Home » Мақалалар » Бес нəрсеге асық бол!

Бес нəрсеге асық бол!

 Зиятова Сайра Мухановна
Қызылорда облысы
Жаңақорған ауданы
 Аудандық балалармен мәдени –тәрбиелік жұмыстар орталығының «Көркем сөз» үйірмесінің жетекшісі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға ұлы Абайдың «Ғылым таппай мақтанба» өлеңіндегі бес асыл қасиеті туралы кеңінен түсінік бере отырып, адамгершілікке, инабатты болуға тәрбиелеу, адамның бойындағы жақсы қасиеттерді сіңіре білуге дағдыландыру.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың əдісі: түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап
Көрнекілігі: Абай суреті, нақыл сөздері, сөзжұмбақтар
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Жаңа сабақ
Сəлеметсіздер ме,оқушылар!
Бүгін біз ұлы ақын Абай Құнанбаевтың «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңіндегі бес асыл қасиет туралы өтетін боламыз.
Қане, балалар, ең алдымен ұлы ақын Абай Құнанбаевтың қай кезде өмірге келгенін, оның қысқаша өмірбаянын кім айтып береді?
Мұқанқызы Мөлдір: Абай Құнанбаев 1845 жылы 10 тамызда Семей өңірі, Шыңғыстау баурайында, Қасқабұлақ бойында дүниеге келген. 1904жылы жазда дүниеден өткен.
Абайдың қандай өлеңдерін білеміз?
Асылхан Әсем: «Желсіз түнде жарық ай», «Көзімнің қарасы», «Күз», «Жазғытұрым», «Қыс» т.б.
Балалар, енді «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін кім жатқа айтып береді?
нарбай Ақсезім:
«Ғылым таппай мақтанба»

Енді осы асыл қасиеттермен танысып өтейік.

Тірек сызбалар

Бес асыл қасиет: Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.

Талап дегенді қалай түсінеміз?

Адам өмірден өз орнын табуда талапты, қабілетті, еңбекқор, ізденгіш болуы қажет. Адам өзінің ынта-ықыласы, жігері және талмас талабы арқылы көздеген мақсатына жете алады.

Талап туралы қандай мақал-мəтелдер білеміз?

Оқушылар кезек-кезек айтып шығады.

1.Таудай болса талабың,

Барғың болып жанамын.

2.Талап -талмас қанат.

Екінші асыл қасиет-еңбек.

3.Талапты елге нұр жауар,

Талапсыз неме құр қалар.

Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштікке, еңбекқорлыққа және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.

Еңбек туралы мақал -мəтелдерді оқушылар кезек -кезек айтады.

1.Еңбектің наны тəтті,

Жалқаудың жаны тəтті.

Үшінші асыл қасиет-терең ой.

2.Еңбек пен бақыт егіз.

Адам ойлылығын іс-əрекетінен, ақылынан көруге болады. Əр ісін ойлап, ақылмен істеген адам өз мақсатын айқын көріп, мұратына жете алады.

1.Терең ой — асыл қасиет.

2.Бой жетпеген жерге ой жетеді.

3.Ойнай білген баладан, ойлай білген бала артық.

Төртінші асыл қасиет — қанағат.

Төзімділікке үйрену, барға қанағаттану, қиындықтарды жеңе білу, ұқыпты, тиянақты, табанды болу адамның өмірден өз орнын табуына көмектеседі.

1.Екі кісі ығысса, бір кісілік орын бар.

2.Не берсең,соны аларсың,

Не ексең,соны орарсың.

3.Қанағат қарын тойғызар,

Қанағатсыз жалғыз атын сойғызар.

Бесінші асыл қасиет — рақым.

Басқа адамның кемшілігін, қателігін кешіру және өз қатесін түсініп, мойындап кешірім сұрау — адам бойындағы жақсы қасиет.

1.Кешірімділік анадан,

Кішіпейілділік данадан.

2.Ашу дұшпан ,ақыл дос,

Ақылыңа ақыл қос.

3.Кем болса, кең бол.

Иə, балалар, біздер адам бойындағы жақсы, асыл қасиеттермен таныс болдық.

Ал енді балалар ой сергіту сәтіне кезек берейік.

Сөзжұмбақ. «Абай Құнанбаев»

1.Бес асылдың бірі. (Қанағат)

2.Абайдың шын аты. (Ибраһим)

3.Бес дұшпанның бірі. (Мақтаншақ)

4.Абайдың атасы.(Өскенбай)

5.Бес асылдың бірі. (Рақым)

6.Абайдың анасы. (Ұлжан)

7.Бес дұшпанның бірі (Еріншек)

8.Абайдың баласы,əрі шәкірті (Ақылбай)

9.Абайдың поэмасы (Ескендір)

  1. «Қазақтың бас ақыны –Абай» деп айтқан кім? (Байтұрсынов)

11.Абайды ұстаз тұтқан ақын-жазушылардың бірі (Мұқағали)

12.Абайдың екінші əйелі (Əйгерім)

  1. «Абай жолы» романын жазған кім? (Әуезов)

«Абай айтқан асылдар».Нақыл сөздер.

Қорытынды. Ақылдарың көп, талантты, еңбек сүйгіш, ойларың терең, əрқашан барды қанағат тұтатын, рақымды, кешірімді болыңдар!

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.