Home » Мақалалар » Ардагерлерге деген құрметіміз олардың  ерлігіндей ұлы болуы тиіс!   

Ардагерлерге деген құрметіміз олардың  ерлігіндей ұлы болуы тиіс!   

Ұлы жеңіске 75 жыл болса да Ұлы Отан соғысы естен кетпес адамзат тарихында теңдесі жоқ оқиға болады. Сұм соғыс біреуді жесір етті, біреуді жетім етті, ал біреуді жалғыз ұлынан айырды.

Алайда, сұрапыл қырғында жас өмірлерін сарп еткен қазақ ұл- қыздарына мың алғыс айту тіптен де аз. Олардың жасаған ерлігі мен есімдері мәңгі ұмытылмайды.  Сол ерліктердің жемісі- бүгінгі жеңіс.  Жеңіс! Қандай кең мағыналы сөз. «Жеңіс » сөзі бүкіл халыққа бейбіт өмір әкелді, елге тыныштық оралды.

Біздің халқымыз үшін жеңіс- ұлы оқиға, бейбіт өмір, ашық аспан, кең байтақ жеріміз. » Біз көрген ызғарлы күндерді ұрпағымыз көрмесін.

«Елімізде мәңгі бейбітшілік орнасын»- деп, ел алдындағы борыштарын өтеп, еліміздің амандығын,  жеріміздің тұтастығын қорғап қалған ардагерлерімізге тағзым ету біздің қашанда парызымыз. Сондықтан, бізге азаттықтың ақ таңын алып берген ардагерлерге қандай сый-құрмет көрсетсекте артық етпейді.  Ешқашанда жауынгер ерлігі ұмытылмайды. Бүгінде  біздің азаматтық міндетіміз- болашақ ұрпақты Отанын қастерлейтін, еліне, жеріне адал патриоттары тәрбиелеу.

Соғыс ардагерлері біздің бақытты өмірімізге, тәуелсіздігімізге және аспанымыздың ашық болуына жол ашты, халқымыздың майдандағы және тылдағы қаһармандығы мен еңбегіне деген зор құрметімізді білдіреміз!

№ 108 Жалпы білім беретін мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі Вания Жанбота

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.