Home » Эссе » Болмасын соғыс ,болмасын!

Болмасын соғыс ,болмасын!

Соғыс деген суық сөзді естіген адамның  жүрегінде үрей болады.Үрейленген адамның бойын бірден қорқыныш сезімі билейді.Себебі мен теледидардан көріп,кітаптан оқып-білуімше,1941жылы 22маусымда Ұлы Отан соғысы басталған екен. Және сол сұм соғыстың аяқталғанына міне, 75жыл толғалы жатыр. 9мамыр- Ұлы Жеңіс мерекесі.Бұл күн-тарихи маңызы бар атаулы күн.Қанша айтқанмен атаулы күн ұмытылмайтыны сияқты,соғыс та ұмытылмастай із қалдырды.Қатыгез соғыс әрбір бейбіт өмір сүріп жатқан отбасыларға зардабын көп тигізді.Көптеген майданға аттанған адамдар өз отанына орала алмай, қаза болды.Сондықтан да,мен олардың қанды соғыстағы ерліктерін ұмытпауым керек.Оларға деген алғысым шексіз.

Десек те,мен-тәуелсіз елдің ұрпағы бола тұра,қазіргі елімізді жайлаған індетке орай үйдемін.Осы мереке күнінде Ұлы Отан соғысына қатысқан аталарымызды  еске аламын.Ата-бабаларымыз жаудан,соғыстан бізді аман алып қалды.Оларды мен мақтан тұтамын.Енді мен отбасыммен бірге үйде отырғандықтан, тек ғаламтор арқылы  ғана:«болмасын соғыс ,болмасын» деп  және аман болайықшы деген тілек тілеймін!

Павлодар облысы
Аққулы ауданы
Мерғалым ауылы
Бекмұрат Уахатов атындағы
орта мектебінің
3-сынып оқушысы Сағдат Айзада

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.