Home » Мақалалар »   АРДАҚ НАЗАРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

  АРДАҚ НАЗАРОВПЕН «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ»

№102 ЖББМ  директордың
тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары
Какимбекова Алмагул Исабекқызы

Адамның  ниеті,  ойы,  іс-әрекеті  шындыққа негізделгенде адам  өзіне  де,  өзгеге  де  адал  болады. Адал  болу  кез-      келген  адамның  өз  қолында.  Ол  біздің ішкі  жан-дүниемізден  бастау  алады.  Адамның  көңілі  таза,  пейілі кең,  адал,  шыншыл  болғанда  әділдікке  қол  жеткізеді.  Әр  адам  дүние  есігін  ашып  шыр  етіп  өмірге  келген  күннен  бастап жүрек қалауымен  ,  атаанасының  берген  тәрбиесімен,  жақсылық  жамандықты  көре  жүріп  өмір   сүре  бастайды. Дүниеде  әділдік  пен адалдықты  ту  еткен   адамнан  артық  ешкім  жоқ.            Сол себепті, өскелең жас ұрпақтың өн бойына адалдық, парасаттылық, әділдік, сенім құндылықтарын сіңіруге және жас буынның  рухани болмысын бекітіп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін қалыптастыру бүгінгі біздердің міндетіміз. Осы орайда, қаламыздың барлық мектептерінде оқу жылының басынан  соңына дейін жүйелі түрде  «Адалдық сағаты » өткізіліп келеді. Еліміздің абыройын асқақтатып жүрген ел мақтаныштары мен қоғам белсенділерін қатыстыра отырып немесе  сол  азаматтардың  өсиет, насихат сөздерін  жас ұрпақтың құлағына құйып, бойларына сіңіріп  адами құндылықтарды  үйретуді қолға алып  жұмыстар  атқарылуда.
Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы  іс –қимыл  агенттігі  кезекті  онлайн  і «Адалдық сағатын» еліміздің мақтанышы аралас жекпе-жектен әлемнің үш дүркін чемпионы, кәсіби спортшы  Ардақ Назаровпен өткізді. Бейне –дәрістің кейіпкері спорттағы өмір  1991 жылы  грек- рим  күресі секциясына келгеннен  бастаған. А. Назаров  спорт жолында  грек-рим  күресі, джиу-джитсу және панкратион  бойынша  аудандық, облыстық  және  республикалық  жарыстарда  жеңімпаз  болып,  жақсы  нәтижелерге  қол жеткізіп, көптеген  спорттық жарыстардың  тұғырында  Қазақстанның  туын көтеріп жүлдегер атанған. Сұхбат барысында  атақты  спортшы  отбасы құндылығы , бірлік және өзара  құрмет тақырыбында  ойларымен  бөлісіп,  жастарды  патриотизм  мен  парасаттылыққа  шақырды. Өз сөзінде «Парасатты адам деп кемеліне  жеткен,  ақылы толысқан, дұрыс шешім қабылдай білетін, рухани түрде дамыған  даналдықтың өнегесіне  жеткен  адамды айтамыз», -деп атап өтті. А.Назаров жастардың  кітап  оқуға  және  өзін-өзі дамытуға деген қызығушылығын  арттыру қажеттігіне  ерекше  назар  аударды. Ол  өзінің  барлық жеңістері мен  жетістіктерін  қажырлы  еңбекпен байланыстырады. Бүгінде  әлем  чемпионы- көпшілік  үшін үлгі. Әр  кездесуде  ол  жастарды алға  қойған  мақсаттарына жету  үшін  аянбай еңбек етуге,  үлкендерді құрметтеуге, Отанын сүюге  және  салауатты  өмір  салтын  ұстануға  шақырады. А. Назаровтың бейне –дәрістегі насихат  сөздерін қазақтың батыр ұлы Б.Момышұлының сөзімен  сабақтағым келеді.
«Батырдың көзқарасынша, сенім қамалы – адамдық пен адалдыққа апаратын ұлы күш іспеттес. Сенім бар жерде үміт те бар. Бұл турасында ол былай тұжырым жасайды: «Сен – ата-анаңның үмітісің. Сен қайталанбас тұлғасың, өз өміріңнің белсенді жасаушысысың, сондықтан өзіңе ғана сен». Осылайша осы ойы арқылы жастардың бойындағы сенімнің маңыздылығын, сонымен қатар өзіне әрі ата-анасының тәрбиесіне берік адам ешқашан арсыздыққа бармайтындығын меңзейді. Ұлтжандылық пен батырдың ана тілге деген құрметі ерекше назар аудартады. Ол: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды ұмыту», – деген. Бауыржан Момышұлының мұрасы ерлік пен тәртіпке, патриотизмге толы, өмір жолы ар-намыс, әділдік және адамгершілік қағидаларына негізделген» .
«Адалдық сағатынында» аталған құндылықтарды жастардың бойына сіңіру арқылы адал еңбек пен рухани адамдық қасиеттер жоғары бағаланатын, жемқорлықсыз парасатты қоғам құруға болады деп сенім білдіреміз.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.