Home » Жаңалықтар » МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУ

Акильбекова Арайлы Бериккалиевна
КМҚК «Шаңырақ» бөбекжайы» тәрбиешісі

Мектепке дейінгі педагогиканың  теориялық мақсаты –жас балалардың ой –өрісін,сана сезімін кеңейте отырып,өмірге қажетті тіл байлықтарын дамыту. Сөйлеу арқылы ойлаудың дамуы іске асады, балалар өз пікірлерін сөзбен білдіреді.

Қазіргі заманда жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру әлеуметтік құрылымның ең маңызды міндеттерінің біріне айналды. Мектеп жасына дейінгі кезеңдегі балалармен сөздік жұмысын жүргізу ісі — тіл дамытудың негізгі бір міндеттері болып есептеледі. Біз балалармен сөздік жұмысын жүргізе отырып оларды айналасындағы заттармен таныстырып, атын атай білуге, қасиеті мен сапасын, түр-түсін және пішінін ажырата білуге, өміріндегі, қоршаған ортадағы түрлі құблыстар жайындағы ұғым-түсініктерін дамыта отырып белсенді түрде тілдік қарым-қатынас жасай білуге үйретеміз.

  • Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорларын дамыту ісіне педагог:
  • Балалардың сөздік қорларын дамыту;
  • Балаларды оқыту процесінде ойын арқылы сөйлеу қабілеттерін қалыптастыру;
  • Балалардың шығармашылық құзыреттілігін дамытуға мүмкіндік жасау;
  • Жаңа сөздерді меңгертіп, үйренген сөздерін тиянақтап, анықтап әрі байытып отыру басты міндеті болып саналуды қадағалаймыз;
  • Тілдің дыбыстық мәдениетіне тәрбиелеу.

Баланың сөздік қоры мен тіл байлығын дамыту үшін,балалар ойын барысында, ертенгілік өткізгенде әңгіме барысында және сабақтарда тілге дыбыстық талдау жасауға, әдеби шығармаларды мазмұндауға, суреттер мен ойыншықтар бойынша әңгімелеуге және берілген сөздерге синонимдер, антонимдерді іріктеп алуға үйренеді. Педагог бақылау, заттарды зертеу, жұмбақ шешу және құрастыру ойын-сабақтарын ұйымдастыру барысында балалардың сөздік қорларын дамытады. Осылар арқылы бала топ жасына сәйкес бағдарламалық міндетті меңгереді. Ойын ұйымдастыруда педагог өзі жетекші бола отырып,балаларды ойнай білуге, ойын ережесін сақтауға, әрі оларды ойната отырып ойлануға бағыттайды, заттың атын немесе түсін,қасиетін есіне сақтап қалуға жол ашады, ойынға қызықтыра отырып зейінін, қиялын дамытады.

Сонымен қатар ойын барысында бала үлкендермен,өз құрбыларымен қарым-қатынас жасайды. Ойын-тапсырмаларды таңдауда және іріктеуде балалардың жас ерекшеліктерін ескерген жөн .Ойындарды мектепке дейінгі ерте жастағы балалардың оқу іс-әрекетінде белгілі бір жүйемен пайдалану ерекшеліктерін сақтаған жөн.Ойындардың оқыту мазмұнына танымдық іс-әрекет сипатына, ойын құрылымына сәйкес жүктемелері бар. Ойындардың жіктемесі балалардың жас ерекшеліктеріне,ойын сипатына, дене қастиеттерін, қимылдық әрекеттерді дамытуға,ойындардың педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес жасалады.

Ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес түрлері:

  • сюжетті-рольді
  • драматизациялық
  • құрылыс ойындары
  • қимылды ойындар
  • ұлттық ойындар
  • имитациялық ойындар(еліктеу)болып бөлінеді.

Заттармен ойналатын ойын ойыншықтарды, табиғи заттарды қолдану арқылы өткізуге болады.

Мысалы: «Ғажайып қапшық», «Қай ағаштың жапырағы», «Бірдей ойыншықты тап», «Не жоқ?» т.б.

Үстел үсті ойынын ұйымдастыруда  домино , лото, ойыншық, қиылған суреттер қолданылады. Ал сөздік ойыны арқылы сөзді орнына қолдана білуге, дұрыс жауап айтуға, сөз мағынасын түсінуге, орынды сөйлеуге үйренеді. Мысалы: «Сөз ойла», «Жалғастыр», «Қай дыбыстан басталады.», «Жақсы-Жаман» т.б.
Сонымен қатар балалардың сөздік қорларын дамыту жұмысына ойындарды қолдану мен қатар жаттығу тапсырмаларын да пайдаланып отыру өз нәтижесін береді.
Мысалы: «Пішіндер көрмесі», «Биші адамдар», «Қиын жолдар» тәрізді жаттығу -тапсырмалар  балалардың  сөздік қорларын дамытып қана қоймай,олардың таным белсенділіктерін және саусақ бұлшық етін дамытады. Осы аталған жаттығу тапсырма жұмысына саусақ ойындарын жатқыза аламыз. Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны — саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады.Сонымен саусақ ойындарын жүргізу арқылы балалардың саусақтарының нәзік қимылдары және бұлшық еттерінің жетілуімен бірге,олардың сөйлеу тілі мен ойлау қабілеттері дамып, кейін жазу шеберлігін ойындағыдай меңгеруіне дайындайды.

«Добым»

Добым ,добым домалақ,

Тоқтамайсың домалап.

Үстел үстін бүлдірдің,

Тәрелкені сындырдың

Тентек болып кеттің деп,

Тұрмын сені тепкім кеп.

«Қоян»

Ұзын құлақ сұр қоян,

Естіп қалып сыбдырды

Ойлы қырлы –жерлермен

Ытқып-ытқып секіріп.

Түйіндей келе,заман ағымына қарай күнделікті сабақта әр түрлі ойын технологияларын қолдану айтарлықтай нәтиже береді. Ойын арқылы балалардың сөздік қоры дамып,сөйлеу дағдысы қалыптасады.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Әлімбаев М.Тұрманжанов Ө. «Қазақ балалар әдебиетінің кітапханасы»1989ж.
  2. ҚР-ның 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.2006ж.
  3. Отбасы және балабақша № 2 .2006ж.№5.2007ж.

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.