Home » Жаңалықтар » Күлкі сыйлаған 74 минут

Күлкі сыйлаған 74 минут

  2020 жылдың ақпан айының 1 жұлдызы Нұр-сұлтан қаласында мектеп оқушылары арасында жайдарман ойындарынан  №42 орта мектебінің директоры Серік Сабырбекұлының кубогы ойнатылды. Тартысты додаға елордамыздың 7 оқу ошағынан əртүрлі топтар қатысты. Қатысқан командалар ғана емес төрешілер алқасындағы, Жайдарманның белді ойыншылары «Ару.кз» капитаны Абдильдина Назгул, «Евразият» құрамасының мүшесі Айвар Асланұлы, жайдарман ойындарының жанашыры Сейітжан Ержігіт, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Рысжан Шерниязқызы жəне кəсіподақ төрайымы Нұрсəуле Бірəліқыздарына қарап өз істерінің мамандарымен жасақталғанын көрсеңіз болады. Бүгінгі ойындарда көре отыра біздің оқушыларымыздың əлемдік жылыну, саяси қақтығыстар секілді, одан қалды мемлекетіміздің өмір тынысымен таныс екенін байқауға болады. Қəзіргі жастардың ойлауларындағы еркіндікте таң қалдырды. Олар өздерін əзілге салуға жəне мұғалімдерін əзілдеуден еш қорықпады. 74 минутқа созылған қызыққа толы бағдарламамыздың нəтижесі бойынша бірінші орынды №42 мектеп «Сүйкімді» тобы, екінші орынды №59 мектеп оқушылары «Сауран» тобы алса, үшінші орынды өз кезегінде №15 мектеп оқушыларынан құралған «Демал» командасы жеңіп алды. Жеңімпаздарды редакция атыннан да құттықтағанды жөн көрдім.

Ақмырза ӘЛИМАН
«BILIM AINASY»
Нұр-Сұлтан қаласы

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.