Алматы қаласы
Алатау ауданы
№114 жалпы білім беретін мектептің
физика пәні мұғалімі Гіміңнұр Гүлзар
ЖЕҢІС…..Ата-бабаларымыздың арманы болған ҰЛЫ ЖЕҢІС.
1945 жылдың 9 мамыр күні Ұлы мейрам ретінде ұрпақтар есінде мәңгі сақталады. Себебі дәл осы күні ата-бабаларымыз шыбын жанын шұберекке түйіп ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен асыл армандарына жету үшін қан майданда алдыңғы шепте қызыл қандарын төгу арқылы келген бейбіт күннің нұрлы таңы атқан күн. Төрт жылға созылған осы шайқаста ұлы жеңісті минуттап, сағаттап сарыла күтті, соғыстың алғашқы күнінен-ақ халық жан-тәнімен отанын қорғауының нәтижесінде бейбітшілік таңына қолдары алған күн.
Ешкім де, ешнәрседе ұмытылмақ емес! Соғыс анасын баласынан, әйелін сүйікті жарынан, баланы әкесінен айырған тажал. Сол сұрпайы соғыстан бері 75 жыл өтседе ақпараттық жүйелердің материалдарына, ата-аналарымыздың аузынан есту арқылы батырларымыздың еңбегі көкейімізде мәңгі жатталып келеді. себебі біздің бүгінгі бейбіт күніміз кешегі ұлы отан соғысынан жеңіспен оралған батырларымыздың еңбегі, көкейімізде мәңгі сақталатын аттары алтын әріппен ойылып жазылған ержүрек Бауыржан Момышұлы, Рақымжан Қошқарбаев, Талғат Бегилдинов және Әлия мен Мәншүк сынды қаһармендарымыз жүрегімізден мәңгі өшмейтіні хақ. Біздің қазақ отан аспанына күн туғанда толарсақтан саз кешкен жауынгер халық.
Бүгінде 9 мамыр Жеңіс күні мерекесі – елімізде тойланатын ең дүбірлі мереке, бүл күн адамдарды дініне, тіліне, ұлытына қарамастан тойлайтын ортақ қуаныш мерекесі. Біз дәл осы қуаныш күніне ауызбіршілік арқылы жеттік, қаншама қарапайым халықтың бір тудың астына бірігіп, қара күштерін бір арнаға салуы аясында жеткен ұлы мереке.
Сарғая күткен ұлы күн,
Шұғыласы бүгін жарық етті.
Бағына талай миллионның
Баянда жеңіс күн жетті.
Сүйінші елден сұрадық-
Жүбайын күткен жар күлді.
Жаным дер бауыры жауда өлген,
Жарқырап қайғы-зар күлді.
Сілкінді дүние қайратпен,
киімін шешіп қан басқан,
отырды солдат айбатпен,
етігін сұртіп шаң басқан.-деп ақындарымыз жырлағандай бейбітшілік таңы атты.
Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз – бейбітшіліктің қадіріне жетіп отанымызды сүю, отанымыздың адал патриоттары болу, достығы мен бірлігі жарасқан еліміздің бейбітшілігін көз қарашығымыздай сақтау.
Отанымыз аман болсын! Бейбітшілігіміз мәңгі болсын!