Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының басшысы Сисенов Д.А.
Алатау ауданы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау
басқармасының СГБ ж/еҚТРБ бөлімінің бас маманы
Ешмұратова Қ.М.
Сақ болыңыз Қызылша!!!
Қызылша (morbilli) – жоғары қызба, терідегі бөртпе, жалпы уландыру (интоксикация) белгілерімен қоса, жұтқыншақтың шырышты қабатының, конъюнктиваның және тыныс алу жүйелерінің қабыну- зақымдалуымен көрінетін өте жұқпалы жедел вирусты инфекция. Қызылша – ауа тамшылы жолмен тез тарайды. Қызылшаға екпе алмаған адам науқаспен қысқа уақытта байланыста болса да жұқтыру қаупі өте жоғары. Бұл вирус ауа арқылы тез таралуына байланысты, науқас адаммен тікелей байланыста болмасаңыз да, инфекцияны жұқтыру науқаспен бір бөлмеде аз уақытта болудың өзі жеткілікті. Әрқашан инфекция көзі-ауру адам болып табылады, әсіресе бөртпе пайда болған кезден бастап, бөрпе дамуының 4-ші күніне дейін қоршаған ортаға қауіпті және сол күннен бастап адам жұқпалы емес деп есептеледі. Қызылша 5 жасқа дейінгі балаларда жиі кездеседі. Қызылшаға қарсы екпе алмаған ересектерде жұқтыру қаупі өте жоғары және ауру балаларға қарағанда ауыр түрде өтеді. Көктемгі-қысқы кезеңде аурудың өршуі байқалады, ал тамыз және қыркүйек айларында төмен болады. Аурудан соң, қанда қызылшаға қарсы антиденелер түзіліп, тұрақты өмір бойы иммунитет сақталады.. Жүкті әйел жұқтырған кезде вирус плацента арқылы ұрыққа және туа біткен қызылшаның дамуына әкелуі мүмкін. ҚЫЗЫЛША БЕЛГІЛЕРІ: ауру бөртпе пайда болып басталмайды. Қызылшаның алғашқы белгілері суық тию , немесе жедел респираторлы вирусты инфекция белгілеріне өте ұқсас. Дене қызуы 38-40 градусқа көтерілу, әлсіздік, тәбет тартпау, құрғақ жөтел, мұрыннан су ағу, сонымен қатар коньюктивит-көзі қызарып қабыну пайда болады. Қызылша ауруына тән алғашқы белгі – азу тістердің түбіндегі дақтарды көруге болады. Олар вирустың шырышты қабығын зақымдауына байланысты пайда болып, ақ түсті дақтардың қызыл ісінген шекарамен қоршалған тәрізді көрінеді. Осы негізде қызылшаны басқа ұқсас көріністері бар аурулардан ажырату білу қажет. Аурудың 3-5 күні бөртпелер айқын дақ түрінде қаптап, тері қабатында кезеңмен көбейіп кетеді. Бірінші күні құлақтың түбінен, маңдай, беттен басталып, ары қарай жоғарыдан төменге бүкіл денесіне тарайды. Ұсақ қызғылт дақтар үлкейіп, бір-бірімен қосылып, формасы өзгереді. Бөртпе пайда болып, 2-3 күн бойы дақтар өршіп тұрған кезде дене қызуы көтеріліп, 40,5 градусқа дейін жоғарылауы мүмкін. Бөртпе 4-7 күн тұрады, біртіндеп жоғарыдан төмен қарай жоғалған соң, орнында қоңырлау дақтар қалып, екі аптадан соң тері тазарады. БӨРТПЕНІҢ ДАМУ КЕЗЕҢІ: А-1-ші күн; б-2-ші күн; в-3-ші күнБүл ауру асқынуымен қауіпті. Асқыну көбінесе 5 жасқа дейінгі балаларда немесе 20-дан асқан ересектерде болады. Кең таралған түбі – құлақ қабынуы (отит), бронхопневмония, мойын лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит, энцефалит. Өкінішке орай, асқынулар болып тұрады, сондықтан да ауруды қатаң медициналық бақылау керек. Қызылшаға деген күдік туа сала, дереу дәрігерге қаралу қажет. Бұл ауру анықталған жағдайда, аурудың кең таралмауына қарсы шаралар тез арада жүргізілу өте маңызды. АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ: қызылшаның алдын алуда тиімді де сенімді шаралардың бірі – екпе (вакцина). Қызылшадан егілу сақтану иммунитетін қалыптастырады. Бірінші екпе бала 1 жаста, екінші екпе бала 6 жаста болғанда жүргізіледі. Екпе 15 жыл бойы тұрақты, сақтау тиімділігін қамтамасыз етеді. Екпе алмаған жағдайда жұқтыру қаупі өте жоғары екенін тағы да ескертеміз.