2019 жылдың 27 желтоқсанында ҚР ПІБ МО «Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК-да (бұдан әрі – Кәсіпорын) «Кәсіпорынның үздік қызметкері» конкурсының қорытындысы шығарылды. Конкурс Кәсіпорын педагогикалық қызметкерлерінің кәсіби шеберліктерін ұштауға және мен беделдерін арттыруға бағытталды.
Конкурс үш кезеңде өткізілді: алдын ала іріктеу, онлайн-режимде дауыс беру, өзін-өзі таныстыру.
Қазылар алқасы конкурсқа қатысушыларды креативтілік, бірегейлік, шығармашылық, өзін-өзі таныстыра білу критерийлері бойынша бағалады.
Конкурс қорытындысы бойынша келесі аталымдар анықталды:
- Т.Г. Забажанова – «Табысты қызметкер»;
- А.О.Толеген – «Ізгілікті қызметкер»;
- М.Ю.Полищукова – «Толерантты қызметкер»;
- Н.С. Жуманова – «Бастамашыл қызметкер»;
Кәсіпорынның инновациялық-тәжірибелік жұмыс бөлімінің бастығы С.М.Муралимова «Кәсіпорынның үздік қызметкері» конкурсының жеңімпазы болып танылды.
Конакова Бахытгуль Каиргельдиновна
Қазақстан Республикасы Президенті
Іс Басқармасыны Медициналық орталығының
«Қарлығаш» балабақшасы» ШЖҚ РМК,
ИТЖБ әдіскер — сүйемелдеуші