Home » Айтарым бар » Бала тілі – бал

Бала тілі – бал

Умирзакова Бибайша Курашовна
 Қарағанды облысы   Жаңаарқа  ауданы
«Ынтымақ жалпы орта  мектебі» КММ
шағын орталық  тәрбиешісі

Мақсаты: Балалардың танымдық, ойлау  қабілеттерін дамыту, қызығушылықтарын  арттыру.  Еркін сөйлеуге дағдыландыру, сөздік қорын байыту, көшбасшылық қабілетін ояту. Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа үйрету, ұтымды жауап таба білуге тәрбиелеу.
Әдісі: сұрақ-жауап, топтық жұмыс.
Көрнекілігі:  аудио, слайд, таратпалы материалдар.
Адам меңгермейтін білім бар ма?
Жойқын  күшті тындырыр күшің барда
Оқы, үйрен  жас ұрпақ бәрін меңгер
Алға қойған мақсатың  ісің барда!
Армысыздар, бұл «Бала тілі — бал» интелектуалдық сайысы. Олай болса сайысымызды бастамас бұрын, топтармен таныс болайық.
Бегімай: менің атым – Бегімай. Мен «Болашақ» тобының топ басшысымын.
«Болашақ» тобының ұраны:
 Болашақ тобы алға, Биіктерге самға!
Ақниет: менің атым – Ақниет. Мен «Достық» тобының топ басшысымын.
«Достық» тобының ұраны:
Достығымыз барда, Жүреміз тек алда!
Жарайсыңдар балалар, керемет!
Әр бөлімнің шартымен ойын барысында  таныстырып отырамын.
Балалар, сұрақтарға тез және нақты жауап беру керек. Берілген сұрақтарға жауапты білсеңдер алдарыңдағы сылдырмақты сылдырлатасыңдар. Сылдырмақ сылдырламаса жауап қабылданбайды. Жауап бере алмаса келесі бала жауап беруге болады.
Ал енді балалар, сайысымызды бастасмас бұрын оның кезеңдерімен таныс  болайық.
1-бөлім. «Ширату» сұрақтарға тез жауап беру керек.
2-бөлім. «Ойлан тап».
3-бөлім. «Ұшқыр ой».
4-бөлім. «Ертегілер елінде».
5-бөлім. «Жеті жұрттың тілін біл» жұмбақ шешу, үш тілде атау.
6-бөлім. «Байқап көр».
Ал енді  сайысымызды бастаймыз.
1-бөлім. «Ширату»сұрақтарға тез жауап беру керек
1.Не ұшады?                   2.Не жүзеді?
1.Кеме                                 1.Ұшақ
2.Қарға                               2.мысық
3.Машина                           3.қайық
3.Доп қай  геометриялық пішінге ұқсайды?
1.үшбұрыш   2.шаршы   3.шеңбер
4.ҚР  туының түсі қандай?
1.көк    2.қызыл    3.сары
2-бөлім. «Ойлан тап».
1.Бағдаршамның көздерін ата (қызыл, сары, жасыл).
Алма, алмұрт, жүзім, өрік бұлар нелер, қалай аталады? (жемістер).
Күз мезгілінде неше ай бар? (Үш ай бар, қыркүйек, қазан, қараша).
Аяз ата қай мерекеде келеді? (жаңа жылда).
Төрт-түлік малды ата? (сиыр, қой, ешкі, жылқы)
Қызылша, картоп, пияз, қызанақ, сәбіз қалай аталады? (көкөніс).
3-бөлім. «Ұшқыр ой»  (геометриялық пішіндерден бейне құрастыру).
4-бөлім. «Ертегілер елінде» үзінді тыңдау, қай ертегі екенін атау.
5-бөлім. «Жеті жұрттың тілін біл» жұмбақ шешу,үш тілде атау
Қыс бойы жатады, тәтті ұйқыға батады (аю-медведь-bear)
Жұдырықтай қызыл шар, тілді үйірген шырын бал (алма-яблока-apple).
Жеті қазынаның бірі — адамды күзетіп жүретін досы (ит-собака-dog).
6-бөлім. «Байқап көр». Жыл мезгілдеріне байланысты табиғат құбылыстарын дұрыс орналастыр.
Жарайсыңдар балалар!
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар екенсіңдер.
Доспен әркез көңілді, Жақсы  досты  таппайды
Адал болсаң достарға, Сонда досың қаптайды!
Бүгінгі «Бала  тілі — бал» интеллектуалдық ойынында достық  жеңді дегім келеді.
Мықты болсаң — алдағыны басып оз, Мықты болсаң –арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң бөгеттерді бұзып өт — деп интеллектуалдық   сайысымызды аяқтаймыз.
Марапаттау рәсімі.

 

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.