Маңғыстау облысы
Бейнеу ауданы
Манашы орта мектебінің тарих пәні
мұғалімі Кушербаева Жанар Абдуллаевна
Ұлы отан соғысының аяқталғанына биыл тастай 75 жыл толып отыр.Сол жылдары соғыстың зардабын тартпаған отбасы болмады.Олардың ұрпақтары әлі талай жылдарға дейін, балалар әкесін, немерелер атасын, аяулы аналар, асыл жарларын, сағынышпен еске алатыны анық.Отан үшін, туған жер үшін, жандарын құрбан еткен боздақтар қаншама дейсіз?
1941 жылы 22 маусым күні фашистік Германия тұтқыйылдан Кеңестер еліне шабуыл жасап, батыс шегараны басып алғаны бәрімізге белгілі.Отанымызды, туған жерімізді қорғау мақсатында кәмелет жасқа жеткен ер-азаматтар «Бәрі майдан үшін,бәрі жеңіс үшін»- деген ұранмен соғысқа аттанды.
1418 күнге созылған бұл соғыс -адамзат тарихындағы ұлы оқиға.Оның қасіретімен қайғысы жаныңды түршіктіреді, және сарбаздардың жасаған ерліктері басыңды идіртеді.Елбасына күн туған кезеңдерде рухпен намыстың мықтылығы сыналды.Сол жылдары ерлік ұлтқа да руға да қарамады.Бәрінің арманы соғысты жеңіп аман -есен елге оралу болды.
Елде қалған боз-балалар,аналар, егде жастағы ата-әжелер соғыс үшін күн демей, түн демей тылда ерең еңбек етті.Бірі қолына күрек алып, егістікке шықса,аналарымыз соғыс майданда жүрген еразаматтарға жылы киім-кеншектер,соғысқа қажетті материалдарды үзбей жеткізіп отырды. Сол жылдардағы қиындыққа мойымай төзе білді.Олардың тек қана бір арманы соғысқа аттанған азаматтарын аман-есен оралуына тілектес еді.Дегенмен сұм соғыстың ажалы бірінің ағасынан, бірінің атасынан ал бірінің жарынан айырды.
Қаншама боздақтар келмеске кетті,көбісі жараланды дегенмен аман-есен келгендер отанына оралып құрметке ие болды.Осындай қан майданда жеңісті алып келген солдаттар,тыл ардагерлері алдында бас иеміз.Біз бүгінгі күнге жете алмаған сіздердің майдандас жолдастарыңызды құрметпен еске аламыз. Ақын Мұқағали айтпақшы:
Неменеге жетістің бала батыр,
Қариялар азайып бара жатыр,
Бірі мініп, келместің кемесіне,
Бірі күтіп, кезегін жағада тұр,
дегендей жыл сайын азайып бара жатқан соғыс ардагерлерін сағынышпен еске аламыз.Ендігі біздің міндетіміз тарихымызға есімі өшпестей алтын әріптермен жазылған ардегерлерді болашақ ұрпақтың бақыты үшін күрескенін бағалай білуміз керек.