Home » Мақалалар » Ұлы қазақ халқының даналығы шексіз ғой!

Ұлы қазақ халқының даналығы шексіз ғой!

Ұлы қазақ халқының даналығы шексіз ғой! Атам қазақ «Өз елім- өлең төсегім» деп өз мекеніне деген сезімін бір ғана жол сөйлем арқылы білдіре алған. Бүгінгі көктемнің белгі  берген тұрғанда, өзім мекен тұтқан. Қоянды ауылының жақын болашақта әкімшілік тарапынан қандай шаралар жоспарланғанын білу мақсатында ауыл әкімі Айбек Есеев мырзамен сұхбаттасқан болатын едім. Айбек Жұмашұлы 1985 жылы қасиетті Қостанай топырағында дүние есігін ашқан. 2002 жылы мектебін аяқтап, арман қуып, Қазақстанның ел ордасы Астана қаласына келеді. Әрине, мектепті жаңа бітірген жас түлектің басты мақсаты жоғарғы оқу орынына түсу. Мақсатын іске асырып С.Сейфулин атындағы вгротехнихалық университетіне түседі. Тепсе – темір үзетін жас жігіт 2007 жылы. Жерге орналастыру – мамандығын толық игеріп, ойдағыдай қолына дипломын алады!

         Кәсіби маман ретінде қолына дипломын алған жас маман бірден қызмет жолына түседі. Астана қалалық ғылыми өндірістік орталығына маман болып ең жолын бастап кетеді.

2013 – 2015 жылдар аралығында Ж.Ш.С инжинер – менеджер.

2015 – 2017 жылдары Целиноград аудандық жерге орналастыру мекемесінде аудандық филиал басшысы.

2017 жылы Целинограт әкімшілігі аппаратына қызметіне тұрады .

2018 дылдың Талапкер ауылдық округіне әкім орынбасары қызметін атқарды.

2018 жылдың қазан айында Қоянды ауылдың округіне әкім қызметіне тағайындалды. Бүгінгі таңда Айбек  Жұмашұлымен Қоянды ауылының жалпы келбетіне ой жүгірте отырып, алдағы уақытта көптеген іс-шаралар жоспарланғаны айтылды.

Алдағы уақытта 25 мың халқы бар Қоянды ауылынның дамуы мақсатында ауылдық поликлинка, балабақша салынуы көзделген. Сметалық құжаттамалар жасалып, қаржыландыру уақытымен бөлінсе құрылыс жұмыстары биыл басталмақ. Келешекте бұл нысандар кәсіби мамандармен толмақ. Ауылға келген жас мамандарды мемлекеттік көмектен бөлек, Игілік тұрған алаңында орналасқан үш қабатты үй жеңілдетілген бағамен жалға берілмек. Бұл тұрғын үйде жас мамандарға жайлы, жылы, заманауи жабдықталған.

         Ағымдағы жылдың мамыр айында таға бір білім ордасы ашылмақ. Бұл мектептің бір айырмашылығы – газбен жылытылады. Сонымен қатар ауыл арасына баларға ойын алаңдарын жасау жұмысы көзделген. Ауыл ішінде 13 км ішке көше жолдары құрлысы, 18км көше жолдарын күрделі  жөндеуден өткізілмек.

           Жоспарланған іс шаралар іске асуына аз уақыт қалғаны, алдағы уақытта жаңа нысандар бой көтерік, жастар үшін жұмыс орыны, балаларға мектеп, балабақша, ойын алаңдарының салынатыны әрине тек қуантады.

         Алға қойылған жоспарлар мен іс-шаралар жайлы әңгіме барысында кеудем қуанышқа толып, қатты шабыт алдым.

         Айбек Жұмашұлы сұхбат барысында алдағы жоспарларымен қатар бүгінгі болып жатқан жағдайлар жайлыда  тоқталып өтті. Қылышын сүйреп келген қыстыңда өз машақаты бар. Биылғы қыс қарлы болғыны бәрімізге мәлім. Биыл электронды портал арқылы  6 миллионға  Ахметов жеке кәсіпкерлігімен қардан тазалауға келісім шартқа отырған. Яғни көшені қардан тазартуға  Ж.К.Ахметов» — мердігер қызмет көрсетуде.  Бүгінгі күні 3 погрузщик, 1 втогредир, 7 жүк көлігі қар шығаруға жұмылдырылған. Әлбетте ауылды толығымен қардан тазартуға бөлінген қаржы аздық етеді. Сондықтан қаржыландыру болады деп ой түйдік.

         Айбек Жұмашұлы қыстың боранды күндері жастар жылы валонтерлық көмек қолын сөзған азаматтарға ауылға кіреберіс жолды қардан тазартуға ат салысқандарға өз атынан және әкімшілік атынан ризашылығы білдіріп  алғыс айтты.

         Қыстың іргесі сөгілсе, кезекті су тасқыны деген табиғи құбылысы бар ғой! Қоянды ауылында су тасқыны қаупі бар деген 7 аймаққа бөлінген. Көктемдегі су тасқыны кезіне толық дайын болу  үшін ауылда  оқу – жаттығу жұмыстары жүргізілді. Су тасқыны қаупі төнген жағдайда қажетті техника, құрал жабдықтар сақадай сай жасады,азаматтар әр аймақ бойынша бектілген. Сонымен қатар ауыл ішіне 40 мың куб қар сыртқа шығарылған, және де бұл жұмыс әлі де өз жалғасын таппақ.

         Ауыл тұрғындарын мазалайтын тағы бір мәселе қаңғыбас иттер!

Қаңғыбас иттердің көбеюі мен қыс мезгілінде азықтабанмағандықтан балаларға шабуыл жасаған фактлер бар. Жалпы жыл басынан бері 120 иттің көзі жойылған. Иесіз қалған иттердің көзін жоюмен аудандық төрт түлік комуналдық шаруашылық мекемесінің арнайы мамандары айналасады.

         Жылдың  басы болғандықтан, тендрлік іс-шараларды өткенше қаңтар, ақпан айлары оқ-дәрі жетіспеушілігі сезілгенмен, бүгінгі таңда бұл мәселе дұрыс жолға қойылды.

         Мемлекет тарапынан халық қамы үшін әрине  көптеген  шаралар жасалуда. Айбек Жұмашұлы мен маңызды мәселелер  бетін бір шалған аз уақытты  ауылымның көркейетініне нақ сендім. Арқаның іргесіндегі Алтын бесігім Қоянды ауылы әлі талай белестерден өтіп, гүлдеп, дами беретіні шексіз қуантады. Айбек Жұмашұлы алдағы уақытта  ауылдастарының қолдауымен аянбай еңбек етіп, адал қызмет ететінін айтты. Әрине басшысына бағынбаған елдің болашағы не боларын көрген халқым біледі. Сол себепті құрметті ауылдастарым, бірлесіп, ауылымыздың ертеңі үшін , ұлы Абай атамыз айтқандай, бір кірпіші болсын, бір уыс топырағы болсын бірлесіп, ауыз біршілікпен үлес қосайық.


Алтынгул Хавдрашқызы
                               Қоянды орта метебінің мұғалімі

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.