Home » Мақалалар » Балабақшадағы денсаулық сақтау технологияларының тиімділігі

Балабақшадағы денсаулық сақтау технологияларының тиімділігі

       Мектепке дейінгі мекемеде баланың денсаулығын сақтауға және нығайтуға бағытталған алуан түрлі формалары мен тәсілдері бар. Осындай кешенді іс-шаралар жалпы «Денсаулық сақтау технологиялары» деп аталады.
Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру, қимылдық іскерліктерін жақсаруда мектепке дейінгі мекемеде денсаулық сақтау технологияларының түрлері: балабақшада оқу-тәрбие жұмыстарын заман талабына сай жүргізу, баланың денсаулығын сақтау мен нығайту мәселелерін тиімді шешу медициналық және педагогикалық қызметкерлердің бірлескен нәтижелі еңбектеріне байланысты. Осындай мәселені шешу барысында менің анықтағаным, баланың денсаулығын нығайтуда және аурудың алдын-алуда тек қана баланың қимыл белсенділіктерін көтеру өте аз, сонымен қатар шынықтыру шараларын жүйелі өткізу керек. Ол үшін мен өзім жұмыс жасап отырған мекемемде, яғни №4 «Еркемай» балабақшасында өз тәжірибемде дәстүрлі жұмыстарға дәстүрден тыс жұмыс түрлерінің жүйесін еңгізуді жөн көрдім. Мысалы, жалаң аяқ жүру табан мен буындары бекіту әдісі болып табылғандықтан барлық жаттығуларды жалаң аяқ ұйымдастырған өте ұтымды болады. Ертеңгілік жаттығуда әртүрлі формаларды қолдану: тыныс алу жаттығулары, жалпақ табандылықтың алдын-алу жаттығулары, сымбатты түзету жаттығулары, созылуға арналған жаттығулары, таңертеңгі жаттығудан кейін тыныс алу өте тиімді. Осыған орай мен дене шынықтыру сабақтарында дәстүрден тыс құрал-жабдықтарды қолданамын. Балаларға өте жеіңл, қызықты, әрі ұнайды. Баланың дені сау, салмақты, дене дамуы мықты, тәбеті жақсы, ұйқысы толыққанды болып өсуі үшін осындай технологияларды қолдану қажет. Бұл балаға балалық шақтан бастап ағзасын кез –келген ауруға қарсы тұруына маңызды деп білемін.

Көкшетау қаласы,
№4 «Еркемай» балабақшасының
дене шынықтыру нұсқаушысы:
Оразов Зарлық Қанатұлы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.