Home » Айтарым бар » Қазақтың ұлттық ойындары

Қазақтың ұлттық ойындары

Байжанова Дамила Кадыровна,
Алматы қаласы әкімдігінің
Алатау ауданы
«№164 бөбекжай-балабақшасы»
ортаңғы «Балдырған» тобы тәрбиешісі

 Қазақтың ұлттық ойындары
Білім беру саласы: әлеуметтік орта
Ұйымдастырылған оқу қызметі: Ойлау қабілеттерін  қалыптастыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты:
1.Білімділігі: Асық ойынының атауларын үйрену, асық ойнау денсаулыққа пайдалы екенін меңгеру. Асық туралы білімдерін бекіту. Ою-өрнектер түрлерімен таныстыру, түстерін ажырата отырып құрастыру.
2.Дамытушылығы:Төзімділікті, ептілікті, икемділікті дамыту. Логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру.
3.Тәрбиелігі: Ойындар арқылы асыққа деген қызығушылықтарын арттыру,  Шапшаң да жинақы, әдепті болуға тәрбиелеу.
Атадан балаға өнеге болып қалар қазақ ұлтының ұмытылып бара жатқан дүниелерінің бірі асықты балаларға таныстырып көрсету, ойнату, түсіндіру, әртүрлі-түстегі асықтармен қарапайым математикалық сандарды санап үйрету. Сонымен қатар, санай отырып түстерін ажыратуға, асық ойнату арқылы балаларды дәлдікке, ептілікке,шапшаңдыққа баулу.
Көрнекіліктер: Түрлі-түсті асықтар, сандар белгіленген карточкалар,бес асық ойынын ұпай арқылы ойнату, фетрден ойылған оюларды киіз үйдің ішін безендіру.
Әдіс- тәсілдер: Сұрақ-жауап, дамытушы ойындар, санамақ, пішіндерді салыстыру,құрастыру.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Тәрбиеші:  Сәлеметсіздер ме құрметті қонақтар! Балдырған ортаңғы тобының Қазақ халқымыздың асық ойыны тақырыбындағы ашық оқу іс әрекетін бастауға рұқсат етіңіздер. Ал балалар, олай болса барлығымыз келген қонақтармен амандасып, шеңберге тұрайық. Бүгінгі оқу-қызметімізді жақсы көңіл күймен бастайық!
Шаттық шеңбері:
Қайырлы таң, ашық аспан,
Қайырлы таң жер ана.
Қайырлы таң, қонақтар,
Қайылы таң, жан досым.                   .
Сәлеметсіздерме қонақтар!
Жарайсыңдар, балалар.
Олай болса орындарымызға отырмас бұрын бәріміз ыдыста тұрған асықтардан бір-бірден алайық. Балалар асықтарды алып, үш топқа бөлініп отырады. Әр топтың тапсырмалары  қызыл, сары, жасыл  түстермен барабан арқылы бөлініп беріледі.
Тосын сәт: Есік қағылады.  Музыка әуенімен Алдар көсе кіреді.
-Алдар көсе: Сәлеметсіңдер ме балалар! Бұл «Балдырған» тобының балалары мекен?
-Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Алдар көсе! Ия , бұл Балдырған тобының  балалары.
Алдаркөсе: Мен сендермен Бес асық ойынын ойнайын деп  келіп тұрмын балалар! Осы топтың балаларына мына қоржынның ішіндегі көптеген түрлі-түсті асықтармен ойын ойнатсам, ойнаймыз ба,балалар
-Тәрбиеші: Солай ма?Қандай керемет! Біздің балалар кез келген ойын түрін ойнай алады, солай емеспе иә, балалар.

Бірінші тапсырма:
Жерге Бес асық ойынының тапсырмасы төселіп,ойын шартын Алдар көсе  түсіндіреді.
Балалар ойынды ойнайды.
Алдар көсе балалардың ойынын қоржынындағы карточкалар арқылы ұпайлармен мадақтап, қоржынын сыйлыққа тастап сау болыңдар! деп шығып кетеді. Сау болыңдар балалар!
-Балалар:Сау болыңыз!
-Тәрбиеші:Бұл қоржынның ішінде не бар екен, көрейік.  Олай болса бәріміз бірге ашайық. Ой балалар бұл не?Қандай керемет! Ендеше мен сендерге ата бабамыздан келе жатқан ұлттық ойынға ойнайтын асық туралы кішкене мағлұмат айтып берейін.
Асық – қазақ халқының ұлттық ойыны. Асық төрт түлік малдың сүйегінен алынады. Оның түрлері көп. Атап айтқанда сақа, кеней, шүкейт, көктабан және тағы басқа да түрлері бар. Асықтың тұрысының өзі әртүрлі боп бөлінеді. Алшы, тәйке, бүге, шіге, омпы, шоңқай. Асықтың осы тұрыстарынан оң жақ және сол жақ екенін ажырата аламыз. Асық ойыны – қазақ халқының ежелгі өте кең тараған ойындарының бірі.
-Тәрбиеші:Балалар асықпен ойын ойнағыларың келе ме?
-Балалар: Ия!
— Тәрбиеші:Ендеше ішінде  асықтардың өзі әр түрлі түсте екен соларды бөліп көрейікші.түстерге бөлейік.
-Балалар: әр түстегі себеттерге түсіне қарай ажыратып салып шығады.
-Жарайсыңдар балалар!Бірінші тапсырманы өте дұрыс орындап шықтыңдар. Ал енді екінші тапсырмаға көшейік.


Екінші тапсырма: «Киіз үйді безендіру»
Мақсаты: Қиылған оюларды киіз үйге оюдың жалғасын таба отырып жапсыру арқылы безендіру, дұрыс орналастыру. Ой өрісін дамыту.

-Балалар сендер екінші тапсырманы да өте жақсы орындадыңдар,жарайсыңдар! Ендеше бәріміз ортаға шығып бір шынығып, сергіп алайық.
Үшінші тапсырма:
«Көлеңкесін тап» ойыны.
Қағаз бетіндегі  ою  суреттерін өз орнына көлеңкелерін табу арқылы орналастыру. Суреттерде берілген оюларды орналастыру.
Сергіту сәті: Асық әні мен сергіту әні орындалады.
-Ал балалар, барлық тапсырмаларын бұлжытпай орындап шықтыңдар!
Керемет, жарайсыңдар.
Қорытынды:
-Тәрбиеші: Олай болса әр бала бағалау банкоматына барып, жақсы қатысқандарың үшін мадақтау алғыс карточкаларыңды алсаңдар болады.
Қорыту:
-Тәрбиеші: Асықты біз неден аламыз?
-Балалар:Төрт түлік малдың сүйегінен.
-Тәрбиеші:Асықпен қандай тапсырмалар орындадық?
-Балалар: Асықтарды санадық, түстеріне қарай ажыраттық, оюды құрастырып,киіз үйдің керегесін безендірдік.
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар, жарайсыңдар. Осымен бүгінгі біздің оқу-қызметіміз аяқталды! Сендерге көп-көп рақмет!

39 комментариев

  1. Өтте жоғары деңгейде өтті жарайсыңдар ботақандар

  2. Керемет, жұмысыңыздың жемісін көріңіз🎊👏🏻👏🏻👏🏻

  3. Өтее керемет!

  4. Кушті болыпты барі👍Рахмет апайларға,менің баламның тобы! Апайлары кушті,жұмыстарыңыздың жемісін жеп,биіктерден көріне беріңіздер👍🙏💪

  5. Айкерім

    Тамаша жұмыс! Еңбектеріңіз елене берсін.

  6. Керемет!!!

  7. Дамели апай керемет талимгер.Кушти.

  8. Тек алға!!!

  9. Апайларымыздың балалармен жұмыс істеуі , әдістемелері әрқашанда жоғары деңгейде.

  10. жоғары деңгейде өтті. апайларымызға мың алғыс. еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер

  11. Оте керемет .

  12. Оте жақсы .. керемет, білікті маман. Дамеля апай еңбегіңіз бағалана берсін.. оте кушти апай. Кызымның суйікті апайы

  13. Воспитатели супер было классно!!!!Дети просто себя держали спокойно все благодаря воспитателям!!!

  14. Алмагул

    Жоғары деңгейде, білімді маман екен, балалармен жұмыс жасауы қандай керемет, осындай тәрбиешілер көп болсын,Алға Дәмила апай!

  15. Айгерим

    Өз ісінің маманы Дамиля Кадыровна. Тек алға🤗

  16. Жумысын жемісті болсын

  17. Гүлнара

    Сәттілік тілеймін

  18. Мазмұнды және мағыналы тәрбие жоспары👍

  19. Керемет! Жұмыстарыңыздың жемісін жеңіздер! Еңбектеріңіз елене берсін!

  20. Керемет! Еңбегіңіз жансын!

  21. Күшті ісініз алга баса берсің 👌 тек алга👍

  22. Перизат

    Дамиля апай өте мықты табиеші. Еңбегіңіздің жемісін көріңіз. Жоғары деңгейде өтті.

  23. Ісіңізге береке ,тек алғаа !Өте керемет ұстаз!

  24. Оооо кушти

  25. Өте керемет! Жоғары деңгейде өтілді!Жұмысыңызға сәттілік!

  26. Оте жақсы .. керемет, білікті маман

  27. Зауре Жайлаубаевна

    Дамила Кадыровна-тек биік шыңдарды бағындыра беріңіз. Шығармашылығыңыз шыңдала берсін

  28. 👍👍👍 керемет

  29. Нургуль

    Дамила Кадыровна өте жоғарғы дәрежелі білікті маман .Шығармашылық табыс тілеймін!

  30. Саттылык!Енбегыныз Жана берсын!!Дамила !Тек Алга!Кататтарыныз шаршамасын!Биыктерге самгай берыныз!

  31. Оте керемет👍🏻

  32. Дамила !Тек Алга!Кататтарыныз шаршамасын!Биыктерге самгай берыныз!

  33. Жанар Шакирова

    Биік шыңдарда көріне беріңіздер. Шығармашылық табыс тілеймін

  34. Керемет👏👏

  35. Керемет өті алга

  36. Керемет, 👍құдағи жұмысыңыз жемісті болсын, биік белестерді бағындырыңыз, тек алға

  37. Керемет, 👍құдағи жұмысыңыз жемісті болсын, биік белестерді бағындырыңыз, тек алға

  38. Айгерім

    Кушті керемет. Жұмысыңыздың жемісін жи беріңіз

  39. Керемет жумыс

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.