Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы
Атамекен селосы «№7 жалпы білім беру» КММ
География пәні мұғалімі
Чыгырбаева Курбанай Куванчбековна
Дүниежүзі бойынша мектептер COVID-19 пандемиясына байланысты оқшауланды. Бұл жағдай біздің тәжірибемізде алғаш кездесіп отыр және оқыту мен білім алу үдерісіне еш кедергі келтірмей білім берудің жаңа жолына жетелеуде.
Қашықтан оқыту – заман талабы мен ағымы. Оқушы мен мұғалім оқу кезінде бір-бірінен қашық жерде болсада, білім беру тоқтатылмайды. Осы жағдайда заманауи технологияларды пайдалану, оқу процесінің ажырамас бөлігі болып табылады. Оқу процесі кезінде:
1) ұялы телефон, компьютер арқылы: ClassDojo, Google Classroom, Schoology, Google dosc, Skooler, Seesaw, Duolingo, YouTube, Skype, Zoom қосымшалары,
2) телеарналарда: Балапан, Ел-Арна,
3) білім беру сайттары: BilimLand, Daryn online, EDUS Электронды мектеп, imektep.kz, twig-bilim.kz, iTest және т.б онлайн мектеп бағдарламалары арқылы
Компьютерлер, интернет, теледидарлар, телефондар және ұялы телефон сияқты техникалар мұғалім мен оқушы арасындағы алшақтықты еңсеру үшін пайдаланылып, оқушылар материалдарды алып және игерген білімін кері байланыс ретінде пән мұғалімдеріне жібереді.
Қашықтан оқыту түрі білім алушыларға еш кедергі келтірмейді, керісінше берер көмегі көп. Мысалы, оқушылардың жаңа білім платформаларымен танысып техниканы жақсы түсінуге, білімін жаңа ресурстар арқылы тереңдетуіне мүмкіндік береді. Жаңаша оқыту баланың жауапкершілікті сезінуіне көмегін тигізіп, оқушының өзіне жүктелген міндеттерді сезініп, барынша күн тәртібін дұрыс реттеуге үйретеді. Әрине, қашықтан оқыту біз үшін білімге деген жаңа қадам. Бұл қадамда мұғалім, ата-ана және оқушы болып бір-бірімізге жұмылған жұдырықтай қолдау көрсетіп, жаңа белестерді бағындыратынымызға сенемін!.
Біз біргеміз!
Қашықтан бірге оқимыз!
Үйде бол, біліміңді шыңда!