Қазіргі уақытта бүкіл әлем бойынша аутизмге шалдыққан балалар саны көбеюде. Қазақстанда да белең алып барады. Дүние жүзі бойынша 2050 жылға қарай әр-бір екінші бала психологиялық аурумен тууы мүмкін деген болжам бар.
Өмірге перзентін әкелгеннен бастап, барлық ата-ана дені сау ұрпақ болғанын қалайды. Әрине, дені сау ұрпақтың болғаны жақсы… алайда мамандардың зерттеу барысында соңғы бес жылда ерекше балалар көбейіп кетті. Қазіргі кезде кез-келген отбасында аутистік спектрі бар бала болуы мүмкін. Оған көптеген себептер бар: экология, қазіргі азық-түліктің сапасы, технологияның дамуы, ата-ананың психо-эмоционалды әлеуметтік жағдайы т.б әсер етеді.
Статистика бойынша нақты есеп жоқ, себебі дәрігерлік диагностикалық тексеруден өтпегендері де көп.
Ата-аналардың 50%-ы баласы бір жасқа толған кезде байқайды. Қалған ата-аналардың 50%-ы байқағанымен, көптеген жағдайларда ерте жас кезіндегі баланың психикалық ауытқылығын еркелікпен шатастырып жатады.
Аутистік спектр – балада психикалық дамуының тежелісі.Ерекше балалар сырт көзге ерке немесе әдепсіз көрінуі мүмкін.
Ендігі кезекте,сол ерекше балаларды балабақша жасында дер кезінде қалай анықтаймыз?
Балабақшаға бейімделу кезінде, баланың психо-эмоционалды жағдайына назар аударуымыз қажет. Балаға ыңғайлы жағдай жасай отырып, баланы бақылау қажет. Баланың ерекшелігі қарым –қатынас орнатуда үлкен қиындықтар болады, көзге қарасада ұзақ қарамауы;сұраққа жауап бермеуі, ойыншықтармен ойнамауы; тамақты қатты талғауы; атын айтқанда елемеуі.т.б белгілері де болуы мүмкін.Осындай белгілерді байқаған сәттен бастап, түзету жұмыстарын ерте бастаған дұрыс.Көптеген ата-аналар түзету жұмыстарын кеш бастағандықтан, нәтижеге жету көп уақытты қажет етуі мүмкін. Біздің Қазақстанда ерте диагностика дамымаған.Аутизм жайлы түсіндіру жұмыстары дәрігерлер тарапынан өткізілмейді.
Ата-аналарға,немесе осы белгілерді кез-келген баладан байқаған болсаңыз,сол баланың ата анасымен міндетті түрде ескертіп айтқаныңыз жөн.
Балаға ең қажеті түзету –дамыту жұмыстары, жекелеме мамандар: логопед, дефектолог, ава-терапист,лфк,эрго-терапист,психолог мамандарымен ерекше балалармен ұдайы үздіксіз жүруі қажет. Коррекциялық түзету-дамыту сабақтарының нәтижесінде, балалардың ауытқушылығының алдын алады және ата-аналарға ары қарай дамуына мүмкіндік туғызатыны жөнінде кеңестер беру қажет.
Мұндай балаларды тәрбиелеу ең бастысы ата-анаға өте қиын болып көрінеді, бірақ,әрқашан қиындықпен өмір сүру дегенді білдірмейді.
Қазір қиын болып көрінгенмен,ертең сізге үйреншікті болып кетуі мүмкін.
Ата-аналардың жұмсалған күн-жігерлерінің нетижесін көруге жеткізсін деп тілеймін.
Пернебаева Гаухар Болатовна
Астана қаласы
№56 “Береке” балабақшасы
“Ақбота” тобының тәрбиешісі
Жұмысыңыздың жемісін көріңіз!
Балапандарымыздың дені сау болсын!!!
Алла ісіңізге береке берсін. Өз жұмысының үздік маманы! Балаларымыздың дені сау болсын.
Жұмысыңыз алға баса берсін!
Өте жақсы мағлұмат болды