Home » Мақалалар » Математика  сабағында  оқушылардың  ойлау қабілеттерін  дамыту

Математика  сабағында  оқушылардың  ойлау қабілеттерін  дамыту

Усенбек   Мөлдір   Асетқызы
Шымкент   қаласы
Өзбекәлі   Жәнібеков   атындағы  №19  мектеп
математика   пәні   мұғалімі

Математика  сабағында  оқушылардың  ойлау қабілеттерін  дамыту

 Білім  стандартының жасалынуы, мектептерді жаппай компьютерлендіру, білім мазмұнын байыту жұмыстары сол өзгерістердің куәсі.
«Сабақ беру жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» деп Ж.Аймауытов айтқандай бүгінгі оқыту жүйесінде әртүрлі жаңа технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде. Бұлар оқушының жеке қасиетін аша отырып, азамат етіп тәрбиелеумен қатар оқушының танымдық күшін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасайды.
Тек оларды тиімді, жүйелі түрде қолдану керек, бұл әрине мұғалімнің тәжірибесіне, шеберлігіне, ізденімпаздық пен  шығармашылығына  байланысты әрі қилы жүзеге асырылуы мүмкін.
Менің матаматиканы оқытудағы, білім берудегі алға қойған негізгі мақсатым оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту мен ғылыми- зерттеу қызметтерін ұйымдастыру. Жаңа инновациялық технологиялар мен оқыту әдістерін әсіресе білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында сабақта қолданудың тиімділігін қашан да жолға қоярымыз анық. Қазіргі кезде білім беру үрдісінде көптеген технологиялар қолданылады. Соның бірін «Жобалау оқыту» техногиясын мен басшылыққа алдым. Бұл бағдарламаның мені қызықтыратыны  оқушының жаңалықты өзі ізденіп, дәлелдеуі. Ол бұрын сабақта тек қана тыңдаушы ролінде болса, енді ізденуші, ойлаушы, өз ойын дәлелдеуші іс – әрекетін жасайды, ал мұғалім осы әрекетке бағыттаушы, ұйымдастырушы, кеңес беруші.
«Естігенімді – ұмытамын, көргенімді – есте сақтаймын, өз істегенімді – меңгеремін», — деп Конфуций атқандай, жоба  мұғаліммен ұйымдастырылған және оқушымен өз бетінше проблема шешудегі жүзеге асырылған іс-әрекеттер жүйесі. Бұл технологиялық оқудағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеттері түбегейлі өзгереді.  Жобалау технологиясын қолданудағы негізгі алдыға қояр мақсатым – оқушылардың қызығушылық ынтасын дамыту, өз бетімен жұмыстарын жүргізу арқылы білімдерін жетілдіру, ақпараттық бағдарлау біліктілігін қалыптастыру және ойлау қабілетін арттыру арқылы әр түрлі қоғамдық ортада өзін-өзі көрсете білуге бейімдеу. Егер оқушы жоба тақырыбын дұрыс таңдай отырып, жоспарлай білсе, оны дұрыс орындай алса – ол болашаққа дұрыс бейімделген тұлға болып қалыптасады деп ойлаймын. Әртүрлі жағдаяттарда дұрыс шешім қабылдай отырып, әртүрлі адамдармен тіл табыса отырып, әр ортада дұрыс бағыт-бағдар бере алады. Жобаның тиімділігі – көзбен көріп, құлақпен естіп, есте сақтай отырып оқушыны ізденіске, іскерлік пен танымдық ынтаға, шығармашылық қабілетті жетілдіру арқылы түрлі мәселелерді шеше білуге, тапқырлыққа, жаңа ғылыми ізденіске жетелеуде. Жобалау технологиясының негізінде – оқушылардың жұппен немесе топпен бірігіп дайындайтын шығармашылық жұмыстар жатыр. Технологиядағы жобаның бірнеше түрлері бар, атап айтсам, ғылыми жоба, шығармашылық жоба, ойын түріндегі жоба,  т.б.. Мерзіміне қарай қысқа және мерзімді жоба болып бөлінеді.
Оқушылардың зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоба жұмысын жасауға мақсатты әрі жүйелі түрде бағыттау керек екені – бүгінгі күн талабы. Сондықтан да жобалау технологиясының тиімділігі күннен күнге артуда. Өз іс-тәжірибемде математикадан сабақ беру үрдісінде өзіндік жұмыстар көмегімен төмендегі талаптарды жүзеге асыруды мақсат тұтамын: оқушылардың теориялық сауаттылығын арттыру, матетамтикалық терминдерді қолданып, математикалық тілмен сөйлеу дағдыларын қалыптастыру;

оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге үйрету;
оқушыларды жекелей, жұппен, топпен жұмыстар жүргізуге баулу;
оқушылардың шығармашылық, ізденімпаздық қабілеттерін дамыту
Математика пәнін оқытуда оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту үшін мынадай  жұмыстарды үнемі жүргіземін:
жаңа тақырыптар өткен кезде оқушылар өз ойлары бойынша түрлі тақырыптарға ребустар, аннаграмалар, сөзжұмбақтар салуды орындатамын;
PowerPoint бағдарламасын пайдаланып тақырыпты қорытындылау сабақтарында әр оқушыға өзін қызықтыратын мәселелер бойынша презентациялар көрмесін ұйымдастыруды алдын ала жоспарлаймын Сыныпта оқушылар бір бағдарламамен және бір оқулықпен оқығанмен, олардың материалдарды игеру деңгейі әртүрлі болады.  Осы жағдайды ескере отырып, оқушылардың қабілеті мен бейімділігін дамытуда білім дәрежесіне қарап деңгейлік тапсырмалар бойынша оқытудың маңызы зор. Мысалы, 7 сыныпта «Қысқаша көбейту формуласы» тақырыбын өту кезінде өтілген материалдарды бекіту мақсатында төмендегідей деңгейлік тапсырмаларды орындауды ұсынамын:

1 тапсырма — қысқаша көбейту формулаларын аяқтаңыз;
2 тапсырама- өрнектерді көбейткіштерге жіктеңіз;
3 тапсырма — өрнектерді ықшамдап, теңдеуді шешіңіз.

Әр бір тапсырмаға дискрептор мен бағалау жүйесін ұсынамын.
Бұл шығармашылық элементі бар тапсырма.  Оқушылар өз мүмкіндіктеріне қарай оларды орындап, соған сәйкес бағаланады. Жоғарғы баға үш жұмысты да тиянақты да сапалы  орындаған оқушыларға қойылады.  Себебі олардың өз ісінің алгоритімін дұрыс та оңтайлы құра білу және алған білімін жаңа жағдайға ыңғайлап қолдана білу талап етіледі. Оқушылардың «Қысқаша көбейту формуласы» тарауымен жұмыс істеу дағдылары қалыптастыру дәрежесіне байланысты оларға берілетін деңгейлік тапсырмаларда күрделене түседі. Жаңа білім дағдыларын қолдануға арналған деңгейлік тапсырмаларды орындау.

1 деңгей. Қысқаша көбейту формулаларын дәлелдеу;

2 – деңгей. Қысқаша көбейту формулаларын практикада (есеп шығаруда) қолдану жолдарын түсіндіру;

3 – деңгей. «Қысқаша көбейту формулалары» тарауына презентация дайындау, қорғау

Шығармашылық жұмыс: «Қысқаша көбейту формулалары» тарауын қорытып, схема, презентация дайындау.  Өз бетімен жұмыс істеу оқушылардың біліміне ғана әсер етпей, мінез — құлқына да тигізер әсері мол. Ол оқушыларды тиянақтылыққа, бастаған ісіне жемісті аяқтауға үйретеді, төзімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелейді. Оқушының өзіне тапсырылған іске деген жауапкершілікті сезінуі оның шығармашылық іздемпаздылығын дамытуға ықпал етеді. Сабақта әрбір жұмыстың жеңіл – ауырлығына қарай ұпай белгіленіп, сынып оқушыларының түгел жұмыс жасауы талап етіледі.  Математика пән сабақтарында оқушылардың алған теориялық білімдерін өмірлік мақсаттарға қолдана білуге дағдыландыру қажет. Осы мақсатты көздей отырып оқушыларға берілетін тапсырмалар оқушылардың жеке қабілеттері мен қызығушылығын ескере отырып таңдалғаны жөн. Жобалау технологиясын негізінен тарауды қорытындылау сабақтарында шығармашылық жұмыстарға оқушылардың барлығын қамту мақсатында қолдануға болады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.