Сәуірдің 3-і күні Астана қаласының Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайында “Әл-Фараби ілімдерінің педагогикадағы рөлі” республикалық ғылыми-педагогикалық конференциясы өтті. Астана қаласы әкімдігінің әдістемелік орталығы мен Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының ұйымдастыруымен қалалық білім басқармасының қолдауымен өткен шараға еліміздің әр өңірінен барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының мұғалімдері қатысты. Спикерлер болып, ғұлама ұстаз Әл-Фарабиға байланысты өздерінің баяндамаларын ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Дәулетбак Майра Тұрлыбекқызы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сыздықов Сатай Мақсұтұлы және философия ғылымдарының кандидаты, доценты Тулеубеков Асыл Серікұлы жасады. Баяндаманың соңында конференцияға қатысқан спикерлер мен «Тәрбиенің тамыры болмаса, білім қаншалықты құнды болмақ?»,– деп шараның ашылуында сөз сөйлеген Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының «Психология, тәрбие және тұлғалық даму орталығының» директоры Анар Тәңірбергенова және оқушылар сарайының директоры Раушан Ганиевна арнайы сертификаттарымен марапатталды. Конференция Әл-Фараби атындағы оқушылар сарайының директоры Раушан Ганиевнаның құттықтау сөзімен және шағын концерттік бағдарламамен сәтті аяқталды.
«Bilim ainasy»,
Жамиля Кайырханқызы,
Астана қаласы