Home » Мақалалар » Мәтінді талдауда графикалық органайзерді тиімді қолдану

Мәтінді талдауда графикалық органайзерді тиімді қолдану

Аманова Гүлхан Сабырханқызы,
 «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы
Жамбыл облысы
бойынша ПҚ БАИ тренері

Сабақ үстінде оқушының жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік жасау, сабақтың тақырыбына сай нақты міндет қою- мұғалімнің шеберлігі. Өйткені оқушыларды терең әрі жүйелі біліммен қаруландыру, олардың шығармашылық қабілетін, қызығушылық талғамын дамыту, өз бетінше білім алуына дағдыландыру сияқты жұмыстар сабақ барысында қалыптасады. Бұл әрбір мұғалімге ой салып, жаңаша жұмыс істеуге, жаңа ізденістерге жетелейді. Әрбір мұғалімнің негізгі алға қойған міндеті- оқушылардың ой-өрісін кеңейту, жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.

Мәтінді оқып, оны өз бетінше меңгеруі әдіс- тәсілдердің тиімділігіне байланысты. Орыс мектебінде оқытылатын қазақ тілі пәнінің мақсаты- оқушыларға қазақ тілін меңгерту, ойлау қабілеті мен сауаттылығын арттыру, қазақ тілінде сөйлеп, жаза білетін дәрежеге жеткізу, ұлттық құндылықтарды қалыптастыру.

Графикалық органайзер – бұл идеялар мен ойды графика түрінде ұсыну. Визуалдар, яғни ақпаратты визуалды жақсы есте сақтайтын адамдарға ақпаратты ажырату үшін өте пайдалы. Графикалық органайзерді келесі мақсаттарға пайдалануға болады:

— Сіздің не білетініңізді көрсету;

— ақпаратты ұйымдастыру;

— пайымдауды көрсету;

— ақпаратты жеткізу.

Мысалы, тәжірибеден бөлісейін,  топтық жұмыс. Ақпаратты сүзу әдісі. Мәтінді оқып, тірек сөздерді анықтайды. Ең маңызды сөздерді «тұғырыққа» орналастыру қажет, ал маңызы азырақ сөздер құбырда сүзіліп қалуы тиіс.

Себеп-салдарлық диаграмма («Балық қаңқасы»). «Фишбоун» әдісі. Оқушыларға балық қаңқасын ұсынып, проблеманы анықтау, себептерін табу, дәлелдеу, қорытынды жасауды тапсырады. Оқушылар балық қаңқасына қара сөзден проблеманы, себептерін анықтап, дәлелдерін келтіреді, қорытынды жасайды. Проблема, себептері дәлелдер, қорытынды.

Келесі бір әдісіміз «Ромбтық» жіктелім. Ең маңызды элемент, маңызды элемент, жеткілікті түрде маңызды элемент, маңызы азырақ элемент, ең бір маңызы аз элементті айырып, талқылай білу. Кедергіге қарсы басқару. Сенімділік межелігі. Пайымдауды көрсету арқылы шындық, жалғандығын және сенімді, сенімсіздігін айыра білу. «Фраер» әдісі — жаңа сөздер мен ұғымдарды тез арада игеріп, ұзақ мерзімде есте сақтауға көмектесетін әдіс-тәсіл. Жаңа сөздер мен ұғымдарды «Фраер» моделіне салып, талқылайды. Бұл әдіс-тәсілде оқушылардың барлық қабылдау ерекшеліктері ескеріледі. Мысалы, сыныппен жұмыс. «Таңда да таста» әдісінде кіріспе және бекіту сұрағы болуы мүмкін. Сыныптың төрт бұрышына тұрып бір-біріне сұрақ жазылған қағазды лақтырады. «Тоқта»-дегенде тоқтап, жақын жатқан қағазды алып оқиды. Жазылған әрбір ойға келісітінін немесе келіспейтінін айтып, сыныпта талқылайды. Белсенділік. Бүгінгі сабаққа қатысты берілген сөздегі әріптерден көбірек сөз құрастыруға тырысу керек.( Өте жақсы: 10 және одан да көп, Жақсы: 8 және одан да көп, Жаман емес: 6 және одан да көп.)

Сабақ өткізу, оқыту барысында өткізілетін ең негізгі  жұмыс түрлерінің бірі — сабақта мәтінмен жұмысты ұтымды үйымдастыру. Көбінесе мәтіннен оқушылар алғашқы ақпаратты ғана алып жүр. Тиімдісі қосымша материалмен танысуы. Бірақ та оқушылар оқу үшін қосымша материалдардың болмауынан, мұндай мүмкіндікке қолдары жетпей қалуы мүмкін. Ол үшін өз тәжірибемде оқушыларға бір нәрсені оқуға берердің алдында оқылған мәтін негізінде құрылған жаттығуларды орындауды тапсырамын. Мысалы, өз бетімен оқу, жұптаса оқу, топта немесе сынып бойынша төменде берілген сұрақты талдау.

Сұрақ қойғанда жабық сұрақтардан гөрі ашық сұрақтардың қойылғаны тиімді. Тапсырманы орындау кезінде Сіз үшін не кедергі болды? Сіз тапсырманы орындау барысында өзіңіз қолданған әдістен нені өзгертер едіңіз?Сіздің тапсырманы орындауыңызға не көмектесті? Сұраққа жауап арқылы оқушы алған білімін қорытындылайды.

Мәтінді оқудың да өзіндік ерекшелігі бар мысалы, дауыстап оқу — оқушының сөйлеу элементтерін меңгергендерін байқауға болады, тағы да бір тиімділігі оқушылар бірінің қатесін бірі естіп түзетіп отырады, ал, іштей оқу — бұл жұмыстың мақсаты оқушылардың шапшаң оқу дәрежесін анықтау.

Көркем   мәтінді талдай білу арқылы нақты, дәлелді сөйлеуге дағдыланады, сөз құдіреті мен қасиетін ұғынады.  Сол себептен, ең алдымен көркем тілмен сөйлеуге талаптандыру керек.  Әр сөйлемнің негізінде нақты ой, сол ойды анық,  айқын кестелейтін сөз оралымдары болу керек.  Күнделікті пайдаланатын тілді жақсы меңгерген баланы оны кестелеп, әдемілеп қолдануға дағдыландыру керек. Мағынасыз сөздер, шұбалаңқы сөйлемдер, айтатын ойын нақтылап беруге шорқақтық көркемдеп сөйлеуге зиянын тигізеді.  Мысалы, мәтінді  қарап шығып, таныс емес сөздер мен сөз тіркестерін табу сұралады. Содан соң сол сөздердің мәнін көршісінен сұрасын. Әлі де анықталмаса сынып бойынша талқылауға болады. Егер де сынып болып бұл сөздерді білмесе, онда мұғалім көмекке келеді. Бұл  INSERT әдісімен іске асырылғаны.

Мәтінді оқып, төмендегідей белгілермен белгі қойып отырады.

«V» — бұл маған белгілі;

«+» — бұл мен үшін жаңа;

«?» — түсінбедім;

«!»- өте қызықты, ол туралы сыныптастармен әңгімелесуім керек.

Мазмұнына қарау: мәтінде қарастырылған бөлімнің негізгі идеясы қандай, нені білгенін айтады. Олар мәтіндегі негізгі тірек сөзден бастайды. Тәжірибе барысында «Мені түсін» оқыта үйрету ойыны пайдалы болды. 10 шақты тірек сөзді айтады. Одан кейін мұғалім өзі дайындаған түйінді сөздерімен салыстырады. Кімнің осы түпнұсқамен сәйкес келетін сөздері көп болса, сол жеңеді.

Миға шабуыл: оқушылардың қиын бөлімді түсінулері үшін, мәтінді оқудың алдында миға шабуыл жасап алған тиімді. Сұрақ: «Бұл бөлім не туралы деп ойлайсыңдар?» Осылайша оқушылар бір – бірімен сөздік қорларымен және білетін мәліметтермен ой алмасады.

Сұрақ қою: өз көзқарастарымен сұрақ құрастырып, оған ойланып жауап нұсқаларын ұсынады. Жауаптарын тексеру үшін қайтадан миға шабуыл жүргізуге болады. Сұрақтарды Блум таксономиясына салу.

Оқығанды айту: бөлімді сынып алдында дауыстап оқу, тоқтап мазмұнын және мәтіннің мәнін талдау.

Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Жалпы жұптық, топтық жұмыстар – оқушының белсенділігін, пәнге құштарлығын, сыни ойлау қабілетін және ізденімпаздығын арттырады, «жасырынып» жатқан қабілеттерін ашуға көмектеседі, өзіне деген сенімділігін нығайтады. Оқушы негізгі ұғымдарды еске сақтап білім сапасы жақсара түседі, өз сыныптастарымен диалогқа қатысып бір-біріне қолдау көрсетеді, топта жұмыс жасай білуге дағдыланады, басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік алады. Мұғалім сабақ барысында топтар арасындағы талқылауды, олардың қаншалықты жұмыс жасағандығын бақылау арқылы балалардың пікірлеріне қолдау көрсетіп, әділ бағалауы керек. Қорыта келе, сабақтың түріне және кезеңіне байланысты жеке, жұптық жұмыс немесе топтық жұмыстарды түрлендіре отырып оқушыларды жалықтырмай тиімді пайдалану – мұғалімнің шеберлігіне байланысты.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.