Маңғыстау облысы
Мұнайлы ауданы
Бесшоқы тұрғын үй массиві
«№8 жалпы білім беру орта
мектебі »КММ
Көркем еңбек пәні мұғалімі
Мырзабаева Гулназ Нуримкуловна
Білім берудің алдына шығу қағидалары.
Бұл оқытудың қағидасы өткен ұрпақтан қалып жинақталған
ғылыми және мәдени мұраларын кейінгі буындарға жеткізу ғана
емес, сонымен қатар, қазіргі ұрпақтың өзгеріп отыратын
заманға тез бейімделіп, оның сана –сезімі мен дүниетанымын
қалыптастыруға көмек жасау болады.
Қашықтықтан оқыту – компьютерлік және телекоммуникациялық
технологияларға негізделген оқытудың құралдары мен түрлері,
білім беру үрдісінде үздік дәстүрлі және инновациялық әдістер
қолданылатын, күндізгі және сырттай білім алу ретінде білімді
қабылдау түрі болып табылады
Педагог рөлі де маңызды. Ол қашықтықтан оқыту қағидаларын білуі керек:
1.интерактивтілік, 2.Бейімділік, 3.Ізгілік, 4.модульдік.
Ерекше маңыздысы:
оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды пайдалану.
Іскерлік пен шығармашылық өте маңызды. Инновациялық жетілу керек.
Мұғалімнің міндетіне тоқталсам, білім алушының өз бетінше
жұмысын басқару болып табылады.
Жаңа ақпараттық технологияларды қолданудағы маңызды күш — адам.
Адамның шығармашылығын арттыру маңызды мәселе.
Бір сөзбен айтқанда, бізді сауатты өмірге жетелеуде, оқытуды
басқаратын — мұғалім. Өз бетімен білім алатын — оқушы.
Mektep.edu.kz электронды журналы жұмыс жасауда.
Мұғалім өз бетшесіне кіріп, сол күнгі сабақ материалын салады.
Оқушы тапсырмаларды орындап, желіге жүктейді.
Оқытушы тексеріп,өз пікірін қалдырады.
Осы технология бойынша оқытуды ұйымдастырып,
бүкіләлемдік желі көмегімен барлық компьютерлерді
бір желіге біріктіріп сабақ өтуші тұлғаны тьютор деп атаймыз.
Қашықтықтан оқыту курсы осыған бағытталған.
Қашықтықтанн оқытуды екі негізгі бөлікке бөлуге болады:
техникалық және дидактикалық.
Оның құралы болып телекоммуникациялар,
аудио және видео жазбалар, жергілікті және
ауқымды компьютерлік желілер.
Ұйымдасқан – дидактикалық құрылымда қашықтықтан оқыту
оқытудың негізгі компоненті болып табылады,
Мұғалімнің коммуникативті дамуы: оқушыларды тыңдау,
олардың көзқарасын түсіне білу, сын жасай білу,
әңгіме, ұйымдастыра білу керек.
Әрбір мұғалімнің бойында шартты рефлекциялық қасиеттер
қалыптасуы керек: балаларды оқытуды өзінің тәсілін
жұмысында қолданып, қиын жағдайларда шешімін тауып, шыға білу керек.
Қазіргі заманда білім жүйесінің заман талабына,сай
уақыттың сұранысына қарай ғарыштап дамуы, әрбір
педагогтан сабақты ғылыми жобада жасауын талап етеді.
Сабақты ғылыми жобада жасай білген мұғалім оқушы жүрегіне
жол тауып, оның сабаққа деген қызығушылығын арттырып,
мұғалім мен оқушы арасында түсінушілік пайда болады
Қашықтықтан оқыту бұл мұғалімнің біліктілігін көтереді,
оқушының өз бетімен білім алуын қалыптастырады,
ата-аналардың жаңа технологияға деген көзқарасын өзгертеді
Бұл ретте ұлағатты ұстаздарымызға алғысымды білдіргім келеді!
Қиын кезеңге қарамастан, көптеген мұғалімдер жағдайға бейімделіп,
өз міндетін лайықты атқаруды жалғастыруда
Еліміз мұндай кәсіби деңгейдегі мамандарымен мақтана алады.
Қорыта айтқанда қашықтан оқытудың пайдасы мен зияны бірдей деуге болады.
Република аумағында карантиндік шектеулердің жалғасуына байланысты
әлі де қашықтықтан оқу жүйесін пайдалануға мәжбүрміз.
Бұл әрине уақытша жағдай. Халқымыз шыдамдылық танытып, оқшаулану
шараларын аясындағы шектеулерді толық орындаса ауыр дертті
жеңіп шығатынымызға кәміл сенемін. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!