Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Орта білім орталығының «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қорының жаратылыстану-математикалық пәндері бойынша әдіскерлерімен кезекті отырысы өтті. Әдіскерлер 12 жылдық білім берудің тұжырымдасын әзірлеу жұмыстарын кеңінен талқылады. Сондай-ақ, халықаралық мектептердің сәтті тәжірибелері бойынша білім сапасын арттыру мүмкіндіктерді қарастырды.
Атап өтсек, «Білім-Инновация» халықаралық қоғамдық қоры Қазақстан мен Түркия арасындағы білім беру саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту мақсатында екі елдің Президенттері Н.Ә. Назарбаев пен Т. Өзалдың тікелей қолдауымен құрылған.
Қазіргі таңда осы Қор тарапынан ашылған лицейлер оқушыларға үш тілде заманауи білім берумен қоса жаһандану дәуіріне сай озық үлгіде білім беруде. Оқыту жүйесімен Қазақстан білім кеңістігінде өзіндік орны бар ұйым болып табылады.
Жиын барысында математика, химия, физика, биология және информатика пәндері ағылшынша оқыту бойынша EMI (English as Medium of Instruction) жүйесінің 30 жылға жуық тәжірибесі қалыптасқан. Әлемнің 60-тан астам мемлекетінде қолданылып жатқан EMI жүйесі осы халықаралық қоғамдық қор арқылы білім беру саласындағы тәжірибеден сәтті өтті.
Осы орайда, физика пәнінің мұғалімі, әдіскер Е.Е. Дүйсеев «PBL» жобасы арқылы білім алушыларға дағдыларды қалыптастырудағы өз тәжірибесін таныстырды. Биология пәнінің әдіскерлері Б. Т. Эрметов, Ж. Б. Жұмағұл, математика пәні әдіскері Б. М. Бисекенов білім алушыларды қандай бағытта білім алуға бағыттау керектігін, танымдық қызығушылықтарын және білім мазмұнына өз көзқарастарын айтты.
Әдіскерлер алдағы уақытта тәжірибе алмасуда бұл басқосудың берері мол екенін айтты. Қалай десек те, орта білімді жетілдіруде English as Medium of Instruction жүйесінің заманауи әдістемесінің маңызы зор.