Home » Сценарийлер » Ақшақармен бірге өткізілетін жаңа жылдық карнавал «Шырша жанындағы ғажайыптар»

Ақшақармен бірге өткізілетін жаңа жылдық карнавал «Шырша жанындағы ғажайыптар»

Ибрагимова Айжан Шакировна
№56 «Береке» балабақшасы
Астана қаласы

 

Карнавал өткізілетін күні топтағы балалрға Ақшақадан хат келеді. Тәрбиеші телеграмды балалрға оқып, оларды Ақшақар күтетінін айтады. Балалар жиналып, карнавалдық костюмдерін киіп залға келеді.

Залда мереке әуені ойнап тұр. Ортада шырша, жанында Ақшақар шыршаны безендіріп жүр. Слайдта  үлкен сағат уақтының 12 ге 15 минут қалғанын көрсетіп тұр.

Балалар көңілді әуенмен залға кіреді. Ақшақар оларды күтіп алады.

Ақ: Сәлеметсіңдер ме, қымбатты қонақтар! Мен сендерді өз мерекемде көргеніме қуаныштымын. Кешікпей жаңа жал келеді. Бүгін біз сол үшін осы жерге жиналып, жаңа жылды көңілді әнмен бимен қарсы аламыз ең бастысы бұл жерге Аяз атамыз келеді. Ал маған барлық қыздарға және ұлдарға сыйлыұ әкелетінін айтты. Мүмкін оның сыйлықтары көп болғандықтан кешігіп жатқан болу керек

 

Тәрбиеші: балалар, бізге жаңа жыр тура он екіде келеді. (балалардың назары сағатқа аударылады) Қараныздаршы, біздің әлі уақытымыз бар. Ендеше карнавалды көңілді әнмен бастайық. Аяз ата бізді есітіп мерекеге ертерек келетін шығар.

 

Ән «күн түзбесін парақтап»

 

Ақ: балалар, мен сендердің карнавалдарыңа жер шарының барлық қонақтарын шақырдым (жер шарын көрсетіп, айналдырады) біздің жер шарында көптеген елдер мен континеттер бар. Қазір жер шарын айналдырамын, бізге қонақ келеді. Қарандаршы

1 көрініс – Солтүстік

Боранның әуені ойналып, залға Қар феясы – Эльза кіреді.

Э : Сәлеметсіндер ме? Мен мерекеге шақырумен келдім. Мереке осы жерде өтіде ме?

 

Ақ: -Ия, сіз дәл тауы келдіңіз.

Э.: — мен – солтүстік полюстің қожайыны – Эльзамын. Менің өлкемде мәңгілік суық орналған.

Ақ.: — Қымбатты Эльза, біздің балалар солтүстік полюсті жақсы біледі. Бірақ бір ретте онда болып көрген жоқпыз. (жол үстінде мүздақ іздері.)

 

Балалар кейіпкермен бірге ізді басып жүріп, шыршаны айналып «солтүстікке» тап болады.

Э.:- Менің олкемде қар өте көп. Ойнағыларын келе ме?

«Қар» ойыны

 

Ақ.: — Рахмет саған, Эльза бізге сенің өлкен қатты ұнады. Бірақ бізді Аяз ата күтіп қалған шығар. Қайтуымыз керек.

Э.. – ия, Аяз ата өңірмен жүгіріп өтті.

Ақ.: — онда бізге қайту керек (Балалар Эльзамен қоштасып, музыка әуенімен шыршаны айналады залдың оңтүстік өңіріне келеді.)

2 көрініс – «Оңтүстік»

Балалар Африка барабанының дауыс ырғагымен, пальманы айнала дәстүрлі билерін билейді. Бидің соңында пальма ағашына әшекейлі моншақтарын іледі.

1 Папаус – Біз папаустар ыстық Африка елінің тұрғындарымыз.  Біз жаңа жылды қарсы алуға дайындалып, сүйікті пальмамызды безендірудеміз.

Ақ.: — Қымбатты папаус, біз сіздерге безендіруге көмектесейік.

Ойын : «Пальманы Безендіру»

Ақ.: — Ал, бізде жаңа жылдашыршыны безендіреді. Біз сіздерге әдемі ән шырқап берейік.

«Шырша жыры»

Ақ.: -Аяз Ата да әлі келген жоқ, мен ыстықтайын дедім.

П.:Мүмкін біз Аяз атаны табуға көмектесерміз

Балалар папауспен бирге музыка әуенімен папаустың қимылын қайталап отырып, шыршаны айнала отырып батыс бөлікке келеді

3 көрініс «Батыс»

 

Музыка әуенімен ойналып залға Микки маус және Бэтмен кіреді

Микки: Сәлеметсіздер ме, Балалар! Біз мерекеге асығып келдік.

Бэтмен: Біз сіздермен ән айтып, би билеп жаңа жалды қарсы алғымыз келеді.

Ақ: Сәлеметсіздер ме! Біз сіздерді кқргенімізге қуаныштымыз. Балалар сіздерді өте жақсы көреді. Сіздермен би билеуге дайын.

Жаңа жылдық көңілді би (супергерои)

 Тәрбиеші: Сіздер біздің Аяз атаны көрген жоқсыздарма?

Микки: Аяз атаны асығып «Береке» балабақшасына бара жатқанын көдік.

 

Сағаттың соғылған үні естілді.

Ақ: Кешікпей жаңа жал келеді. Бізге асығу қажет.

Бэтмен: Мен сіздерге көмектесемін менде үлкен сыйқырлы плащ бар. Онымен біз тез балабақшаға жетеміз.

Балалар бэтменнің плащінінің артына тұрады, свет сөнеді, свет қосылғанда Аяз ата орындықта отырады

Ақ: Сәлеметсіз бе Ата! Ата біз сізді ұзақ іздедік

Тәрбиеші: Сәлеметсізбе! Аяз ата біздің бүлдіршіндер сізді қатты сағынды, сізбен ойын ойнағысы келіп тұр.

Ән  Аяз Атамен (ойын түрінде)

Аяз ата: Тамаша! Қандай алғыр балаларсындар! Тағы қандай өнерлерің бар?

Ән «Snowflakes» 

Аяз ата уйықтап қалады. Ақшақар атаны оятады

Ақ: Аяз ата ештеңе ұмытқан жоқсыз ба? Балалардың сыйлықтары қайда?

Аяз ата: Кәрі басым ай, сендерге асығып жүріп сыйлықтарды қайда ұмытып кеткенімді білмеймін.

Тәрбиеші: Аяз ата, Сіз асықпай біздің балалрдың өнерлерін тамашалап отырыңыз, мүмкін есіңізге түсіп қалар

Би «Санта»

Аяз ата: Таптым, таптым маған Санта досым көмектеседі. Қәзір мен оған қоңырау соғайын

Идут гудки ………

-Алло Санта досым Сәлем,  сенің маған көмегін қажет, мен балалрдың сыйлықтарын солтүстік полюста ұмытып кеттім. Сыйлықтарды маған жеткізіп бересіңбе?

  — Hello my dear friend, ok I help you. I`m comе

                                                  

                                                      Жалпы би

 

 

 

 

5 комментариев

  1. Айгерім

    Біздің Айжан апай өз мамаманының шебері😘әр балаға жеке тіл табады . Өте мықты ұстаз . Жұмысыңыздын жемісін көріңіз 💐

  2. Біліміңіз бен талабыңыз өркендей берсін Айжан апай. Сіз керемет ұстазсыз.

  3. @asel60585@gmail.com

  4. Жұмысың алға баса берсін!

  5. Керемет Айжан жұмысыңның жемісін көр

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.