Ұлттық құндылықтарды дәріптеушілер
Алматы қаласында «Этнодизайн үйірмесінің заманауи талаптарға сай инновациялық үдерістерін ұйымдастыру» атты қалалық семинар өтті.
Семинарды Нурызбай ауданы білім бөлімі мен «Қазақстан Этнодизайнерлер одағы» бірлесіп ұйыдастырып отыр.
Іс-шара Алматы қаласы Нурызбай ауданында орналасқан
«Оқушыдардың инновациялық шығармашылық орталығында» болды.
Алматы қаласының сегіз ауданынан келген қонақтар жаңарған өнер түрлерімен танысып, ризашылықтарын Наурызбай ауданының білім бөлімінің басшысы Салтанат Амангелдіқызы мен «Қазақстан Этнодизайнерлер одағының» жетекшісі Салтанат Аминқызына жақсы тілектерін жеткізді. Және де осы іс-шарадан тәжірибе жинақтап, ойларына жаңа идеялар мен жақсы ойлар келгенін де жасырған жоқ.
Соңында Жұбаныш Жексенұлы қол өнер шеберлеріне «Кешегі мен ертеңнің жалғаушысы, ұлттық мұраның дәріптеушісі сіздер боласыздар. Сондықтан осы өнермен айналысқандарыңызға «ӨКІНБЕ СЕН» деп әнін шырқап берді.
«BILIM AINASY»
Алматы қаласынан
Қуантай Амантайұлы