Маңғыстау облысы,
Жаңаөзен қаласы білім бөлімінің
«№22 мектебі» КММ
информатика пәні мұғалімі
Базарова Эльмира Тулегеновна
Қазіргі таңда әлемде болып жатқан індеттің таралуына байланысты қашықтықтан оқыту маңыздылығы арта түсті.
Қашықтықтан оқыту дегеніміз — мұғалім мен оқушы арасында қандай да қашықтықта интернет ресурстарының сүйемелдеуімен өтілетін оқытудың формасы, яғни интернет желілерінің көмегімен белгілі бір арақашықтықта оқыту.
Қашықтықтан оқытуда біздің сабақтарымыздың сапалы өту, өтпеуін оқушылардың кері байланыс жасауы арқылы біле аламыз.
Енді біз кері байланысты қалай нақты, тиянақты ала аламыз?
Қашықтықтан оқытудың көптеген платформалары бар. Оның ішінде көп пайдаланылатыны mektep.edu.kz, whatsapp, google формы, google classroom, www.youtube.com . Оқушылар үшін де, мұғалімдер үшін де ең қолайлысы Watsapp арқылы әрбір оқушының тапсырмасын тексеріп қайта кері байланыс жасау жылдам, әрі ыңғайлы.
Казіргі кезде өзімнің пайдаланып жүрген қашықтықтан оқыту платформасы- Google формы платформасы. Бұл Google ішіндегі бір қосымшасы болып табылады. Бұл платформамен жұмыс жасау үшін Google account болу кажет. Google формы мүмкіндіктерін айта кететін болсам, бұл арқылы оқушылардан үйде отырып, қашықтықтан сауалнама алуға және де сіздің өткен сабағыңызды қалай түсінгендігін білу үшін, google формыда тест дайындап, оқушыларға whatsapp арқылы сілтемелерін жібереміз. Оқушылардың орындаған тест нәтижесі, муғалімнің Google формы аккаунтына автоматты түрде түсіп отырады. Қашықтықтан оқытудың бұл платформасы жұмыс жасау өте тиімді болып табылды.
Қорыта келе айтарым, мұғалім тек өз пәнін жетік біліп қана қоймай, ақпаратты сауатты болуы шарт. Бұл – қазіргі заман талабы.
Біз біргеміз!