Home » Мақалалар » Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына -130 жыл

Қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы Мағжан Жұмабаевтың туғанына -130 жыл

№102 ЖББМ
Қазақ тілі мен әдебиеті  пәні мұғалімі
Құтжанова Надира Булатқызы

«Мен жастарға сенемін » десе  бірден күллі алаш жұртының даңқты перзенті, күрескер тұлғалы кемеңгер ақыны – Мағжан Жұмабаев   ойға  оралады.  «Ақынның ақыны» атанған ойшыл қаламгер болашақ жайлы жиі ой қозғайтын, бар болғаны қырық бес жыл ғұмыр кешкен  данышпан ақын барлық тақырыптарда өлеңдер мен ой- толғаулар жазған аса көрнекті дауылпаз азамат екені даусыз. «Тар заман, тайғақ кешуде» ғұмыр кешкен ұлы бабамыз барлық арман- тілегін келешекке артып, болашақ жастардан ғана үміт күткен секілді.
«Арыстандай айбатты,
Жолбарыстай қайратты,
Қырандай күшті қанатты –
Мен жастарға сенемін»- деген өлең жолдарынан үлкен ғұламалықты байқаймыз. Біздің ойымызша, өлмес өлең жазып, күндер, жылдар өтсе де құндылығын жоймайтын жырларды ескерткіш етіп қалдыру нағыз ақынның бақыты болса керек.
«Жұмсақ мінез жібектер,
Сүттей таза жүректер,
Қасиетті тілектер –
Мен жастарға сенемін!».                                                                                                                   Ақ ниетті, пәк тілекті жалындаған жастар қауымы ұлтымыздың кемел келешегінің иесі екендігін әрдайым есте ұстау керектігін ескертеді. Мағжан келешек жастардың мейірім мен қайырымға бөленген тамаша мінезін, ананың ақ сүтінен нәр алған кір шалмаған таза жүрегін, жеке мүдде мен жалқы пенделіктен аулақ қасиетті тілегін армандайтынын аңғартып өтеді. Осы орайда мектебімізде  Мағжан  атамыздың 130 жылдық  мерейтойына орай көптеген  мерекелік  іс –шаралар  өткізіліп жатыр.  Мен жастарға сенемін деп  үлкен үміт артқан  ақын  атамыздың  шығармашылығына  бой жүгіртіп,  өлеңдерін жаттап өтпеске болмас.  Артына  қалдырған  таусылмас қазынасынан ғибрат алмасқа  болмас деген оймен  ақынның  мерейтойына  орай  5-8 сыныптар арасында  мәнерлеп  оқудан  оқу сайыс  ұйымдастырып, оқушыларды  ақын  өмірі мен шығармашылығымен  таныстырдым. Әр оқушының ой-қиялына ерік бере отырып, өзінше ой түюге баулып, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға дағдыландырып, оқушының дүниетанымын  кеңейтіп   ақынды жаңа қырынан тануға  тырыстық.  Ақын өлеңдерін  әр оқушы  өзінше  мәнеріне  келтіріп , тыңдарманның жүрегіне жеткізе білді.   Ақын өлеңдері арқылы  болашақ  ұрпаққа  өжет, жігерлі болуға, туған тілі – қазақ тілін сүйіп, құрметтей білуге  тағы  бір үндеу тастағандай болды.  «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл» деп Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай ,  тіл жоғалса  халықта жоғалатыны  хақ.  Елі үшін еңбек етер, мұратқа талмай жетер, балғын бала шақтан нұрлы болашаққа жарқын қадам жасайтын егеменді ел ертеңі біздер екенімізді әрқашан жадымызда сақтайық.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.