Бегасилова Гаухар Достаевна
Түркістан облысы Сайрам ауданы
№ 68 Сырым Датұлы атындағы жалпы орта мектебі
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
А.Байтұрсынұлы шығармаларының ізгі қасиеттерін оқушы бойына қалыптастырудың әдіс — тәсілдері
Кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық бағытты ілгерілетуші, қазақ баласының білім баспалдағының негізін қалаған талант иесі А.Байтұрсынұлының оқу-ағарту саласындағы орны бір бөлек. Алғаш ана тілі оқулығын жазып, араб жазуын қазақ тіліне икемдеген нұсқасын қазақ жұртшылығы, әсіресе мұғалімдер қауымы еш талассыз қабылдай білді. Себебі Ахмет реформасы қазақ тілінің табиғатына негізделіп, ғылыми негізде жазылып, жаңа алфавит негізінде жаңа жазу іс жүзінде қолданыла бастады. Қазіргі таңда А.Байтұрсынұлы шығармалары барлық білім беру ұйымдарында кеңінен насихатталып, ондағы ізгі қасиеттер мен ізгі істерді оқушы бойына сіңіртуде түрлі әдіс-тәсілдер қолданылып келеді. Бұл ұстаздық шеберлікті қажет ететін ауқымды жұмыс. Себебі: Ахмет салған ізгі жол ізденуді талап ететін дара жол. Олай дейтініміз, терең білім – саналы тәрбие мен жақсы қасиеттер арқылы қалыптасады. Осы орайда қазаз тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі ретінде өзімнің іс-тәжірибемде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдерді келтіре отырып, авторлық бағдарламама шолу жасағанды жөн көрдім. Заман талабына сай оқушыға берілетін білім сапасы да өзгеріп келеді. Яғни, оқушыны жалықтырмайтын қысқа да нұсқа мысалдар көптеп қолданылып қолданылуда. Басым бағыт теориядан бөлек практикаға негізделеді. Негізгі мақсат – А.Байтұрсыновты тану арқылы қарапайым және парасатты ұрпақты қалыптастыру. Әсіресе, Ахмет шығармаларында кездесетін кейіпкерлердің образдарын талқылай отырып, қарапайымдылықты сақтап, адам тану. Мысалы: арнайы схемалар арқылы жағымды және жағымсыз кейіпкерді ажырату. А.Байтұрсынұлының аудармашылық қызметіне тоқтала отырып, INSERT әдісі бойынша кесте толтыру. М: Білемін, білгім келеді, үйрендім. Сонымен қатар, «Ұлттық жазудың реформаторы» тақырыбында эссе жазу және эссе жазу барысында қатаң сақталуы тиіс талаптарға мән беру. Одан бөлек, ағартушылық бағыты бойынша тұжырымдар мен дәлелдер келтіру. Қара сөз бен дарынды сөз жүйесі тақырыбы бойынша: Мен үшін құнды, Мен үшін қызық, Мен үшін қиын деген тақырыптар аясында өз ойын жазбаша білдіру. Сондай-ақ, жаңа сөздерді қолдану арқылы өмірмен байланыстыра отырып, өз ойларын жеткізу. Ақынның «Тіл құралы» атты еңбегіне суреттер мен символдарды пайдалана отырып, жарнама жасау. М: тауардың сипаттамасы, артықшылығы, тұтыну пайдасы және қалай қолданылу керектігін көрсету. Түрлі әдістерді меңгерту барысында оқушы ойымен санасу басты әдістердің бірі. Өз ойын ортаға салу арқылы қоғамға өз үлесін қосуға бейімдеу. Бұл Ахметті тану арқылы өзін тану болып табылады. Білім саласы ағартушылық сала болғандықтан, кез-келген жетістік пен жеңіс үздіксіз ізденуді және еңбектенуді көздейтін терең сала. Кілті болса, ашылмайтын білім жоқ, үйрете алатын ұстаз болса, үйренбейтін бала жоқ демекші, Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын дәріптейтін білікті ұстаздар мен білімді ұрпақтар көп болсын дегім келеді!