Home » Мақалалар » Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы белсенді және интерактивті әдістерді қолдану

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы белсенді және интерактивті әдістерді қолдану

Жаксибаева Перизат Абилпаттаевна
Маңғыстау облысы Қарақия ауданы
№10 жалпы білім беретін мектептің
ағылшын тілі пәні мұғалімі

Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастыруда ұсақ моториканы дамытудың маңыздылығы неде? Себебі, адамның бас миында саусақ қимылына және сөйлеуге жауап беретін орталықтар өте жақын орналасқан. Ал, ұсақ моторикаға әсер ету арқылы  және оны белсендіре жұмыс жасата отырып, мидағы көрші орналасқан сөйлеуге жауап беретін орталықты да дамыта аламыз.

Педагогтер мен балалар психологының мақсаты — ата–аналарға ұсақ моториканы дамыту ойындарының маңыздылығын ұғындыру. Баланы қызықтыруда және жаңа хабарларды игеруіне көмектесуде үйретуді ойынмен алмастыру, алға қойған мақсатына жетуін, тапсырманы орындауда қиындыққа кездессе мойымауына үйрете отырып, аз мөлшердегі жетістіктерін де бағалап, мадақтап қоюды да ұмытпауы керек. Ұсақ моториканың қимылдары мен қолдың икемдігі бас миының құрылымының даму деңгейін көрсетеді. Осыдан келіп қол қимылдарын басқара білу туады. Сондықтан ешқашан да баланы мәжбүрлеуге болмайды.

Қазіргі кезде баулы ойыншықтардың көбейгенін немен түсіндіруге болады. Бұрын ата-аналарда мұндай ойыншықтар болған жоқ қой, сонда олар осындай қалыпты деңгейге қалай жетті? Бір түсінбейтін нәрсе, осының бәрі не үшін керек?    Бүгінгі күнде балаларында жалпы моторлық артта қалушық байқалады, өйткені балабақшадағы балалардың ешбірінде баулы аяқ киім кездеспейді. Бау байлауды үйрету ата-анаға да, тәрбиешіге де қиындық туғызатын болса керек. Осыдан 20 жыл бұрын ата-аналарға, олармен қоса олардың балаларына  көп нәрсені қолмен жасауға тура келді: кір жуу, тоқу, тігу т.б. Ал қазіргі кезде осының бәрін жасайтын машина.

Жалпы моториканың дамуының аздығын, соның ішінде қол қимылының аздық себебін зерттей келе қазіргі заманғы барлық баланың жазуға дайын еместігі немесе тілінің дамуында бір ақау бар екендігі анықталды. Осыдан келе мынадай қорытынды шығаруға болады: егер тілінің дамуында ақау болса, онда бұл ұсақ моториканың мәселесі.

Пассивті  жаттығу – ұсақ моториканы  дамытудың алғашқы сатысы және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы белсенді әдістің бірі. Саусақ жаттығуларын ең төменгі деңгейден бастаған дұрыс. Содан кейін ғана активті саусақ жаттығуларына көшу ұсынылады.

Finger Family Collection — 7 Finger Family Songs —  ойыны арқылы ағылшын тілі пәні мұғалімі  ретінде ұсынамын. Адамның  он екі мүшесінің тіршілікте атқарар міндеті зор. Соның ішінде екі қолға бес-бестен біткен он саусақты күнделікті қажетті жұмыстарды атқаруға пайдаланатынымыз белгілі. Сонымен қатар ертеден бізге жеткен «Қуырмаш» ойынынан саусақ атауларын бала тәрбиелеуге, оның тілін жетілдіруге, ойын ұштауға әдемі пайдаланғанын білеміз.  Ал, ағылшын тілін меңгеруде Finger Family Songs —  маңызы зор. Көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын бұл ойын балаға саусақтардың атын, түстерді жаттауда, жануарлардың, жемістердің атын жаттауда және адамның өміріндегі отбасының рөлін көрсете үйретері мол, отбасы мүшелерінің ағылшынша атауын да үйретеді. Отбасының тату-тәтті болатынын уағыздайды. Finger Family Songs —  видеоларын көрсетуге — ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы белсенді және интерактивті әдістерді пайдалану болып табылады десек қателеспейміз.

Саусақ ойыны — бұл ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан, әрі үлкен мәні бар мәдени шығармашылық. Саусақ ойыны – саусақтардың көмегімен қандай да болмасын ертегіні немесе өлең-тақпақ шумағын сахналау болып табылады. Саусақ ойыны арқылы баланың сөйлеуге деген талпынысы, қабілеті дамып, ынтасы артады және шығармашылық әрекетіне жол ашады. Саусақ ойынын ойнай отырып, балалар қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды, жан-жануарларды, құстарды және ағаштарды бейнелей алады. Саусақтарының қозғалыс-қимылына қарап бала қуанады, шаттанады, сөзді айтуға тырысады және өлеңдегі үйренген сөз шумақтарын қайталап айта отырып, есінде сақтайтын болады. Сонымен қатар балалар екі қолын қимылдата отырып, оң, сол, жоғары, төмен т.б. түсініктерді бағдарлай алуды үйренеді. Сөйлеу тілі мүшелері әрекетінің қозғалуларының дамуы қол саусақтарының нәзік қимылдарының дамуымен тығыз байланыста болғандықтан, бала қолының ептілігін толық жетілдіруге негізделген және ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқытуды ұйымдастырудағы белсенді және интерактивті әдістерді қолданудың бір мысалы бола алады.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.