Home » Мақалалар » Көңілді пішіндер

Көңілді пішіндер

Сайтбекова Гулжайна Еркинбековна
Нұр- Сұлтан қаласы
«№1 Арнайы мектеп — интернаты» КММ
тәрбиеші

Тақырыбы: «Көңілді пішіндер»
Мақсаты: Балалардың пішіндер, олардың түстері туралы түсініктерін бекіту.
Міндеті:
1.Білімділік: Дидактикалық ойындар арқылы геометриялық пішіндерді бір-бірінен ажырату, ой-қиялын, есте сақтау, шығармашылық қабілеттерін жетілдіру, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
2.Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру, байқампаздығын дамыту.
3.Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұжыммен жұмыс істеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: түрлі –түсті пішіндер, плакаттар, магнитті тақта, таратпа материялдар, слайд.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын, құрастыру.
І.Ұйымдастыру кезеңі:
І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Сұрақ-жауап
2.Дидактикалық ойын
3.Дидактикалық ойын
4Тапсырма
5.Дидактикалық ойын
6.Дидактикалық ойын
ІІІ.Қорытынды
Сабақ барысы:
Тәрбиеші:Қане, балалар, шаттық шеңберіне тұрамыз.
Қолды көкке созайық,
Азайтайық қосайық.
Пішіндердің қызығын,
Қане бірге ашайық !
Сәлеметсіздерме қонақтар!
-Ал балалар, сендердің бүгінгі күндеріңе сәттілік тілеймін. Балалар орындарынан тұрып , өлең жолдарын қайталай отырып, қонақтармен сәлемдеседі.
Тәрбиеші:
-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады?
-Қыс мезгілі неше айдан тұрады?
-Ал бір аптада неше күн бар?
-Бүгін аптаның нешінші күні?
Өте жақсы балалар.
Тәрбиеші балалар бүгін біздің оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы «Көңілді пішіндер»
Балалар,  слайдқа назар аударайық,
-Мынау тіктөрт бұрыш- себебі оның төрт бұрышы бар екен, ал түсі сары.
Келесі шаршы –шаршының да төрт бұрышы бар, бірақ оның қабырғалары тең , бірдей болады, түсі күлгін.
Ал мынау үшбұрыш деп аталады- себебі оның үшбұрышы бар, түсі көк.
Келесі шеңбер- шеңбердің бұрышы болмайды, түсі жасыл.
Ғажайып сәт: (Қалқан құлақ музыкасы ойналады) балалар кім келе жатқанын анықтауға тырысады.Есіктен жүгіріп, алынып-шалынып Қалқан құлақ кіріп келеді.
Балалар бұл кім екен? –Қалқан құлақ дұрыс айтасыңдар.
Сәлем достар! Сәлеметсіздерме
Тәрбиеші: Сәлеметсізбе! Келіңіз, төрлетіңіз
Қалқан құлақ: балалар, мен әжемнің орамалын байқаусызда көп жерін жыртып алдым, енді не істерімді білмеймін.
Тәрбиеші: Қалқан құлақ сен саспа, қазір сен аптығыңды басып, балалармен бірге пішіндер туралы үйреніп ал, себебі балалар сол пішіндер арқылы сізге көмектесе алады.
Қалқан құлақ: мен пішіндер әлемәне келдім бе? Балалар мен сендермен бірге көп нәрсе үйреніп алатын болдым ғой.
Тәрбиеші: кел Қалқан құлақ бізбен бірге ойнап, бір серігіп ал.
Қалқан құлақ әрине ойнаймын.
1.Дидактикалық ойын: «Қандай пішін жетіспейді?» Ойын шарты: берілген пішіндерді мұқият қарап алған соң балалар көздерін жұмып, жүргізуші бір пішінді жасырады. Сәлден соң балалар көзңн ашып қай пішін жетіспейтінін анықтауы қажет.
2.Дидактикалық ойын : «Артығын тап» Ойын шарты: балалар бірдей пішіндердің ішінен бір артық пішінді табуы қажет
3.Тапсырма: «Бірдей пішіндерді тап» Топпен жұмыс. Тапсырманың шарты: парақтағы берілген түстері ұқсас пішіндерді , сол пішіннің түсімен түстес таяқшалармен жапсыру арқылы қосу.
Тәрбиеші: қане Қалқан құлақ сен де осы тапсырмада балаларға көмектесіп, өзіңді сынап көр.
Тәрбиеші шаршадыңдарма балалар, шаршасаңдар бір серігіп алайық
Сергіту сәті:
Бойыңды сергек тік ұста,
Емін еркін тыныста.
Деміңді ішке тез алда,
Сол қолыңды соз алға.
Қол ұшына қара да,
Үшбұрыш сыз ауада.
Оң қол да бос тұрмасын,
Шеңбер сызып зырласын.
4.Дидактикалық ойын: «Зейінді бол» Ойын шарты: музыка ойналады, балалар аталған пішінді биін тоқтата сала табады.
Қалқан құлақ: Балалар сендермен бірге көңілім көтеріліп қалды. Бірақ менің әжемнің орамалы әлі жыртық, маған бір ой келді, соны сендер қажетті пішіндермен жамап бере аласыңдар ма?
-Балалар әрине сізге көмектесеміз.
5.Дидактикалық ойын: «Орамалды жамау» Ойын шарты: орамалдың жыртығына сай пішіндерді орналастырып жамайды, бүтіндейді.
Балалар Қалқан құлақтың орамалын бүтіндеп берді.
Қалқан құлақ: көп рахмет сендерге балалар, мен енді орамалды анама алып барайын, сендермен бірге пішіндер туралы көп білім алдым, сау болыңдар балалар.
Балалар: сау болыңыз Қалқан құлақ.
Қорытынды: Балалар біз бүгін қандай пішіндермен таныстық, атап беріңдерші? Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді? Ал балалар осы пішіндерді біз ауада салайықшы, балалар Тәрбиешімен бірге ауаға пішіндер сызады. Балалар бүгінгі іс-шара сендерге ұнады ма? Егер ұнаса бас бармақтарыңды жоғары көтеріңдер, ал ұнамаса төмен қаратыңдар. Балаларды мақтау, мадақтау. Белсенділік танытқаны үшін балаларға смайлктер сыйлау.

Сіз не дейсіз оқырман?

Е-мэйлыңыз жарияланбайды.