Home » Жаңалықтар » Экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру

Экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 90 жылдығына орай «Экологиялық құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы ҚР заңнамасын жетілдіру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Конференция, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің гранттық қаржыландырған ғылыми — зерттеу жобасы ИРН AP14872548 «Қазіргі экологиялық құқықтық тәртіп: қазақстандық кейс» атты жобасын жүзеге асыру шеңберінде өткізілді. Бұл конференция экологиялық заңнаманы құқық қолдану мәселесін талқылауға және халықаралық тәжірибені ескере отырып, қазіргі жағдайда құқық қолдану практикасын жетілдіру және ұсынымдар әзірлеуге арналған. Конференция жұмысына Турция, Ресей, Эстония, Польша, Беларусь, Өзбекстан елдерінің белгілі заңгер ғалымдары, ҚР Парламенті, ҚР Жоғарғы соты, мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы, экологиялық департаментінің өкілдері, халықаралық және ұлттық сарапшылар, азаматтық қоғам өкілдері, докторанттар мен магистранттар, университет студенттері қатысты.
Конференцияны Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі, заң ғылымдарының докторы, профессор Г. А. Қуаналиева жүргізді.
Конференция жұмысында алғашқы сөзді Конференцияда басқарма мүшесі – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ академиялық мәселелер жөніндегі проректоры, заң ғылымдарының докторы, профессор Л.Еркінбаева «Қазақстан Республикасында жайылымдық экожүйелерді қорғау және ұтымды пайдалану мәселелері» тақырыбында баяндама жасады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Жалпыұлттық социал — демокартиялық партиясы фракциясының мүшесі Н.С Сайлаубай өз баяндамасында «Экологияны жақсарту, қоршаған ортаны сақтау саласы бойынша экологиялық ақпараттармен қамтамасыз ету жұмыстарын жандандыруда мәселесі басты назарда болып келеді. Табиғи ресурстарды өндіру, өнеркәсіптік өндіріс қалдықтары және қоршаған ортаның ластануымен байланысты басқа да мәселелерді құқықтық реттеу тетігін жетілдіру» қажет екендігіне тоқталды.
ҚР Президенті Іс басқармасы жанындағы Парламентаризм Институтының бас маманы, философия докторы (PhD) Сәуле Нұржан өзекті мәселелер мен жаңа сын-қатерлерді ескере отырып, Қазақстанның жаңа Су кодексімен жаңа редакцияда жұмыс істеу туралы айтып берді.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының судьясы Б.Шермұхамбетовтің баяндамасында Экологиялық Әділет барлық адамдардың өмір сүру үшін таза және салауатты ортаға құқықтарын қорғауды көздейді. Экологиялық Әділет ұғымын әзірлеу, оны Қазақстанның құқықтық саласына енгізу қажеттілігі үшін терең және егжей — тегжейлі зерделеуінің мәні болуы тиіс деп қорытындылады.
Конференцияда шетелдік ғалымдарда өз баяндамаларында өз ұсыныстарын айтты. Ресей Федерациясы Үкіметі жанындағы Заңнама және салыстырмалы құқықтану институтының профессоры С.Боголюбовтің баяндамасында «Бейбітшілікті сүйетін, ашық және демократиялық кеңістік құруға бағытталған БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттарын іске асыру ортақ тарихи бағдарларды қорғау мен қолдауды, Еуразия құрлығының мәдени дамуында өзінің бірегей, өзіндік көрінісін тапқан құқық пен өзге де рухани – адамгершілік құндылықтарды сақтаудың» маңызына тоқталды.
Таллин университетінің профессоры П.Ярвелайд пікірінше, экологияның шекарасы жоқ екенін және экологиялық заңнаманы қолдану мәселелері Эстонияда да өзекті екенін атап өтті.
Гданьск университетінің Құқық және басқару факультетінің профессоры Эдвард Юхневич (Гданьск, Польша) экологиялық құқықтық мәселелерді шешеуде ынтымақтастықты нығайту арқылы ортақ және тиімді әдістер мен шараларды жетілдіруде тетігін ұсынды. Сондай-ақ, конференция барысында Ташкент мемлекеттік заң университетінің экологиялық құқық кафедрасының меңгерушісі Узакова Г.Ш., профессорлары; Неъматов Ж.А., Ражабов Н.Ш., Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің қоршаған ортаны құқықтық қорғау кафедрасының профессоры Хлуденева Н.И., Жетісу облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Ж.Сабырұлы, Жетісу облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтарын қорғау бөлімінің басшысы Е. Аубакиров, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Азаматтық құқық, азаматтық процесс және еңбек құқығы кафедрасының меңгерушісі С. Ж. Сүлейменова, Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының профессоры С.Д.Бекишева, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ конституциялық және азаматтық құқық кафедрасының профессоры А. А.Мұқашева, Тұран университетінің құқық ҒЗИ директоры, профессор Т. К.Акимжанов, Q University ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры С. К.Есетова, ҚАУ жанындағы факультет деканы, қауымдастырылған профессор Г.Б.Телеуев, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Құқық саласындағы білім беру бағдарламасының жетекшісі, қауымдастырылған профессор Д.Бекежанов, «Семей ядролық полигоны» Қорының, «Астана қаласының мүгедектер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Б.Әбдікәрім, Беларусь мемлекеттік университетінің ізденушісі Шестовская С. А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының профессорлық оқытушы құрамы: Б. С. Ашыралиева, Б. М. Жугралина, Г. Т. Айгаринова, А. К. Жангабулова, Р. Ережепқызы, Ж.А. Битабарова, А. А. Есекеева, Д. Б. Тілегенова және т. б. белсене қатысты.
Конференцияны қорытындылай келе, қорытынды сөзбен Г.Қуаналиева конференция жұмысына белсене қатысушылардың барлығына алғысын білдіріп, барлық ұсынылған баяндамалардың тезистерін қамтитын ғылыми еңбектер электрондық жинағы жарияланады.

Роза ЕРЕЖЕПҚЫЗЫ,
әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
кеден, қаржы және экологиялық құқық кафедрасының
аға оқытушысы, философия докторы (PhD)

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.