Home » Мақалалар » Ұлттық құндылыққа негізделген білім беру — балабақшада

Ұлттық құндылыққа негізделген білім беру — балабақшада

Каирбекова Гаухар Тулегеновна
Астана қаласы
 №62 «Нұрсәуле» балабақшасының
 әдіскері

  «Ұлттық құндылыққа негізделген білім беру — балабақшада»

Қалалық семинар – практикум

2024 жылдың 31 қаңтарда Астана қаласының әкімдігі №62 «Нұрсәуле» балабақшасында «Ұлттық құндылыққа негізделген білім беру — балабақшада» тақырыбы бойынша қалалық семинар — практикум өткізілді.

 Семинардың мақсаты:
 Ұлттық құндылықтарды балалардың бойына сіңіру, педагогтердің  кәсіби деңгейінің шығармашылық жұмыстарын көрсету және іс-тәжірбиемен алмасу.

Семинарға қатысқандар: 1-ші Білім секторы:
№5 «Ақбота», №15 «Дарын»,      №44 «Үркер», №45 «Самұрық», №61 «Шолпан», №63 «Әсем-ай», №91 «Еңлік» балабақшаларының меңгерушілері қатысты.

Семинарды № 62 «Нұрсәуле» балабақшасының меңгерушісі Касенова Асем Зайтиновна ашып,  «Ұлттық құндылыққа негізделген білім беру — балабақшада» бейнеролигі көрсетілді. Бейнероликте әдіскер Каирбекова Гаухар Тулегеновна балабақшада бала тәрбиесінде ұлттық  құндылықтарды баланың бойына  сіңіру үшін жүргізілетін жұмыс түрлерін атап,  көрсетіп өтті.
Мектепалды «Қызғалдақ»  тобының тәрбиешісі  Карагожина Динара Каиргалиевна «Ұлттық киімдер» тақырыбында  ұйымдастырылған іс-әрекет  көрсетті.Онда қазақтың ұлттық киімдерін аттарын, неден жасалғаны туралы балалармен слайдтан көріп, балалар толық айтып тұрды. Дидактикалық ойын лулия әдісімен «Кім тапқыр?» ойынын ойната отырып суретте киімдерді сипаттап,  санап, математика негіздерінен қалын – жұқа екенін ажыратты. Қонаққа шетелден қонақтар келді. Қонақтарға киімдерді көрсетті. Балалар қонаққа әжеге барып, әже балаларға сандығынан ұлттық киімдерді таныстыра отырып таныстырды.

Жолда Алдар көсемен кездесіп балалармен «Шаңырақ» ойнын ойнап дене белсенділіктерін дамытып, бой сергітіп, алды.

Балалар шеберханаға барып, бейнелеу өнерінің жетекшісімен ұлттық нақышта қазақтың ұлтық киімін ермексаздың көмегімен матаны жапыстыра отырып,  жасап шықты.

Жасалған жұмыстар келген шет елден келген қонақтарға сыйға тартылды.

Ұйымдастырылған іс-әрекет  аяқталған соң балалар «Ұлттық киімдер әлеміне» барып, өз көздерімен киім түрлерін көріп, тамашалап, қатты қуанып, ата-аналарына көргендерін айтатын болды.

Тәрбиеші Сейтказынова Жұлдыз Байсолтановна телефонмен QR  кодтармен сканерлеу арқылы мобильді кітапханадан ақпарат алуға болады. Балалар QR  кодтармен сканерлеу арқылы қазақ ертегісі Толағайды әңгімелеп  және мақал-мәтелдерді айта білді.
Изостудия жетекшісі Ислямгалиева Раушан Койлыбаевна стринг-арт әдісін қолдану арқылы балалармен және ата-аналармен жұмыс жүргізілді.

Тақтайшаға  тізілген шегелерді жіппен орау арқылы әртүрлі заттар шықты. Сонымен қатар 3 баламен табиғи таза сазбалшықтан бастыру арқылы құс, жүрекше  жасап кружевамен өрнек салды.

№ 62 «Нұрсәуле» балабақшасының психологі Ермаганбетова Айгул Мухтаровна «Ұлттық құндылықтарды дәріптеу» педагогтермен жұмыс өткізді.

   

Келген педагогтармен жіппен өру арқылы және инелермен қолдана отырып, текемет жасады. Екінші  топта киізді кестелеу өнерін көрсетті. Рефлексия педагогтарға қажет екенін көрсетті

Семинар жоғары деңгейде өтті. Семинарда алға қойылған мақсаттарға қол жеткізілді. Күтілетін нәтиже толығымен жүзеге асырылды және ата-аналар мен балалар белсенді екенін, қуана қатысқанын көрсетті.

4 комментария

  1. Айсезім

    Тамаша👍🏻 Өте керемет ұйымдастырылған✨

  2. Тамаша!Өте керемет

  3. Анар Науаевна

    Керемет, жұмыстарыңыздың жемісін көре беріңіздер🙌

  4. Анаркуль

    Керемет! Еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
    Шығармашылық табыс тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.