Home » Мақалалар » Мен жауынгер атаммен мақтанамын!

Мен жауынгер атаммен мақтанамын!

Маңғыстау облысы.
Мұнайлы ауданы
«№6жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Бастауыш сынып мұғалімі
педагог-сарапшы
Хнабаева Нүрқия Алламбергеновна


     Міне, Ұлы Жеңістің 75жылдық мерей тойы да келіп жетті. Қандай керемет! Біз бейбіт күннің ұрпағымыз. Біз қалаған мамандығымызды оқып,тіпті, шетел асып білім жетілдіреміз десек те мүмкіндіктер қаншама?! Не ішем,не жеймін дейтін заман емес.Бәрі бар.Ал осының бәрінде жас ұрпақ біліп жүрміз бе?» Сұрапыл соғысқа,қан майданға Елім үшін деп,болашақ ұрпақ үшін деп аттанған біздің аталарымыз бен әкелеріміз,апаларымыз бен әпкелеріміздің ерлігінің арқасында біз еш қиындықсыз өмір сүрудеміз. Сол ерен ерлердің арасында менің де атам болған еді. Ұлы Отан соғысына қатысқан әрбір жанға біз мәңгілік қарыздармыз.
Жеңіс күні –біздің отбасымыз үшін ерекше мереке! Әкем маған атам туралы қызықты әңгімелер мен оқиғаларды көп айтатын. Өкінішке орай мен атамды көрмедім.Әкемнің айтуынша  атам сұңғақ бойлы, жауырынды, алып денелі, қайратты, салмақты адам болған. Атамның мінезі ашық жарқын, бала жанды әрі мейірімді, еңбекқор. Ол  Жаңайбайұлы Қынабай 1917 жылы Маңғыстау өңірінде дүниеге келген.
1920-1930 жылдары Маңғыстау жерінде жаппай ашаршылық жайлаған. Сол жылдары  Туркменістан республикасының Ташауз облысындағы Көнеүргенш қаласына қоныс аударады.
1941 жылы 24 жасында  әскер қатарына алынған. 1941 жылдың шілде айында Чарджоу қаласында 6 ай оқуда(учебка) болады. Оқуды аяқтап Сержант атағын алады. Ол «Украинский фронт, 27 армия 1(СССР) 38 сд. 343полкке жіберіліп,Ұлы Отан соғысына қатысады.
Ол «Орден Отечественной войны ІІ степени», тағы басқа да ордендермен марапатталады.
Әкем көзі тірісінде атамның отты жылдарының естелігінен былайша баяндап берген еді. Бірде атамның взводы Сталинград бағытына жіберіледі. 1944 жылдың ақпан айында Сталинград қаласындағы майданда 2-3 күн,түн тоқтаусыз өте үлкен соғыс болған. Таң ата тыныштық орнаған кезде атамыз есін жиып қараса,айналасының барлығы өлген солдаттар, анадайда ат арбамен медбикелер тірі қалған, жарақаттанған солдаттарды арбаға тиеп жүргенін көріп,айқайлап атамыз медбикелерді өзіне қаратады. Сол үлкен шайқастан аяғынан  ауыр жарақат алады.Бір аяғын кесіп алып тастайды. 3-4 ай госпитальда ем алып жатады.  1944 жылы жаз мезгілінде ауылға аман-есен оралады. Соғыс кезінде ,соғыстан кейінде елдің жағдайы тым ауыр болған.Осының бәрі жауынгерлерге оңай тиген жоқ.От пен оқтың ортасынан аман келген солдаттар отбасын асырау үшін еңбекке араласты. Атамыз да әр салада еңбек еткен. Етік тігетін етікші болған. Одан кейін базарда азық –түлік сататын дүкені ашқан.
Атам тек соғыс ардагері  емес, ауылға батылдығымен де танылған. Оның батырлығын әкем,әкемнің інісі Құрбанбай ағам және мектепте оқушы күнімде Есен Қойланов деген қазақ тілі мен әдебиеттен сабақ беретін ағайымда айтатын.Сол батылдығынанда қысқаша баяндайын. 1953 жылдары болған оқиға .Базарда дүкенінде сатушы болып тұрады. Сол кезде базарға ФЗО дан қашып келген жас бұзақылар (Дектомда өскен орыс балалары) базардың ішін тонап астан-кестенін шығарып,адамдарын ұрып соғады. Ал атам болса қолындағы таяғымен жақындағанын ұрып, бір аяғының астына 5-6 бұзақыны ұстап отырған.Сосын әскерлер мен милициялар келіп, барлық бұзақыларды ұстап алып кетеді.Атамызды ауыл райкомдары мақтау қағазбен марапаттаған. Қынабай атам ауыл тұрғындарының зор ілтипатына бөленіп,алғысқа толы қуанышты күндерін өткізген.
1945 жылы Талбибі әжеммен шаңырақ көтеріп,бала-шағалы болады.10 бала тәрбиелейді. Немересінің алдын көріп,1971 жылы қазан айының 6 жұлдызында 54-жасында өмірден озады.
10 перзентінен тараған немере,шөбере,шөбшектері де мәңгі атамыздың ерлігі мен батылдығын  мақтан тұтып жүреміз.Мен өзімнің осындай ержүрек,жауынгер,батыл ,еңбекқор атаммен мақтанамын.Барша Қазақстан елін Ұлы Жеңістің 75 жылдық мерей тойымен құттықтаймын.
Еліміз аман ,жұртымыз тыныш болсын.Барлық Ұлы Отан соғысына қатысқан  ардагер ата-бабаларыма, апа-әжелеріме басымды иіп, үлкен рахмет айтамын.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.