Home » Мақалалар » Рухани мұра – оқырман олжасы

Рухани мұра – оқырман олжасы

Берікұлы Дәурен
№177 жалпы білім беретін мектеп

Рухани мұра – оқырман олжасы
(Ақын Саят Қамшыгермен кездесу кеші)

«Рухани мұра – оқырман олжасы» атты кездесу кешінің сценарийі
Кездесу кешінің қонағы:
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Серпер» жастар сыйлығының лауреаты, «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Көңіл көктемі» атты жыр кітаптарының авторы, ақын, аудармашы Саят Қамшыгер.
Кездесудің мақсаты:
Өлкеміздегі халықтың ыстық ықыласына бөленіп жүрген қаламгерлеріміздің өрнегі мол жырларын оқуға насихаттау, олардың өнегелі өмір жолдарын өскелең ұрпаққа өнеге тұтып, жастардың кітап оқуға құлшынысын арттыру, еліне, жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Кездесудің  міндеттері:

  • Оқушылардың шығармашылық даму мүмкіндіктерін арттыру;
  • Оқушылардың туған тілге, елге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
  • Тіл – ұлттың мақтанышы, тірегі, жүрегі екендігіне кең түрде түсінік бере отырып, оқушыларды елжандылыққа, туған тілін құрметтеуге, тілді ұлттық мұра ретінде қастерлеуге үйрету.
  • Қазіргі өмір талабына бейім таным деңгейі жоғары жеке тұлғаны қалыптастыру;
  • Оқушыларды танымдық кеш арқылы кітап оқуға тәрбиелеу.

Өткізілетін орны: Онлайн форматта. Zoom платформасы бойынша өткізіледі.
1-жүргізуші:
Армысыздар, жыр сүйер қауым!
Бүгінгі «Рухани мұра – оқырман олжасы» атты әдеби-танымдық кешімізге қош келдіңіздер! Біздің іс-шарамыз тілдер мерекесіне арналып өтіп отыр.
Ана тілім,
Жүрегісің анамның.
Жүрек-ана,
Мен өзіңнен жаралдым.
Сағат сайын саулығыңды тілеймін,
Сенсіз мынау керегі не ғаламның!
Сенің әр бір тынысыңмен күн кешем,
Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.
Ел бетіне қалай түзу қараймын,
Ана тілім,
Егер сені білмесем., — деп, ақын Несіпбек Айтұлы жырлағандай, ана тіліміздің қадір-қасиеті қашанда асқақ.
Қазақта «Ел ағасыз болмас, тон жағасыз болмас» деген мақал бар, қазақ халқында біртуар ақындар мен жазушылар көп-ақ. Бүгінде сол ағаларымыз поэзия әлеміне терең бойлап өз қолтаңбасын қалдырып жатқан жайы бар. Ендеше бүгінгі кештің қонағы ақын, Серпер сыйлығының лауреаты Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі, «Сары гүл», «Жүректегі ағыстар», «Көңіл көктемі» атты жыр кітаптарының авторы, ақын, аудармашы Саят Қамшыгер ағамыз ортамызда. Өнеріне сусындап, әдемі жырларына тәнті болып отырайық ағайын!
-Қош келіпсіз, Саят мырза! Сөз кезегі өзіңізде. Туған жеріңіз, балалық шағыңыз жайлы айта отырсаңыз.
(Сөз кезегі Саят Қамшыгерге беріледі).
2 – жүргізуші:
Көп рахмет!
Данышпан қазақ халқы ақынға кенде болған емес. Поэзия әлеміне көз салсақ қазақ  халқының арман-мұраты,  шаттығы мен қайғысы ең алдымен ақын  жүрегіне жиналған, ақын өлеңдеріне арқау болған.
Поэзия досым менің күй аңсаған,
Өзімді, өмірімді қиям саған,
Шағымда шабыттанған, қиялданған,
Шапағың бар шаттығын құяр маған.
Осында жиналған өлең сүйер қауымға өз өлеңдеріңізден оқып берсеңіз.
(Қонаққа сөз кезегі беріледі).
1-жүргізуші:

  • Көп рахмет! Әдемі өлеңдеріңіз біздің де оқушыларымыздың жүрегін

баурап алып жатыр. Дегенмен сіз тек қана өлең жазбай, сонымен қатар аздап ән де салатын көрінесіз. Біздің оқырмандарға қонақ кәдеңіз болсын, бір ән салып берсеңіз.
(Қонаққа сөз кезегі беріледі).
2-жүргізуші
:
Бүгінгі кеш – екі жақты сырласу кеші. Өлеңдерін тыңдай отырып, жасынан өлеңді серік еткен ақын ағаның шығармашылығынан біршама ой түйдік.Ендеше келесі кезекті көрермендерімізге берейік. Осында отырған оқушыларымыздың ақын ағамызға деген бірнеше сұраулары бар,соны тыңдайық.
Оқушылардың сұрақтары:

  • Неше жасыңыздан өлеңді серік еттіңіз?
  • «Әке» өлеңіңізді тыңдадық. Өлеңнің жазылу тарихынан айтып берсеңіз…
  • Балаларыңыздың ішінде сіздің жолыңызды қуған балаңыз бар ма?
  • Жаңа өлеңіңіз қашан жазылды? Сол өлеңіңізді оқып берсеңіз?
  • Өзіңіз қызмет ететін «Мөлдір бұлақ» журналы туралы айтып берсеңіз.
  • Қазір қандай жас ақындарды ерекше атай алар едіңіз?
  • Балалық шағыңыз туралы айтып берсеңіз.
  • Ең қызықты оқиғаңыз қандай болды?

1-жүргізуші:

  • Көп-көп рахмет. Біздің оқырмандарымыз үлкен рухани қазына алып

жатқан тәрізді. Соңғы кездегі аударып жүрген башқұрт жазушы Айгиз Баймухаметовтың шығармашылығы туралы және соңғы «Көше балалары» кітабы жайлы не айтасыз? Жалпы аударма саласына қалай келдіңіз? Түркі халықтарының ақын-жазушыларымен достығыңыз қалай басталды?
2-жүргізуші:

Ана тілім, дана тілім, бақ тілім,
Сенсіз бақыт дүниеден тапты кім?
Сенсің менің қуанышым, шаттығым,
Сенсің менің тазалығым, пәктігім.
Ана тілім,
Алтын ұям, құндағым,
Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.
Сенің жырың, сенің әнің айтарым,
Санам сөніп, байланғанша тіл-жағым!
Ана тілімізді ардақтап, мерейін асқақтатқан бүгінгі кездесу кеші де өз мәресіне жетті. Сізден алдағы уақыттағы шығармашылығыңызға табыс тілейміз! Мектебімізге деген тілегіңізді айта кетсеңіз.
Қорытынды.

  • Қонаққа сөз кезегін беру;
  • Қорытынды сөз.

Кездесу кешінің барысынан суреттер

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.