Балаларға күз мезгілі туралы түсініктерін молайту, табиғатты аялауға, қоршаған ортаны сүюуге, әсемдікті көре білуге тәрбиелеу мақсатында 24 қазан айында Нұр-Сұлтан қаласы №48 «Ақ көгершін» шағын орталығында дәстүрлі Алтын күз мерекесі өтті.
Мереке барысында бүлдіршіндердің балдай тәтті тілдерімен орындаған әсем әндерін, мың бұрала билеген билерін, басқа да өнерлерін тамашалаған ата-аналардың жүздеріне күлкі үйіріліп, тәрбие ордасының ұжымына алғыстарын жеткізіп, тарқасты.
Балалардың асыға күткен мерекесі «Күз сиқыры» деген атаумен арнайы ұйымдастырылған көрмемен жалғасын тапты. Көрмеде мектепалды даярау және ересек топтың балғындары ата-аналарының көмегімен бау-бақшадан жиналған жемістерді пайдалана отырып, ой-қиялдарымен жасаған түрлі бұйымдары, өз қолдарымен салған суреттері қойылып, баршаның назарына ұсынылды. Балалар бар өнерін, қабілет-қиялын, ой-түйсігін пайдалана жасалған көрмедегі қолөнер бұйымдары бәрімізді таңдандырды. Тіпті бұйымдардың жеміс пен көкөністен жасалғанына сенудің өзі қиын.
Бурумбаева Лаура Серікқызы ,
Шағын орталық әдіскері