МӨЛДІР ЕЛЕУСІЗОВА
Оқу жылының аяқталуына да санаулы апталар қалды. Нұр-Сұлтан қаласы физика- математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің биылғы 141 түлегі болашаққа бастар жолдарын анықтап, қызығушылықтары бойынша келешектегі кәсібін, мамандығын таңдады.
Мектеп бітірушілердің көбі жоғары оқу орындарының білім гранттарына ие болып, оқуға шақырулар алуда: 9 түлек Назарбаев Университетінің бірінші курсына оқуға түссе, бірқатар мектеп бітіруші жастар әлемнің үздік оқу орындарынан АҚШ, Испания, Италия, Гонконгтан шақырулар алды.
12 -сыныптың оқушысы Елеусизова Мөлдір АҚШ- тың Брандейс Университетінің толық грантына ие болды. Брандейс Университеті – әлемдегі топ-50 енген, жаратылыстану ғылымдары саласындағы жоғары сапалы зерттеулері бойынша 5 орынға ие үздік білім ошағы.
Университеттің ашылғанына көп бола қоймаса да, Брандейстік профессорлар Физиология мен Медицина саласында Нобель сыйлығын алып, жоғары оқу орнының атағын асқақтатып үлгерген.
Сондай-ақ Мөлдірге АҚШ-тың Suffolk University, St. John’s College сынды университеттері, Испания университеті, Назарбаев Университеті оқу грантын ұсынып, өз студенттерінің қатарынан көргісі келетінін жеткізген.
Мектебіміздің түлегі болашақ мамандығын физика және экономикамен байланыстыруды жоспарлап отыр.
Мөлдір – ғылыми байқаулар мен олимпиадаларға қатысқан ізденімпаз жас. Ол республикалық AIFC Finance Olympiad қаржы олимпиадасының қола жүлдегері, экономикадан өткен халықаралық IEO-2019 Saint-Petersburg олимпиадасына қатысушы. Мөлдірдің ғылыми жобасы ХIII халықаралық «Ғылым және Білім – 2018» ғылыми конференциясында бірінші орынға ие болған. Физика, математика, экономика, география ғылымдарына қызығушылық танытатын талапты жас зерттеу жұмыстарымен қатар спортпен — киокушинкай каратэ мен волейболмен әуестенуге де уақыт табады.
Көп қырлы түлек жарты жылдың ішінде испан тілін меңгеруді қолға алып, Intermediate деңгейіне дейін жеткізді. Сонымен қатар Мөлдір SAT және IELTS халықаралық емтихандарын бірден жақсы нәтижелермен тапсырды.
«Болашақ мамандығың туралы ертерек, 8-9 сыныптарда ойланған жөн. Әрине, білім негіздерін мектепте аласың, ал алған біліміңді шыңдап, тереңдету әркімнің өз қолында. Менің таңдаған жоғары оқу орнына түсуіме зерттеу жобаларым мен олимпиадаларда алған мадақтамаларым көмектесті. Дегенмен, құжаттарды тапсырғанда жазған мотивациялық хаттың да басты факторлардың қатарында болғанын айта кету керек. Хатта мен каратэге деген құштарлығымды мамандығыммен, пәнмен байланыстырдым. Өйткені, мотивациалық эссе студенттің білімдегі жетістіктерін ғана емес, оның жан-жақты тұлғалық қасиеттерін де сипаттауы тиіс», — дейді Мөлдір өзінің жетістікке жету жолы туралы.
ВЫПУСКНИК-2020 — ИСТОРИЯ УСПЕХА: МОЛЬДИР ЕЛЕУСИЗОВА
Не за горами окончание учебного года, и 141 выпускник Интеллектуальной школы физико-математического направления города Нур-Султан наметил дальнейший путь, определил свои профессиональные интересы и выбрал профессию. Большая часть выпускников уже получила приглашения и образовательные гранты: 9 поступили на первый курс Назарбаев Университета, многие получили приглашение на обучение в США, Испанию, Италию и Гонконг.
Ученица 12 класса Елеусизова Молдир поступила в Брандейский Университет на полный грант. Брандейский Университет занимает пятое место среди учреждений с самым высоким результатом высококачественных исследований в области естественных наук и входит в топ — 50 исследовательских университетов всего мира. Несмотря на то, что Университет является новым, Брандейские профессора успели получить Нобелевские премии по физиологии и медицине.
Молдир получила приглашения и от других университетов США: Suffolk University, St. John’s College, нескольких университетов Испании и от Назарбаев Университета.
Молдир планирует связать свою будущую профессию с физикой и экономикой. Она участвовала во многих научных олимпиадах и конкурсах, является бронзовым призером республиканской финансовой олимпиады AIFC Finance Olympiad и участницей международной олимпиады по экономике IEO-2019 Saint-Petersburg. Ученица 12 класса, Молдир заняла первое место в ХIII международной научной конференций ”Наука и Образование — 2018”. Одарённая и успешная, она увлекается исследовательской деятельностью в области физики, математики, экономики и географии, к тому же, находит время и для занятия спортом — киокушинкай каратэ и волейболом.
За полгода Молдир смогла поднять свой уровень испанского с нуля до Intermediate. Стоит отметить, что выпускница успешно сдала международные экзамены SAT и IELTS с первого раза.
«О выборе будущей профессии нужно задумываться заранее, уже 8-9 классе. Конечно, основу знаний получаешь в школе, а шлифовать знания — это уже дело каждого. В поступлении мне помогли мои проекты и награды по олимпиадам. Я считаю, что другим важным фактором было мое мотивационное эссе, в котором я описывала свою любовь к каратэ и дисциплине. Мотивационное эссе должно показывать иную сторону студента: истинные увлечения, а не достижения, которые были упомянуты ранее в заявке», — отмечает Молдир.