Home » Жаңалықтар » «БАЛАЛАРҒА -100 КІТАП»

«БАЛАЛАРҒА -100 КІТАП»

2020 жылдың 4. 02.жұлдызында Нұр-Сұлтан қаласының Есіл ауданына қарасты жаңадан ашылған №95 «Алматы» балабақшасына Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің «Руханият клубының мүшелері, мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мамандықтарының студенттерінен құрылған еріктілер тобы «Балаларға — 100 кітап» акциясын өткізді.
Студенттерді балабақшаның меңгерушісі Анар Долдабекқызы қарсы алып, балабақшаның арнайы жабдықталған кабинеттері, топ бөлмелері және материалдық базасымен таныстырды.
50 кітапты тәрбиеші педагогтарға Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану кафедрасының оқытушы профессорлары арнайы қолтаңба қойылған авторлық оқулықтары мен оқу құралдарын сыйға тартты. 50 кітапты студенттер мектепке дейінгі жастағы балаларға базарлық ретінде ертегі, әңгімелер, тақпақтар, санамақтар, халық ауыз әдебиеті т.б. үлгілерін ұсынды.
Кітаптардың тұсау кесерін «Руханият» клубының жетекшісі п.ғ.к, профессор Фатима Ниязбекқызы сөз сөйлеп ашып биылғы еріктілер жылына сәйкес студенттердің өз мамандықтарына қызығушылығын арттыру, кәсіби шеберліктерін шыңдау, балалармен қарым-қатынас жасаудың қыр-сырын меңгеру мақсатында жүйелі түрде балабақшалармен тығыз байланыс орнатылғанын атап өтті. Жинақталған кітаптар 25 данадан топтастырылып аспан түстес лентаны қию арқылы тұсаукесері жасалды. Лента қию мәртебесі балабақша меңгерушісі Анар Долдабекқызына, әдіскері Гүлзипа Сауранбекқызына, Фатима Ниязбекқызы мен студенттер ортасынан Асанова Әселге бұйырды. Сондай-ақ, студенттер Назым Жанбатырқызы, Жұлдыз Менлибаева, Зульфия Саудаш осы кітаптардың мазмұнын, маңызын, құндылығын және оны балаларға қалай оқып беру керектігі жайында өз ойларын ортаға салды.

Бұдан кейінгі іс-шара дана Абайдың  175 жылдығына арналатынын ескеріп Желсіз түнде жарық — ай әнін 2-ші курс студенті Асанова Әсел әсерлі де әдемі дауысымен, сезіммен нақышына келтіре орындап берді.

Балабақша меңгерушісі Анар Долдабекқызы сөз сөйлеп болашақ мамандардың кәсіби еңбектеріне сәттілік тілей отырып сәбилермен жұмыс жасаудың тамаша таңғажайыптары мен ерекше қызықты сәттерін, тәжірибелік мүмкіндіктерін ашып түсіндірді.

Студенттер өздерінің алған әсерлерін айтып ой қорытындылады. Мұндай балабақшаның ашылуы ата-аналардың балабақшаға деген қызығушылықтары, мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің артуына ықпал етері сөзсіз. Балабақшадағы жас топтарының атаулары Алматыда өсетін алмалардың сорттарымен аталуы, «Алқызыл меруерт», «Балшырын», «Алтын алма», «Фуджи» т.б. Ерекше безендірулер мен эстетикалық талап, талағамға сай жабдықталғаны ұнады. «Жеті өнер», «Ән-әуен» студиялары, «Жеті ойыншық», «Ізгілік» лекотекасы, «Табиғат ғажайыптары» зерттеу орталығы, STEM-инженерлік т.б кабинеттерінің заманауи стилде жасалғаны, балалар кітапханасының қоры толығуына өз үлестерін қосты. Жаңа форматтағы балабақшаның үлгісін ұрпақ үшін жасалған жақсы жағдай екенін көздерімен көріп, ерекше әсер алып болашақта дәл осындай ұйымда қызмет жасаудың өзі бір ғанибет деп ой түйіндеді.

 

«Балабақшаға – 100 кітап» сыйға тарту сәті

 

 

Заманауи стилдегі жабдыталған бөлмелер

 

 

 

 

 

Ұлттық нақышта, заманауи үлгіде жабдықталған бөлмелер

 

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.