Байдаулетова Газиза Батырбековна
Алматы облысы Жамбыл ауданы
«Үлкен ауылындағы орта мектебі
МДШО» мен КММ-ның «Айгөлек»
шағын орталығының тәрбиешісі
Монтесорри технологиясын пайдалану арқылы білім мазмұнын жаңарту
Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» мақаласында саяси, әлеуметтік, экономикалық, интеграциялық мәселелерді айта отырып, еліміздің рухани дамуының негізгі факторы — білім екенін атап өтті. Әлем кеңістігінде білімді жоғары қоятын ел ғана жетістікке жетеді-деген болатын. Сондықтан да жаңа кезеңге аяқ басқан еліміздің бет-бейнесі білімі мен инновациялық мүмкіндіктері арқылы өлшенбек.
Білім мазмұнының жаңаруы, жаңа инновациялық технологиялардың дамуы, ғылым мен білімнің интеграциялық сабақтасуы, педагогикалық теорияның қарқынды дамуы, білім үрдісінің әлем кеңістігіне бағытталуы жоғарыда айтылған өзгерістердің негізі болмақ.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев «ХХІ ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық»- деген болатын.
Білім саласында болып жатқан өзгерістер білім беру стандарттарын, оқытудың қызметін, педагогикалық процесті ұйымдастырудың жолдарын жаңаша құруға ықпал етті. Сондықтан да білім саласында қызмет ететін педагогтер өздерінің педагогикалық шеберханаларын үнемі жаңартып, толықтырып отырулары қажет. Тәжірибе жинақтау, әдістеме негіздерін меңгеру, технологияны жетілдіру маңызды мәселелердің біріне айналды.
Сондықтан адам капиталына инвестиция салу – балалар мен жастардың шығармашылық мүмкіндіктерін кеңейту, оларды өз-өздерін табысты жүзеге асыруға тарту және тиімді технологияны пайдалану мектепке дейінгі білім беру ұйымдары стратегиясының негізгі элементі болып табылады. Осы орайда Қасым-Жомарт Кемелұлы үздіксіз білім беру аясында айтқан: «Жас ұрпақ өкілдері шығармашылықпен айналысулары қажет. Қазіргі уақыт балалар үшін соншалықты қауіпті, сондықтан олардың энергиясы мен қызығушылығы дұрыс бағытқа бағытталуы керек»-деген болатын. Президенттің бұл сөзі ойымызды тереңдете түседі. Сондықтан да жас ұрпаққа тәрбие мен білім беру балабақшадан бастау алуы кездейсоқ емес.
Еліміздің білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заман талабына сай келешек ұрпақтың сұранысын қанағаттандыртын тың бағдарлама болды. Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Білім беру парадигмасының ауысуы, оның тұжырымдамалық негіздерін қайта бағалау, білім беру мақсаттарын, міндеттерін, мазмұнын қайта пайымдау жалпы білім беру жүйесінде және оның мектепке дейінгі буынында көптеген өзгерістер болуда.
Мектепке дейінгі білім беру — бұл жалпы мәдени, ұлттық құндылықтар негізінде балалардың үйлесімді дамуы, баланы жалпы орта білім берудің бастауыш сатысына дайындау, қоғамдық өмірге белсенді қатысу үшін қажетті жағдайлар жасау, олардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында құрылатын білім беру ұйымы.
Балабақша — балаларды қоғамда өмір сүруге үйрететін алғашқы әлеуметтік институт болып табылады. Дәл осы жерде баланың қоршаған адамдармен дербес байланысы жүзеге асады, ол қарым-қатынас жасауды және өзара әрекеттесуді үйренеді.
Қазіргі уақытта ғылыми зерттеулер саласында, білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектепке дейінгі ұйымдардың алдында бала тұлғасын жан-жақты дамыту, баланы жоғары сапалы деңгейде тәрбиелеу міндеттерін қояды. Бұл міндеттерді шешу жаңартылған білім мазмұны арқылы жүзеге аспақ.
Жаңартылған білім мазмұны аясында Монтесорри технологиясын қолдану маңызды.
Бүгінгі білім беру жүйесінде өмірлік мәселелерді шеше алатын, оқу-тәрбие процесін жаңа инновациялармен түрлендіретін, практикаға бағытталған мұғалім қажет. Ол кез-келген баламен коммуникацияға түсе алуы қажет. Интеллектуалды рессурстарды нәтижелі қолдану мұғалімдер мен оқушылардың бәсекеге қабілеттілігін көрсететін негізгі фактор екені белгілі. Бұл тенденция әлем елдерінінің дамуымен тығыз байланысты. Себебі, көптеген әлем елдері білім индустриясын трансляциялау мен оны қолдануға негізделген экономикаға көшті. Сондықтан да білімнің дамуына еңбек нарығының сұраныстары әсер етуде. Осындай күрделі процесстер білім кеңістігін өзгертуге өз септігін тигізуде.
Монтессори технологиясының негізгі ұстанымдарының бірі- баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысын ескере отырып, оқыту және тәрбиелеу. Монтессори педагогикасының ерекшелігі баланың мүмкіндігі мен табиғи дамуын әртүрлі аймақтарда орналасқан жаттығулар арқылы жүзеге асыру. Олар: күнделікті өмір жаттығулары, сенсорлық даму, математика, тіл дамыту, жазу және оқуды үйрену, шығармашылық даму, космостық тәрбие беру.
Монтессори технологиясының негізгі қағидасы: «Маған мұны өзім жасауға көмектес». Сабақтар арнайы дайындалған ортада өтеді. Монтессори педагогикасында ойын бөлмесі бірнеше бөліктерге бөлінеді. Жаратылыстану, практикалық, сенсорлық, лингвистикалық және математикалық аймақтар. Бірақ олар сонымен қатар шығармашылық, ойын және спортты қосады. Бала өзі қалаған жерде, тіпті күні бойы оқи алады. Мұғалімнің міндеті – баланың қызығушылығына қарай бейімдеу. Ой, іс-әрекет және сезім еркіндігін беру маңызды.
Монтесорри технологиясы үш негізгі қағиданы басшылыққа алады.
- Баланың интеллектуалды даму аймағын ескеру;
- Табиғи даму факторын есепке алу;
- Баланың еркіндігін қамтамасыз етіп, өмірге бейімдеу.
Баланың табиғи қажеттілігі мен даму үрдісіне сәйкес құрылған әдістеме болып табылады. Монтесорри баланың өміріне қажетті заттар болуы маңызды деп есептейді. Сол арқылы бала қоршаған ортада заттармен таныса бастайды. Монтесорридің «Күнделікті өмір жаттығулары» аймағы баланың танымын, іс-әрекет мотивтерін, қарым-қатынасын дамытады. Қоршаған ортадағы заттарды пайдалану арқылы іс-әрекет жасауға, еңбек етуге дағдыланады.
«Сенсорлық даму» аймағында бала қоршаған ортаны тануда өзінің сезімдерін қолдана білуге үйренеді. Сезім мүшелері арқылы бала қоршаған ортадағы құбылыстарды сезінуге, естуге, сипауға, көруге, ұстауға машықтанады. Сезім мүшелерін дамытатын материалдар ұсынады.Бұл материалдар арқылы заттың пішінін, түсін, көлемін, өлшемін, дыбысын ажыратады.
«Математикалық бейнелер» аймағында математикалық фигуралармен танысады. Математикалық, логикалық дағдысы қалыптасады. Бұл аймақта бала санауды, қосу мен азайтуды, көбейту мен бөлу амалдарын, түбірге алу, магыналы сандармен жұмыс істеуді игереді. Ойлау қабілетінің дамуына көп септігін тигізеді. Бала ең алғашқыда көптеген заттармен жұмыс жасау арқылы өз білімін жетілдіреді. Ол математикалық ұғымдарды, онға дейін санау жүйесін тез игереді. Математикалық материалды пайдалану жүйесін білген соң, түрлі қиын тапсырмаларды қиындықсыз орындайды. «Тіл дамыту» аймағында баланың тілін дамытуға мүмкіндіктер жасалады. Бұл ортада психологиялық жайлылық, таңдау еріктілігі және педагогтің сабырлы адамгершілігі құрылады.
Бұл жүйені ұзақ жылдар бойы пайдаланып келе жатқан АҚШ, Жапония, Қытай, Сингапур, Германия т.б. мемлекеттерде интеллектуалды дамыған адамдардың көптігі осыған байланысты екеніне біртіндеп көз жеткізіп келеміз.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі білім берудің жаңартылған мазмұны Мария Монтессоридің педагогикалық жүйесінің негізгі қағидаларымен сәйкес келеді:
- баланың балалық шақтың барлық кезеңдерін басынан өткізуі;
- білім беруді әр баланың жеке қабілеттерін ескере отырып құру, бұл жерде бала өз білімінің мазмұнын таңдауда белсенді болады;
- балалар мен ересек адамдардың әрекеттестігі мен ынтымақтастығы;
- түрлі әрекеттерде балалардың бастамасын қолдау;
- мектепке дейінгі білім беру ұйымдардың отбасымен ынтымақтастығы.
Балабақшада педагогикалық процесті ұйымдастыруда ұлттық құндылықтар және баланың тұлғалық құзыреттілігін дамыту мәселесі негізге алынады және Монтесорри технологиясы арқылы баланың шығармашылығы дамиды. «Денсаулық», «Коммуникация», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» атты білім беру бағыттарында инновациялық технологиялар мен ұлттық тәрбие үлгілері кіріктіріліп, заманауи талаптарға сай пайдаланылады. Мысалы, «Шығармашылық» білім беру бағыты бойынша балалардың шығармашылық әрекетін ұйымдастыру барысында Монтесорри әдісін қолдануға болады.
Баланың тілін дамытуда бұл әдістеменің маңызы ерекше. Баланың қоршаған ортаны тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері айқын көрінеді. Қорыта айтқанда мектепке дейінгі кезеңде білім берудің мазмұнын жаңарту – бұл ең алдымен «құзыретті тұлға» ұғымының басты мағынасын ашу, білім беру үдерістерін дұрыс талдау, білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік беретін жаңа инновациялық технологияларды қолдана білу.
Пайдаланған әдебиеттер
- Назарбаев Н.Ә. Ұлт жоспары «100 нақты қадам» бағдарламасы. — Нұр-Сұлтан, 2016 //www.akorda.kz/
- Назарбаев Н.Ә. «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауы. -Нұр-Сұлтан, 2018 //www.akorda.kz/
- Мектеп жасына дейіңгі балалардың біліктері мен дағдыларының дамуына моноторинг жүргізудің Әдістемелік ұсынымдары. -Нұр-Сұлтан, 2018.
- Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған мазмұнын іске асырудың негізгі бағыттары. http://oqu-zaman.kz/
- Монтесорри технологиясын қолдану https://theslide.ru/detskie-prezentatsii