Home » Мақалалар » Шебер сынып – қашықтықтан оқытудың бірден бір әдістемелік тәсілі

Шебер сынып – қашықтықтан оқытудың бірден бір әдістемелік тәсілі

Маханбетжанова Гульнар Маханбетхалиевна
Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақ Ұлттық Өнер Университетінің
дарынды балаларға арналған мектеп
интернатының
қондырғылы кескіндеме пәнінің оқытушысы

Қашықтықтан оқыту жүйесіне 2020 жылдың төртінші тоқсанында көштік. Әрине, білім беру жүйесінде, төтенше жағдайға байланысты, қашықтықтан оқытуға «Балапан», «Еларна» арналары да ат салысты. Аз ғана уақыт аралығында, білім беру жүйесінің үлгісі жасалды. Осыған орай өнер қайраткерлері мен өнер шеберлері «online» кездесулер, «online» шебер сыныптар, «online» көрмелер, «бейнеконференциялар жүргізіліп, «Ұлттық мұражай» және «Тәуелсіздік сарайының» ұйымдастырылуымен осындай шаралар, қарқынды іске асты. Интернет желісі арқылы, Әлем мұражайлары мен галереялары, театр сахнасы, кітапханалары есігін ашты.
Қашықтықтан оқыту- білім алушы мен мұғалімнің алыстан, ғаламторды пайдаланып, компьютерлі техниканы ұтымды пайдалана отырып, үздіксіз білім беру. Осы білім беру жүйесін жан-жақты ақпараттандырып, қашықтан оқытудың алғы шарттары елбасы Н.Ә.Назарбаев ұсынған «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасында айқын көрсетілген. «Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан»[1] .
Ия, ұстаздар алдында өте ауыр, әрі өте жауапты міндет жүктелді. Еңбек өтілі аралығында, сурет, үйлестіру және кескіндеме пәндері бойынша әдістемелік оқулықтар, бейнелеу өнерін сауатты үйретудің әртүрлі әдістері қарастырылып, кескіндемені үйретудің арнайы бағдарламалары жасалды. Нәтижесі де зор болды. Бейнелеу өнерін тек «offline» режимінде өткізілуін түсінеміз. Ұстаз бен оқушының арасындағы тығыз қарым-қатынас (референс, қойылым реквизиттері, әдебиеттер, әдістемелік фонд жұмыстары) арқылы ғана жоғары жетістікке жете аламыз. Қашықтықта білім беруде, қолмен дұрыс түзу немесе бояу дағын жүргізу немесе фото сурет арқылы, видео байланыс арқылы бояудың аралық түстік өңділіктерін, пішіннің нюанстарын көру мүмкін емес.
Бірақ көркемдік білім беру жүйесіндегі қағидаларды ескеріп, бейнелеу өнерінің сауатын ашуда үздіксіз білім алу және көркемдік тәжрибе ғана нәтиже береді. Қашықтықтан оқытудың бірнеше форматын пайдаландық: балалармен бірге тікелей эфирде сурет салдық, скайп арқылы интервью бердік, инстаграм желісінде тікелей эфирде сұқбат бердік, видеосабақтар түсірдірдік, натюрмортты құрастыру және салу жолдарымен видео сабақ өткіздік, кезеңнен тұратын сабақ жоспарларые, әдістемелік материалдарды дайындадық. Сондықтан осы тікелей эфирде «шебер-сынып» өткізу тиімді әдістемелі тәсіл деп айтуға болады. Видео сабақтық сапалы шығуына, әлі де көп жұмыстар жасау керек. Ол сапалы да, түсінікті болса, әрі қарай оқушының талпынысына, ынта-жігеріне және шыдамдылығына байланысты. Сабақты түсіндіру үшін, сол сабаққа байланысты алдын –ала кеңес беріп, кезеңмен орындалатын суреттермен таныстырып, түсінбеген сұрақтарын қарастырып, дұрыс жолды ұсынамыз.
Видео сабақтар, (конференциялар, қашықтықтан оқыту пәні, семинарлар, іскерлік және лабораториялық тәжрибелер және т.б.) әр түрлі құрылғылардан ашыла береді: ол компьютер, планшет, телефон, ноутбук. Сабақтарды жүктеудің қажеті жоқ, ол сілтеме арқылы YouTube арнасынан ашылады. Видеосабақтың вебенардан айырмашылығы, кез келген уақытта тоқтатып, қайта қарауға болады. Суретті салып үлгеріп, бөлшектерін нақтылауға ыңғайлы.
Кескіндеме пәні бойынша «шебер-сыныптың» үрдісі, тақырыпты түсіндіру, қандай материалдар қолданылатынын айта кетіп, қалай жұмыс жасау техникалары мен технологияларын қарастырамыз. Таза қағаз бетінен бастап, шығарманы аяқтағанша балалармен бірге сурет саламыз. Тек соны қарап отырып, дәл қайталау ғана қалады.
Қандай да болмасын форматта, осы «шебер-сыныппен», жеке дайындық кеңестер жүргізу, сапалы нәтижеге апарады. Академиялық, реалистік суреттер мен кескіндемелерді, сапалы орындау жаттығулары, қабылдаған білімі мен дағдысын қалыптастыра отырып, жеке сурет салу барысында қолдана алады.
Ұстаз тек қана ақпарат беруші ғана емес, сонымен бірге ол баланы тәрбиелейді. Ол дәл ақпарат беруші, сыртқы келбеті әсем, тайсалмайтын тұлға. Өзінің ерекше әдептілігі, оқушыларға деген арақатынасы және өзін ұстай білуі шарт. Дәріс материалдарына жақсы дайындалу. Ұстаз, алдындағы аудиториямен үнемі қарым-қатынаста болуы қажет: сұрақтар қою арқылы, тындармандармен визуальды байланыста болып, оқушылар мен студенттер алдында өзін еркін сезінуі қажет. Әрбір дәріс, шағын бір қойылым секілді. Онда мұғалім режиссер, сценарист, фильм қоюшы режиссер және әртіс болса, ал көрермен — оқушылар мен студенттер.
Қашықтықтан оқытудың кемшіліктерін атап кетсек:
-оқушы қарым-қатынастан шектеулілігі;
-өзін-өзі тәртіпке шақыру;
-компьютер және интернет желісі қажет:
Интернет желісінде, шебер-сыныптың видеосабақтары өте көп. Бірақ бейнелеу өнерін оқытудағы, қазақ тіліндегі видео сабақтар жоқтың қасы. Осы мәселе қазіргі таңда өзекті болып отыр. Нақты бір техниканы таңдап, жұмыс жасау тәсілінен бастап, технологиясына дейін қамтылған видео сабақтар жасау, қазіргі таңда өзекті мәселе.
Шебер-сыныпта қамтылатын пәндеріміз, ол кескіндеме, үйлестіру, арнайы кескіндеме және шеберлік. Қолданылатын техника- акварель. Барлық қолданылатын әдебиеттерді зерделей отырып, келесі мәселелерді шешу алға қойылды:
-мектеп және колледж бағдарламаларының ерекшелігін зерттеу;
-көркемдік дағдыларды игеретін электронды білім беру ресурстарына талдау жасау;
-атақты суретшілердің қолтаңбасын зерттеу;
-көркемдік дағдыны дамытатын скетчингке мүмкіндік беру, оқушылар мен студенттердің күнделікті қолдануын талап ету;
-акварель техникасы бойынша электронды оқу құралдарының мазмұнын іріктеу;
-акварель техникасы бойынша электронды оқу құралын әзірлеу;
Шебер-сыныпты ұйымдастыру және өткізу жоспарын қарастырайық. Ол бірнеше кезеңдерден тұрады.
Дайындық кезеңі:

  1. «шебер-сыныптың» тақырыбын, шығармашылық іс-әрекеттің түрін, оны орындайтын техниканы көрсететін бұйымды таңдау;
  2. бағдарламаны құрастыру және «шебер-сынып» жоспарын дайындау;
  3. теориялық, көрнекілік, әдеби және музыкалық қатарды іріктеп алу;
  4. тәжірибелік жұмысқа қажетті материалдарды іріктеу (құралдар, материалдар, станоктар, жұмысқа арналған құрал-саймандар);
  5. таңдап алған техника бойына орындалу кезеңдері мен жұмыс жасау тәсілдерін игеріп алдын ала дайындап алу;
  6. «шебер-сыныпты» орындайтын автор жайында экспресс-презентацияны орындап, тапсырманы меңгеріп, кезеңдері бойынша және «шебер-сыныптың» тәжірибелік бөлімінің презентациясын орындау;
  7. қатысушыларға арналған тарататын әдістемелік материалдарды дайындау: «шебер-сынып» бағдарламасы, аннотациялар, буклеттер, жұмыстың орындалу кезеңдерінің суреттері, видио материалдар.

Бағдарлама бойынша, бірінші сабақтан бастап оқушылар мен студенттер сурет салады. Әр түрлі техникалалрды зерттей отырып, қарапайым затттан, күрделі пішіндерге ауысып отырады. Курс 18 сағаттан 72 сағатқа дейін болуы мүмкін, ол оқу жоспары бойынша. Сағаттар, дәріс және тәжрибелік болып бөлінеді. Аралық бақылауда есеп беру көрмесі ұйымдастырылып, оқушылардың дайындық деңгейін анықтаймыз. Ал қорытынды көрмеде,  барлық салған жұмыстарын көрсетіп, нақты бағаларын алады.
«Жас акварелист» жеке авторлық жобада, дарынды балалармен жұмыс жасалады. Оларды жеке көрмелерге, халықаралық конкурстарға дайындаймыз.
Ғаламторда сурет салудың алуан түрлі мектептері бар, атақты суретшілердің де, сурет салу әдістемелері қол жетімді. Олар қарапайым тапсырмадан, бірнеше сағат жазатын күрделі қойылымға дейін қамтылған. Электронды білім беру жүйесіндегі, сабақтарға талдау жасай отырып, ақпараттық технологияны қолдануда, келесі бағыттарға мүмкіндік береді:
-білім берудің пайдалы мотивациясын қамтамасыз ету;
-сабақты өте жоғары эстетикалық және эмоциональды (әуен) деңгейде жүргізу;
-сабақта орындайтын жұмыс көлемін жоғарылату;
-оқу үрдісін тиімді пайдалану, сабақтың тиімділігін датыму;
-шығармашылық қабілетін дамыту;
-өнерге және мәдениетке баулу;
-ақпараттық ресурстарға кіруге және электронды кітапханаларды қолдануға  мүмкіндік жасау.
«Тікелей эфир» 09.04.2020 жылы Тәуелсіздік сарайының ұйымдастырылуымен өтті.
 Шығармашылық кездесу, «Оnline» режимде шебер-сынып көріністері

Әдебиеттер тізімі

  1. Мастер класс. Обнаженная натура, шаг за шагом. М. Аст-Астрель,2006
  2. Мастер класс. Натюрморт. Шаг за шагом. М. Аст-Астрель,2006
  3. Мастер класс. Масленная живопись. М. Аст-Астрель,2006
  4. В. Маркиарри. Искусство владения цветом. Издания кристина Нов.век. 2006
  5. Аксенов Ю.Г.// Изобразительное искусство в школе. 2007. №4
  6. Бурденюк Е.В. Работа над пейзажем// Изобразительное искусство в школе. 2007. №4
  7. «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы

[1] «Қазақстан -2030» стратегиялық бағдарламасы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.