Алматы қаласы Бостандық ауданы «№85бөбекжай-балабақшасы» басшысы Алмабекова Айнагүл Манапхановна мен әдіскер Ибрашова Гүлжанат Дәулетбаевна қолдауымен, балабақша педагогтары Боранбаева Толқын Багияновна, Сламкулова Гуля Ильясовна, Наурызбай Шырайгүл, Абай Аманай және «Қошақан» тобының тәрбиеленушілерімен бірлесіп Аудандық «Театрдың ғажайып әлемі» байқауына қатысып, «Толағай» аңыз ертегісін сомдады. Байқау қортындысы бойынша І орын иеленді.
Алматы қаласы Бостандық ауданы КМҚК «№85бөбекжай-балабақшасы»
Басшы: Алмабекова Айнагүл Манапхановна
Әдіскер: Ибрашова Гүлжанат Дәулетбаевна
Педагогтар: Боранбаева Толқын Багияновна, Сламкулова Гуля Ильясовна,
Наурызбай Шырайгүл, Абай Аманай.
Алматы қаласы Бостандық ауданы «№85бөбекжай-балабақшасы» «Қошақан» тобының тәрбиеші Боранбаева Толқын және тәрбиеленушісі Атабек Алинұр, әжесі Дюсупова Майгүл, анасы Дюсупова Нургүл ұйымдастырумен, Отбасылық құндылықты артыру, ата-аналармен достық қарым-қатынасты нығайту. Баланы отбасы дәстүрлеріне, рухани-адамгершілік құндылықтарға баулу барысында «Әжем, анам және мен» тақырыбында, іс-әрекет көрсетілді.
Балаларды үлкенді сыйлауға оларға құрмет көрсетуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Ұлттық құндылықтарды балаға толыққанды дамытудың заманауи теориялармен үйлестіруге педагог ата-анамен бірге белсенділік танытуды қолға алу мақсатында өткізілді. «Ұлттық құндылық-ел болашағы» құндылығымыз әрқашан жоғары деңгейде өркендей беруіне атсалыса берейік.
Алматы қаласы Бостандық ауданы
КМҚК «№85 бөбекжай-балабақшасы»
тәрбиеші
Боранбаева Толқын Багияновна
Балалардың бойына салт-дәстүр арқылы ұлттық құндылықты сіңіріп, тәрбие беріп жатқан балабақша ұжымына, ата-аналарға алғысымыз шексіз.
Керемет! Еңбектеріңіз жана берсін!👍👍👍🤗🤗🤗
Толқын апайымыз! Гуля апайымызға және 85балабақша ұжымына мың алғыс! Балаларымызды тәрбиелеп,оқытып жатыр! Рахмет!