрпақ бойында патриоттық сезімді қалыптастыру бастамасымен мектеп оқушылары  Ұлы Отан Соғысы ардагері  Синенко Л.С. мереке қарсаңында құттықтады. Оқушылар өздерінің құрметі мен ыстық ықыластарын өлең-шумақтарымен және шағын мерекелік бағдарламаларымен жеткізді.

Осы орайда мектебіміздің 6 «В» сынып оқушысы Богуцкий Кирилл «Біз Жеңістің ұрпағымыз» атты видео байқауға қатысып, соғыс майданында қайсарлықпен шайқасқан ержүрек бабасы Чекаленко Иван Демьянович жайында ақпараттық бейне фильм түсірді.

Кирилл өз бабасының және басқа майдангерлердің ерліктерін ұлықтап, олармен мақтанатынын жеткізді. Бұл Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің ержүректілігі мен төзімділіктерінің ұрпақ санасында мәңгі қалатынының белгісі. Сол батыр әкелерімізді бұл күнде құрметтеп мадақтау артық етпейді.

Сонымен қатар мектебімізде Жеңіс күніне арналған бірінғай сынып сағаттары онлайн режимде өткізілді. Оқушылар белсенділік танытып, Жеңіс күніне арнап өлең-шумақтарын, көркем суреттерін, құттықтауларын бейне жолдаумен жеткізді.

Сынып сағаттарында айырылу азабын көрген және қатал сынақтардан өтіп, қажырлы рухани күшті көрсеткен, қиындыққа төтеп беріп жеңіске жеткен бірлігі мықты елдің тарихымен оқушылар тереңінен танысып, олардың белестері де, ерліктері ғасырлар ағымында өшпейтіні жас ұрпақ санасында қалыптасты.

«Ер есімі – ел есінде”- демекші, бізге жарқын болашақ, бақытты ғұмыр сыйлаған аталар, апалар ерлігі ешқашан ұмытылмайды. Солардың қасиетті рухы бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. Ұлы жеңіс құтты болсын, ардақты халқым менің!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.