Маңғыстау облысы,
Ақтау қаласы
«С.Қондыбай атындағы № 22 жалпы білім беру орта мектебі» КММ
Педагог—психолог Минбасова Нурслув Кайырбаевна.
Қазіргі таңда еліміздегі төтенше жағдайға байланысты барлық балалар үйлерінде қашықтықтан білім алуда. Осыған орай, ата- аналар балаларының қашықтықтан білім алуына жағдай жасау жауапкершілігін алды. Баланың физиологиялық дамуы ерекшеліктері, мінез -құлқы, психологиялық ерекшеліктері, темпераменті әртүрлі болғандықтан оларға тәрбие мен қамқорлық дұрыс жасалғаны жөн.
Гиперактивті бала – өте көп қимылдайтын (қозғалатын), шаршауды білмейтін, айтқанға көп көне бермейтін, басқа балалардан мінез – құлқы мен қимылы ерекше бала. Бұндай балалар балабақшада тәрбиешілерді ғана емес, отбасында ата – аналарын да шаршатары сөзсіз. Белсенді балалармен жұмыс жасау, дене күшін және жан күшін көп қажет етеді.
Гипербелсенді баланы тәрбиелеу оңай емес. Р. Кэмпбелл айтуы бойынша ата-аналар төмендегі 3 қателікке жол береді:
— олар ақыл айтып, бақылап жүріп, онымен әңгімелесуді ұмытып кетеді;
— бала тәрбиесінде қатаңдық таңытпай, оның тәрбиесін үнемі қадағалап отырмайды;
— ашуын бақылауда ұстаудың дағдыларын үйретпейді.
Ең алдымен ата — аналар балаға қатысты бірыңғай талаптар жүйесін жасақтап алғаны жөн.
Ата аналарға кеңес:
-Күн тәртібін сақтау;
-Демалуға, ұйықтауға уақыт бөлу;
-Түрлі үйірмелерге қатыстыру;
-Сурет салу;
-Ермексазбен түрлі мүсіндер жасату;
-спорттық жаттығуларға ден салу олардың бойындағы орасан зор күш-қуатты шығарып тұруға көмектеседі.
Баланың асып — тасып жатқан қуаты тасып тұрған балаларды тыныштандыратын ойындар:
Ойын терапиясы.
«Саусақ», «Тасбақа», «Аттар», «Кім бірінен мұқият», «Қимылды қайталаймыз» ойындардың тікелей мақсатынан басқа баламен жайлы қарым — қатынас орнатуға септігін тигізетіні белгілі.
Құм терапиясы — адамға өзінің жан дүниесіндегі өз «Менін» танытуға, өзіне өте маңызды, жан тебірентерлік және құпиясының ашылуына көмектеседі.
Рольдік әдіс
Топтағы белгілі рольдердің немесе қызметтердің көмегімен балаға өзінің қажеттілігін, пайдалылығын, қатыстылығын сезінуге мүмкіндік беру.
Тыныстау гимнастикасы әдісі. «Қысқа тыныс алу қимылдарын орындаймыз, оны орындау кезінде өзімізді бу шығарушы шәйнек ретінде елестетеміз. Осыны дем шығарған кезде «у-у» дыбысымен орындаймыз».
Гипербелсенді баланы емдеудің қажеті жоқ, жай ғана оны артық белсенділіктен арылтыңыздар.Әр топтарда тек тыңдайтын, тәртіпті, жауапты, байсалды балалар оқығандығын бәріміз қалаймыз. Бұл біздің әрқайсымыздың арманымыз! Бірақ не істеуге болады? «Мұндай балаға қысым жасамаңыз! Оның еш пайдасы жоқ. Сонымен қатар оған жоғары талаптар қоюдың және қарым-қатынас орнатуда артық жұмсақтық танытудың қажеті жоқ! Қалай болғанда да артық кетпеңіз.
Қорыта келе, балалардың бойындағы мол күш-қуат қоры 13-15 жасқа дейін сейілмейді, сол аралықта ата-анасы баланы жақсыға бағыттаса жақсы азамат болып есейеді де, құлықсыз қараған жағдайда өмір жолы қиын адамдардың қатарын толтырады.