Home » Жаңалықтар » Биік белестерге жетелеген білікті басшы, тәжірибелі ұстаз Гүлнәр Мұратбекқызы

Биік белестерге жетелеген білікті басшы, тәжірибелі ұстаз Гүлнәр Мұратбекқызы

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» айдары бойынша жазылған көркем-публицистикалық очерк

 

    Барлық мамандықтардың төресі – мұғалім, ол мектептің жүрегі! «Мұғалім  өзінің білімділігімен, жүріс-тұрысымен, жайдары мінезімен, тіпті сырт пішіні мен киген киімімен де оқушысына жақсы мағынада  қатты әсер етеді» деген жазушы Мәлік Ғабдуллиннің дөп басып айтқан сөздері күні бүгінге дейін көпшілікке ой тудырады. Ал, ол мұғалім басшылық міндетті қатар алып жүрсе, шәкірттермен бірге ұжым да оны өнеге тұтып, бой түзейді.

  • Ұрпақ тәрбиесінде ұстазға артылатын міндет өте көп. Жалпы, өзім

Ұқыптылықты, жауапкершілікті, еңбекқорлықты, талапшылдықты сүйемін. Шәкірттерімнен, әріптестерімнен осы қасиеттерді талап етемін, – дейді «Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназия» КММ директоры Гүлнәр Мұратбекқызы Раптаева. 

     Тарихы терең Тараз қаласы мектептерінің ішінде оқушылардың тығыздығымен ерекшеленетін бұл мекеменің өзіндік орыны бар, директоры біліктілік, жауапкершілік сынды жан-жақты қырларымен ұстаздар, оқушылар, ата-аналардың алдында алғысқа бөленіп жүрген  көреген басшы.

    Міне, сондықтан «жақсының жақсылығн айт, нұры тасысын» дегендей, бүгінгі әңгімеге арқау етіп, директор Гүлнәр Мұратбекқызы Раптаева туралы көркем-публицистикалық очеркімізді ұсындық.

         1968 жылы 16 мамыр күні Жамбыл облысы, Байзақ ауданы, Байзақ ауылында Раптаевтардың әулетінде туған Гүлнәр Мұратбекқызы жастайынан зерек әрі халық ауыз әдебиеті мен ана тіліне деген ықылысы ерекше, өзі ізденімпаз, білімқұмар еді дейді кейіпкеріміздің ауылдас құрбылары. Соның айғағы 1991 жылы Абай атындағы Жамбыл педагогтік училищесін «Үздік белгі» дипломмен тәмамдап, талапты педагог атануы еді. Білім инемен құдық қазғандай емес пе, мақсатшыл ұстаз 1992-1997 ж.ж. Жамбыл педагогтік институтына түсіп, М.Х.Дулати атындағы Жамбыл Университетінің толық курсын бітіреді.

Жалпы, педагогикалық еңбек өтілін Жамбыл облысы, Тараз қаласындағы №49 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі қызметінен бастаған ұстаз  тыңғылықты еңбегі арқылы сыйлы болды. Ал, №5 «Жамбыл» атындағы қазақ орта мектебінде  жұмыс жасаған жылдары дарындылығымен, іскерлігімен, қабілеттілігімен, білімділігімен ұжым  ортасында жоғары беделге ие болып, қалалық мұғалімдер арасында өтетін КВН, олимпиада, түрлі сайыстарға белсене қатысып, терең білімі мен өнерін ұштастыра біліп, қоғамға өз үлесін қосты.   Білім саласындағы игі бастамаларымен көзге көріне білген ұлағатты ұстазды 2006 жылы Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы №11 орта мектептің директоры қызметіне тағайындайды. Бұл мекемеде 2011 жылға дейін тынымсыз еңбек етіп, кейін №43 орта мектептің директоры қызметіне ауысады. Бүгінгі таңда, яғни соңғы үш жылда  кейіпкеріміз Раптаева Гүлнәр Мұратбекқызы – Тараздағы И.В.Панфилов атындағы №39 мектеп-гимназия директоры қызметіне тағайындалып, білім ордасы шәкірттері мен ұстаздарының өнер-білім сайыстарынан жүлделі орындарға ие болуына бірден-бір себепші білікті басшының ерен еңбегі деп білеміз.

Жалпы, № 39 мектеп-гимназиясының шығармашылық тақырыбы:

«Білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру». Мектеп ұжымы шығармашылық тақырыпты бес жылға,  яғни 2017-2022 ж.ж. алды. Қазіргі уақытта аталған тақырып бойынша үшінші жыл жұмыс атқарылып келеді. Мұндағы мақсаты: жаңартылған білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында білім сапасын арттыру және мұғалімдердің кәсіби құзыреттіліктерін дамыту. Ал міндеттері – оқу-тәрбие үрдісіне жаңа технологияларды қолдана отырып, оқушылардың ғылыми-зерттеу қызметін ұйымдастыруда педагогикалық ұжымның жұмысын жандандыру, шәкірттердің денсаулығының мықты, білімінің бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз ету болып табылады.  Ал, ата-аналар бұл мектепті мемлекет талаптарына сәйкес, жаңартылған білім беру мазмұны  негізінде құзіретті  сапалы  білім беретін оқу   мекемесі ретінде біледі. Мекеме басшысы Гүлнәр Мұратбекқызы жайлы жылы лебіздерін де білдіруде. Мәселен, осы білім ұясының 10 «Ә» сынып оқушысы Тарпанова Әйгерімнің анасы Еликбаева Ақерке ағынан жарылып: «Г.М.Раптаева мектеп директоры қызметінде үш жыл бойы жан-жақты жақсы қасиеттерімен көріне білді. Ата-аналармен үнемі тығыз қарым-қатынас орнатып, үштік байланысты жоғары деңгейде атқарып келеді. Ата-аналардың сый-құрметіне ие болды. Мектеп басшылығы өзге де ұстаздармен, оқушылармен, ата-аналармен қоян-қолтық қарым-қатынасы арқылы талаптарды бір жүйеде орындай келе, балаларымыздың кешегі және бүгінгі күні жарқын. Әрбір жиналыста ата-аналардың тілін таба білетін, кішіпейіл директор талапшылдығымен балалардың жүрегінен жол таба білді. «Ұстаздық еткен жалықпас» демекші, біздің ұл-қыздарымыздың жанын ұғына біліп,  қайнаған өмірдің маңыздылығы – телегей-теңіз білім екендігін түсіндіре білген мұғалімдерге, директорға мың да бір алғыс айтқым келеді!» – деді.

Ал, мекемеде психолог қызметінен бастап, тоғыз жылдан бері еңбек етіп, бүгінгі күнде мектеп-гимназия директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқаратын Орашева Перизат Кенжебекқызы да: «Жақсы адам ғана жақсы басшы бола алады демекші, білікті басшы әрі ұжым мақтанышы, тәжірибелі ұстаз Гүлнәр Мұратбекқызы – биік белестерге жетелеп келе жатқандығын ерекше атап өткім келеді. Өткен жылы ғана мектебіміз қала бойынша жетекші мектеп қатарына енді. Бұл жетістікке жұмыстың үйлесімділігін тауып отырған басшымыздың үлесі зор екендігі сөзсіз. Психолог маман ретінде Гүлнәр Мұратбекқызының тек кәсіби тұрғыдан ғана емес, адами тұрғыдан да ойы даралы, сөзі саралы, адамгершілігі мол, белсенді, шығармашыл, үлгі тұтарлық тұлға деген мінездеме берер едім! Сонымен қатар, Гүлнәр Мұратбекқызының еңбекқорлығын айрықша айқындап өткім келеді. Білім саласының жоғарылауы үшін қажымай еңбек етіп, бұдан да биік мақсаттарға жететіндігіне сенімім мол!» – деп мықты басшының жетістіктері мен ерен еңбегін жеткізді.

      Сонымен қатар, мектеп-гимназия директорының бағдарлы оқыту ісі жөніндегі орынбасары Тастемірова Айнұр Сейілханқызы мектеп басшысы туралы: «Ұлы ақын Абай «Тегінде адам баласы ақыл, білім, ар, мінез секілді қасиеттерімен озады» деген сөздері қай заманда маңыздылығын жойған емес. Ал, Гүлнәр Мұратбекқызы Абайдың осы сөздерімен үйлескен жан. Сонымен қатар, ол адал, жауапкершілігі мол, талапшыл, шығармашыл, ұйымдастырушылық қабелеті жоғары және де ең әуелі терең білімді маман», – деп сипаттама береді.

Міне, өз ортасында тез тіл табысып, жұмысты өрбіте жүргізе білетін әрі ата-аналармен, оқушылармен, ұжыммен бірлесіп жұмыс жасап, жақсы нәтижеге жеткен мектеп басшысының еңбегі әр қилы. Еңбек жолын қатардағы қарапайым жұмысшылықтан бастап, бүгінгі күні мемлекеттік  мекемені басқарып, білікті басшы ретінде Әулиета өңіріне танымал болды.

№ 39 мектеп-гимназия табыстары мен жетістіктері 2017-2019 жылдарда сан-салалы. Яки 2017-2018 оқу жылында халықаралық, республикалық, облыстық, қалалық деңгейде пәндік, кәсіби байқаулар және тәрбие бойынша байқаулардан мұғалімдер мен оқушылардың 303 жүлделі орындар иеленуіне басшылық жасаған Раптаева Гүлнәр Мұратбекқызының үлесі зор.  Кейіпкеріміздің шығармашылық туындылары Жамбыл облыстық «Ақ жол», «Знамя труда», ғылыми  әдістемелік  «Озық сабақ» журналына, «Халық тәлімі», қалалық «Жамбыл Тараз»  газеттеріне мектеп өмірінде өтіп жатқан игі істер, жаңалақтар жайлы, мектеп көрсеткіштері мен жетістіктері туралы, озық сабақтар және мектептен тыс басқа да тақырыптар жарық көрген.

P.S.  Міне, осылайша тәжірибесі мол, іскер басшы бұл мектепті де облыс аумағындағы үлгілі білім ошағы дәрежесіне жеткізді.  Мекемеден түлеп ұшқан шәкірттер ҰБТ-дан жоғары көрсеткіштерді иеленіп, еліміздегі беделді оқу орындарында, ең арысы шет елде білім алып, түрлі әкімдіктерде, басқармаларда бәсекеге қабілетті маман атануда.

Жансая Құрманғалиқызы,

«BILIM AINASY» газеті,

Жамбыл облысы, Тараз қаласы

 

   

20 комментариев

  1. Каркабаева Парида Пазыловна!!!"Өрлеу"

    Гүлнәр Муратбеккызы!!!Жулдызыныз жоғары,енбегыныз бағалы,аркашан мартебеныз биык болсын!!!❤️❤️❤️

  2. Перизат

    Биік белестерді бағындырып,білімнің шыңынан көрініңіз’

  3. Барно Турсунбаевна!

    👍👍👍👏👏👏Удачи, Гульнара Муратбековна!!!

  4. Есенаманова Жанаргуль

    Өте жақсы мектеп, ұжымы да жайларды.

  5. Білікті басшы, тәжірибелі ұстаз.

  6. Өте керемет басшы. Білімді, білікті ұстаз.

  7. Керемет басшы!!!

  8. Керемет басшы

  9. Керемет басшы.

  10. Перизат

    Биік белестерді бағындыра беріңіз!

  11. Еңбегіңіз жана берсин.

  12. Айдана Бөгенқызы

    Кеш жарық, мен аталған мектептің (қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі) жас маманымын. Гүлнар Мұратбекқызымен алғашқы жыл танысуым, 2-3 айдың көлемінде бұл кісінің білімділігіне көзім жетіп, аталмыш әріптестерінің ой-пікірімен толықтай келісіп, мақтауға тұрарлық кісі екенін айтқым келіп отыр. “Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен” демекші, басшымыздың жақсы қасиеттерінен үлгі алып, үйренеріміз өте көп. 👏👏👏

  13. Миранда

    Жасампаз көшбасшы

  14. Керемет. Еңбегіңіз молая берсін. Биік шыңдарды бағындырып жүре беріңіз! Тек қана сәттілік!

  15. Керемет Дурыс айтылган! 👏👏

  16. Құрметті Гүлнар Мұратбекқызы әрбір жасаған ісіңізге тек сәттілік тілеймін.

  17. Гульмайра

    Ұлағатты ұстаз, керемет басшымыз. Жеңіске әбден лайық кісі

  18. Перизат

    Улкен шыгармашылык табыстар тилеймин

  19. Оте биликти басшы ,жауапкершилиги мол Адам ,алган бетинен кайтпайтын тулга . Саттилик . Сизди жаксы Коремиз

  20. Өте мықты, білікті мектеп директоры… Өзі тіл маманы болса дағы, көп сөздің емес, істің адамы. Шығармашылық табыс тілеймін!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.